Романдағы төрт түлік малға байланысты антропонимдер ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ халқының ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Сондықтан да төрт түлік мал атауына байланысты ат қою кеңінен етек жайғаны мәлім [19;201]. Мысалы, романдағы төрт түлік малға байланысты есімдерден: Аққозы, Байтұяқ, Бурақан, Жамантай , Серке, Қаратай, Құлжатай, Құнанбай, Құлыншақ , Марқа.
А қ қ о з ы М о ты ш т ы ң көп семізінің бірі екен
Б у р а х а н сияқты бірнеше семіз қой көзді Мотыштар бар/ І;536/. Жас жүрегімен қыршын жас Б а й т ұ я қ жан берді./І;588/. Қ ұ л ы н ш а қ наразы боп томсарып қалды / І;81/. Бұрын аға сұлтан болған Ж а м а н т а й /І;81/. Бұлардан басқа барлық салқын, томсарған жандар ішіндегі ең жандысы Қ а р а т а й / І;16/. Қ ұ н а н б а й ө з алдындағы мына бейбастыққа қатты ашуланды / І;14/.
Романдағы құстармен байланысты есімдер адам қоғамының ерте кездеріне тән.
Кісі есімдерін құстар мен жануарларға байланысты қою себебі. Мысалы: Б ү р к і т б а й деген есімді Бүркіттей «ызалы» болсын деген сенімін қоюы мүмкін. Бөрібасар, Бектоғай, Мамырқаз, Торғай.
Романдағы туған жеріне байланысты есімдерден Наймантай,Көкше, Жамбыл, Қазақбай т.б. Бұл үйге келген Жамбыл Әбішке кіріп « әл сұрасып шықпақ болы» / ІІ; 485/. Жігітектің жасағанына келмей қалған Көкше /І;161/. Зор денелі үлкен қошқар тұмсықты Қазақбай екен /І;520/.
« Абай жолы» романында мінез-құлыққа, бейімділік әрекетке ерекшелік қасиетке байланысты қойылған есімдер де кездеседі. Мысалы: Н ұ р ғ а н ы м, Ж а р қ ы н , Ә л п е й і м , М а қ ұ л б а й , Ж о м а р т , А с а у б а й , Қ а п , т.б. есімдер .
Романдағы діни ұғымға, ескісенімге байланысты есімдерден: Оспан, Омар, Жақып, Әубәкір, Әділ, Ділда, Мағауия, Қамар, Салтанат, Асан, Үсен, Мұса, Молдабай, Садуақас, т.б. есімдері дін ұғымына адам сенімі арқылы сол атқа ие болған бұрынғы адамның қасиетті мінезі, екінші адамға ауысып отырады деп түсінген.
Астрономиялық құбылыстарға байланысты романдағы есімдерден:
Күнту, Айша, Үркер, Таңшолпан, Айса, Самалбек, Күнкен, Таңжарық т.б.
Романдағы есімдік аттарына байланысты есімдерден:
Қамысбай, Күлбадан, Қаңбақ, сияқты қойылған есімдер де бар. Кеште Құнанбайдың қасында тұрған Қамысбай еді / І.12/.
Бір сөздің көлемінде болса да осы романда жәндіктерге қатысты Шаянбай тәрізді есімде ұшырасады.
Халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген өмір жолында табиғат пен аңға, құсқа сыйну, ай мен күнге табыну, хайуанаттардан ит, қасқыр, бұқа
сияқтыларды тотем ету –бәрі кісі аттарының қойылуына әсер етпей қоймайды. Жер жүзі халықтарының тарихында, олардың тұрмысымен тіршілігіне ұқсас жайттар бар. Хайуандар мен аңдардың, құстар мен жәндіктердің, болмаса табиғат құбылыстарының аттарынан жасалған кісі аттары көптеген халықтарда жиі кездесіп отырады [ 20;24].
Ү-ҮІІІ ғасырдағы антропонимдер үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және металдардың атаулары ретінде қолданылған [ 21;26].
Әсіресе, ай мен күнге табыну табиғатты, аңды, құстарды ерекше күш санау, кейбір хайуандарды мысалы: Б ө р і , Б ү р к і т , Б ұ қ а , шыққан тегіміз біздің ата бабамыз деп, ойлау басым болғаны жоғарыда көрсетілген есімдер дәлел бола алады.
« Абай» романындағы кездесетін бұл есімдер қазақ тілінде бұрыннан да бар. Екіншіден- «Абай» романындағы кейіпкерлер тарихта болған адамдар.
Романдағы кездесетін барлық есімдерді топтастыра беру мүмкін емес, мағыналы сөздер бір-ақ сөзден тұрады. Сондықтан да бұл тарауда көлемі жағынан көптеуін мағыналық топтарға бөлдік.