Африка

Африка туралы қазақша реферат

Африка — Жердiң Евразиядан кейiнгi көлемi жағынан екiншi үлкен материгi. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегi ауданың 30,3 млн. км2, аралдарсыз —29,2 млн. км2.

Африка материгi Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек қызыл және Жерорта тенiзi бөлiп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың бiртұтас құрлық массивiн құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеңiстiктерi болып тастаған.

Матертериктiң шеткi нүктелерi солтүстiкте — Эль-Абьяд мүйiсi (37″2(У с. е,), оңтүстiкте — Игольдың мүйiсi (34С52′ о. с). Африка солтүстiктен оңтүстiкке 8 мың км созылып жатыр. Материктiң ең жалпақ бөлiгi экватордан солтүстiкте 10 мен 16 аралығында жатыр, мұнда Африка 17 33′ б. б. бастап (Альмади мүйiсi), 51°24 ш. б. (Хафун мүйiсi) дейiн созылып, енi 7500 км-ге жетедi.  Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың iшiндегi ең үлкенi — Мадагаскар. Үндi мұхитынна одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафня, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлiк материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.Атлант мұхитында материктiк және вулканды аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйiс, Маспас-Игема-Бииого, Принспен, Сан-Томе, Аннобон.Африканың экватордын екi қапталындағы негiзiнен тропиктiк-экваторлық кеңiстiк алыбындағы орны жоғары температураның басым болуына себепшi болса. iшкi белiктерiн онша тiлiмдембеуi Ірi тұйықтығы Африкаға тән контпиненттiлiк туғызады. Тегiс рельефтiң басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрiнуiне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары бiршама бiртектес болып келетiн ендiктi бойлап созылып жатқан жалпақ кәпiрлер экватордан солтүстiкке және онтүстiкке қарай бiрiн-бiрi заңды түрде алмастырады.