Африканың геологиялы даму тарихы

Африканың геологиялы даму тарихы туралы қазақша реферат

Африка түгелдей дерлiк (оның солтүстiк-батыс және  оңтүстiк таулы шет. аймақтарынан басқасы) бiртұтас платформалық ғимарат — Африка платформасына жатады. Ол ежелгi материк (супер-.платформа) Гондвананың құрамына кiрген. Гондвананың қалыптасуы бүкiл археозой және протерозой бойы жүрген. Ол   байкал тиктоникалық кезеңi аяқталғаннан кейiн палсеазой дәуiрi басына  жер құрлықының бiртұтас iрi учаскесi ретiнде қалыптасты. Африка  платформасының  одан әрi дамуы Гопдвананың   ыдырап. Африка-Аразия бiртұтас платформасының оқшаулануы ал содан кейiн оның Африка және Аравия   платформалары болып бөлiнуiне байланысты. Сол кездiң өзiнде Африка платформаның Тетис тиктоникалық зонасымен қазiргi солтүстiк шекарасы айқындалған болатын.

Палсозойдың аяғындаТондананың ыдырауы және қазiргi материктердiң пiшiнiнiң қалыптасуы басталды. Бұған дейiн-ақ платформаның негiзгi құрылымдық элементтерi массивтерi  айқындалды және Африка-Аравия платформасының дамуындағы солтүстiк пен оңтүстiк бөлiктерiнiң айырмашылықтары белгiлендi. Оның шағын, солтүстiк бөлiгi палсозойдың бастапқы кезiне негiзiнен теңiздiк, ал мезезойда континентальдық ылғал жинау облысына (Сахара плитасы) айналды. Оңтүстiк және шығыс, үлкен бөлiктерi бүкiл постротофозой тарихы бойына көбiнесе тұманданумен болды. Олардың арасындағы шекараны әр автор әр түрлi жүргiзедi. Шамамен алғанда оның орны — Камерун мен қызыл теңiздiң солтүстiк бөлiгiнiң аралығында.

Африканың солтүстiк бөлiгiнде теңiздiң барынша кеңiнен жайылуы палеазойдың бiрiншi жартысында болған. Карбонның орта шенiнен бастап қызыл түстi қабаттардың жинақталуымен қосарласа теңiз деңгейiнiң төмендеуi мен аридтiк жағдайлардың таралуы етек алып отыр. Карбонда Жерорта теңiзi геосинклиналында тау пайда бола бастады, сахара сннсклизаларындағы тұнба қабаттардың қатпарларға жннақталуы соның жаңғырығы iспеттi. Бұл кезде Африканың оңтүстiк бөлiгiне кетсiзiлу басым болды. Иiлу және шөгiндi жиналу қалың континенттiк. қап формациясы калыптасқан Кап аймағына қана тән болды.

Палеозойдың аяғында бүкiл платформа жаппай көтерiлiп, оған мұз басуы коса-қабат жүрдi. Мұздың және су-мұз шөгiндiлерi Двеик сериясын құрады, оның калыңдығы кейбiр жерлерде 300 м жеттi. Ол контiненттің оңтүстiк бөлiндегi иiндердi — Капру, Калахарн және Конго ойыстарын толтырды. Олардың үстiнде қаррудың қалың континенттiк формациялары жиналды. Мұз басудың негiзгi орталықтары Конго шығысына қарайды ежелгiмассивтер алабында,- сондай-ақ Нубия-Аравия қалқанында жатты.

Карру формациясының құрылуы бүкiл триас бойына жалғаса бердi. сонымен бiр мезгiлде оңтүстiкте кап формациясы қабаттарының катпарларға жинақталуы мен кетерiлуi және Кап тауы жүйесiнiң түзiлуi жүрдi. Жоғарғы триас пен юраның бас кезiнде тектоникалық әрекет етек алды, ол Африканың оңтүстiгiнде, шығысында және солтүстiк-батысында пормендi вулкандық әрекетпен аяқталды.

Бүкiл юра бойына және бордың бас кезiнде Африканың көпшiлiк бөлiгi көтерiлумен болды. Ойыстарда континенттiк шөгiндiлер жинақталды және граниттер мен карбонаттар жарып кiрiп кимберлит түтiкшелерi пайда болды. Сол кезде әуелi үндi, содан кейiн Атлант мұхиты аумақындағы шығу мен жарылуларқа және мұхит шетi иiндерiнiң пайда болуына-байланысты казiргi Африка контурының қалыптасуы жердi. Солтүстiкте Тетпеке өтерде перикратондың  түстi.

Бордың екiншi жартысында және эоценде Сахара плитасын қайталап трапегресенгi жайлап алды да соның нәтежесiнде Жерорта теңiзiнiң Гивения  шығысымен жалғасты. Сондай-ақ теңiз Нубия-Аравия калқанының шегiне дейiн жеттi және материк пен Мадагаскардағы үндi мұхиты жағалауын қамтыды.

Сол кездегi теңiз шөгiндiлерiнiң арасында карбонатты терригендiк тунбалар алыпкеледi. Материктiң iшкi ауландарында бордын аяқ шеңiнен бастап көтерiлулер жүрдi және вулкандар жандана түстi.

Бор дәуiрiнiң екiншi жартысында және кайнозойдың бас кезiнде Африка үшiн ылғалды және ыстық тропнктiк климат жағдайлары тап болды, ол тропиктiк бай орман флорасы мен тропнктiк омыртқалы жануарлар фаунасының таралуына қолайлы жағдай туғызды. Құрлықтың үстi үгi бетiнде гидроморфты кызыл түстi N қабық қалыптасты. Мұндай жағдайлар тек кана орталық аудандарқа қана емес, сонымен бiрге материктiң солтүстiк және солтүстiк аудандарына да тарады. Органикалық дүниенiн түр құрамының қалыптасуына әуелi Африка, Мадагаскар, Австралия арасында, бұрын орын алып, бор дәуiрiнде байланыстары, содан кейiн Оңтүстiк Америкамен арадағы түпкiлiктi түрде тек кайнозойдың бас кезiнде қана тоқталған бұрынғы байланыстар сондай-ақ бүкiл кайнозой бойына жалғасқан Аравия аркылы Евразия мен байланыс ықпалын тигiздi. құрлықтың басқа учаскелерiнiң ықпалы әсiресе флораның қалыптасуына әсер етедi. Африканың фаунасы палеогеннен бастап бiздiң кезiмiзге дейiн өзiндiк ерекшелiгiмен көзге түседi.

Эоценнiң аяғы мен олнгоценнiң басында Африканы түгелден Дерлiк. әсiресе оның оңтүстiк және шығыс бөлiгiн, пармендi тектоникалық әрекеттер қамтыды. Мұның өзiн өазiргi табиғат жағдайының қалыптасуы тұрғысынан қарағанда материктiң дамуының соңғы аса маңызды кезеңi деп есептеуiмiз керек. Африкадағы эоценнiң соңы мен олпгоценнiң басындағы карңғынды көртiлудi, вулканизмдi, опырытардың пайда болуын осы материк үшiн неотектонкалық кезеңiнiң басы деп санауға болады. Осымен бiр мезгiлде тропнктен тыс аудандар климатының құрғақатнуы тропиктiк органикалық дүниенiң экваторға қарап шегнуi, гидрофиттердiн азайып, құрғақшылықты ұнататын өсімдіктер мен жануарлардың көбеюі, қызыл түсті гидроморфтық қабықтарды карбоиат кабықтардың алмастыруы басталды.