Африканың жер бедері мен геоморфологиясы

Африканың жер бедері мен геоморфологиясы туралы қазақша реферат

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.

Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евра­зияға қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефін­де биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көте­ріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.