«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уалиханов айтқанындай, егеменді елдің ертеңгі ұрпағының оқу-білім тереңдігі немен өлшенеді деген ой мені толғандырады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңарту үлгісі жайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс деп есептеймін. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани және интеллектуалдық әлеуетінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді.
Білім беру жүйесіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:
— жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау;
— қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени қоғамдықжәне экономикалық экономикалық және саяси өміріне қатысуы.
Халқымыз күнделікті тұрмыс-тіршіліктің басында-ақ жастарды әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылылыққа, мейірбандыққа және басқа да толып жатқан жақсы қасиеттерге баулып отырған. Мысалы халқымыздың жас ұрпаққа бағыштап айтқан: «Оттан аттама», «Нанды аяққа баспа», «Кісіге қарай керілме», «Табалдырықты басып тұрма» деген сияқты қысқа да, нұсқа сөздерінде қандай өнегелілік мән-мағына жатыр десеңізші!
Қазақ халқының зиялы азаматтарының бірі —— Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық мектебінің моделіән ұсынған болатын. Онда «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелдеуге міндетті» десе, Дулат Міржақыпов мектептің мақсаты туралы «… Жалғыз құрғақ біліді үйрету емес, біліммен бірге жас ұрпақтың бойына халқымыздың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыра білуіміз қажет» деп тамаша айтқан. Тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Мектепте мұғалім басты тәрбиеші, білім беруші. Мұғалім әр сабақта жасөспірімдерге білім беріп қана қоймайды, оны өзінің ақыл-ой парасатымен, ұлттық педагогикасымен ұштастыра отырып, жасөспірімдерді азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбисі тілден басталады. Ұлттық психология мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін — тіл. Сондықтан қоғамның басты мақсаттарының бірі – сәбиден бастап, барлық жеткіншек жасөспірімдер және жоғары педагогикалық оқу орындарының жастары туған елінің рухани қоғамдық өмірінен қол үзіп кетпеу үшін, әрбір жасөспірім өнегелік қасиеттен жұрдай болып қалмау үшін ана тілін білуді өмірлік қажеттілігіне айналдыру көзделіп отыр.Жүсіпбек Аймауытов білім негізі мектепте ана тілі арқылы меңгерілетінін баса көрсеткен: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді меңгеру мүмкін емес…». Жүректің терең сырларын, басынан кешкен барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазына – халықтың тілі. Қай уақытта болмасын, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру қоғамдағы моральдік нормалардың негізінде жүргізілген. Олар өзінің әлеуметтік мәні жағынан бүкіладамзаттық, таптық болуы мүмкін деген ой философиялық әдебиеттерде үстемдік етіп келеді. Ал негізінен алғанда, ұлттық, психологиялық өмір тіршілігіне, орналасқан жеріне, кәсібіне байланысты жүздеген, мыңдаған жылдар ішінде қалыптасқан бүкіл ел болып мойындаған моральдік нормалары болуы тиісті екенін білуіміз керек. Қай ұлттың, қай халықтың болса кемеліне келіп толысуына, рухани өшуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек, ол —- ұлттық мектеп.