Африканың климаты

Африканың климаты туралы қазақша реферат

Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шар­ларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулер­дің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.

Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үл­кен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналас­қан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада эква­тордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.

Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бү­кіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе сол­түстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (аз­ғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналды­рады. Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евра­зияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын кө­рінеді.

Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан келетін пассаттары салыс­тырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады. Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропик­тік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай туғызады.

Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с.с. және 20˚о.е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-­шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады .

Январьда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның сол­түстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйісе­ді. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктер­дің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі. Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.

Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негіз­гі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экватор­ды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шет­кері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қа­рай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының сол­түстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шетке­рі жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмай­ды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үл­кен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.

Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай көп ығыс­тырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына баста­ма береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді. Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден салыстыр­малы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды.

Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйі­сетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахи­ридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі.

Июльде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына бай­ланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оң­түстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс циркуляциясы жағдайында қалып қояды.

Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал батысында 18˚ с.с. дейін енеді. Оларға қар­сы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жа­уын-шашын ала келеді.

Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол эква­тор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады. Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск Кап облысы бұл жағ­дайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әре­кет тән. Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы тем­пература күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С), сонымен бірге ең жоға­ры максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.

Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс бе­руі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді. Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі тарал­майды. Үнемі және мол болатын конвективтік жаңбырлар эква­тор бойы бөлігіне шамамен 5˚с.с. псн 10˚о.е. аралығында түсе­ді. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында) Камерун массивінің басым  оңтүстік-батыс жерлеріне қараған бет­кейлеріне түседі.

Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланыс­ты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке және оңтүс­тікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөл­шерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-ба­тыста оның түсу максимумы — қысқа, ал oңтүстік-шығыста­ – жазға келеді. Осы көрсетілген заңдылықтардың арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Экваторлық   климат  белдеуі Конго  бассейнінің  едәуір  бөлігін шамамен  5˚с.с. пен  5˚о.с. apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалау­ын 7–8˚с.с. дейін қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады. Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын көріне­ді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстем­дік ететін оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп — Камерун массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты температуралар (+240-280С), буланудан 1,5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Афри­каның экваторлык, бөлігінің климатын оған үйренбеген европалық­тар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді.

Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с.е. дейін жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстік­те 20˚ о.е. дейін жуықтап барады. Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жау­ын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең.

Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жи­ынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді. Солтүстік жарты шардың субтропиктік 6елдеуі алабындағы жет­кіліксіз ылғалданатын барынша қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада тропик­тік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыс­тық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температу­ра +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді.

Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады. Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады. Солтүстік жарты шардағы ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20-25 есе асып түссді.  Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қа­зан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс әсерімен байланысты.