Абай Құнанбайұлы туралы қазақша реферат
(1845-1904)
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
— дейді.
Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл- қыздарының тағдыр –талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Ол қазақ даласына еніп келе жатқан кез келген қоғамның таптық бастауы болады деген догмалық қағидаға қарсы үн көтерді. Бұл қағида бойынша қоғам қарама –қарсы таптардан, қанаушылар мен қаналушылардан ғана тұрады, мұндай жағдайда ұлттық бірлікті іздеуді ақылға сыймайды делінді. Сөйтіп мұның өзі мемлекеттік үстемдік құралы ретінде пролетариат диктатурасы мүддесін туғызды. Осы бір әлеуметтік әділетті, бейбіт және адамгершілікті қоғам құруды мақсат тұту Қазақстанда шексіз қасіретке, байырғы тұрғындардың жаппай қырғынға ұшырауына, зұлматқа әкеп соқтырды. Әрқашан таптық императивтерге, олардың үстемдігіне қарсы болған Абай осыс зобалаңды алдын ала көре білді. Кейінгі күндерге шейін оның рухани мұрасы өз деңгейінде зерттелмеді және бағаланбады. Ақын туындысы қасаң таптық көзқарас негізінде қарастырылды, оның шыққан тегі ақынды кедейшіл немесе жұмысшы жазушылары сапында қарастыру мүлдем жоққа шығарды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге , қазақ халқының шынайы тарихындағы , тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.Бүгінде Қазақстан басқа да тәуелсіз елдер сияқты тарихи жол айрықта тұр. Абай өмір сүрген ғасыр ХІХ ғасыр ортасындағы қасіреттен құтылудың жолын нұсқаған Қара сөздері өсиеті мен асыл ойларры бүгінгі ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған осы кезеңде, оның экономикалық, саяси және рухани жағынан шиеленіскен сәтінде де өз мәнін жойған жоқ. Демек, таптық көзқарастан, тоталитарлық идеялогиялық мұраттарынан бастау алған, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығарған дүниетанымдық ұстындарымыздың түбірімен өзгертуіміз керек. Абай философиясының әлеуметтік –мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Бұл көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың мәдени-шаруашылық нұсқасын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді шаруашылық әдістерінің орнын пайымдады, қоғамның рухани , саяси, экономикалық өмірін қатаң сынға алды. Келешекте қазақ этносының даму жолдарын болжап, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы орны, еңбектің тіршілік көзі ретіндегі маңызы жайлы ойларын халық талқысына салды. Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Ол қазақты мақтаныш тұтты және оған көңілі толмай налыды, этностың имандылыққа жетуі жайын ойлап мазаланды. Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам.Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап , толық адам деп қарастырды. Абай үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады, осыдан оның ізденістерінің этикалық бағытынтүсінеміз. Толық, жетілген адам-арлы, адамгершілік қасиеті жоғары, еңбекқор, білімді, сабырлы,иманды,қанағат пен ұятты білетін, танымды, игі жүректі болуға тиіс. Ол өз халқын осыған шақырды,адамдарды өзім деп, жат деп, бай мен кедей деп бөлмеуге, іріткі