Афина мемлекетінің сот жүйесі

Афина мемлекетінің сот жүйесі туралы қазақша реферат

Архонтар. Афина тұрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың төрағасы болды және басты діни қызметті атқарды. Екінші архонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх құрбандық шалу қызметінде, қалған архонттар-фесфомет қызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бұл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді өзірлеп, олардың күн тәртібін белгілейтін. Бұдан тысқары бесжүздіктер кеңесі Афинаның қызмет адамдарының істерін қарайтын.

Булевтерді әрбір аумақтық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сайлайтын. Булевтерді докимасиядан өткізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-тұрысын, бет алысын, міндетін және құқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бұрын өзінің жұмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ қадап, сайлаған уақыты біткеннен кейін өз жұмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.

Бесжүздіктер кеңесі. Бесжүздіктер кеңесінің қызметі. Бұл жоғарғы ба-сқару органы болыи саналды. Бесжүздіктер кеңесі қаржы жүйесінің басқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жәрдем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.

Бесжүздіктер кеңесі ғибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық құрылыстардың қамын ойлады.

Бесжүздіктер кеңес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық филадан сайланған 50 кеңес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жұмыс істейтін. Бұл уақыт-притация, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындағы дөнгелек үйде бірге тұрып, мемлекетті басқарған.

Гелиэй. Гелиэй — ант берушілер соты — ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Барлығы 6000 судья сайланатын, олардыц ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия құрды. Ал бір мыңы косалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға бөлінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, өзгелелерге де қызмет етуіне байланысты еді. Мұнда Афинаның барлық одақтастары, басқаша айтқанда, іс жүзігіде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Францияның және Эгей теңізі аралдарының барлық тұрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Гелиэйда бірде бір азамат өзінің ісі қай комиссияда қаралатынын алдын ала білмейтін. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басталардың алдында ғана білетін. Мұндай ереже сот қызметкерлері пара алмауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сөйлейтін, сондай-ақ олардың туыстары да сөйлей алатын. Сотта сөйлейтін сөздерін оларға заңгерлер жазып береді.