Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі «Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің «Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы — 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.
Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері революцияны ерекше көңілмен қарсы алды.
Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.
1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады.
«Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды.
Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.
1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы – жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты.
1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі кәсіптік мектептер – техникумдар – бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатын-ды.
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.
1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты – ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау.
1921-1922 жылдардағы еліміздің қиын экономикалық жағдайы мектептердің жағдайына орасан зор әсер етті. Кеңес үкіметі халыққа білім беру ісінің мұқтаждарына қажетті қаржыны қысқартуға мәжбүр болды. Өндіріс пен ауылшаруашылығын қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет болды.
Халық ағарту ісінің мұқтажына бөлінетін қаржыны амалсыз орталық бюджеттен қысқарту және мектептерді жергілікті жердің қаражатына көшіру біршама мектептердің жүйесін қысқартуға алып келді.
1923 жылдан бастап, халыққа білім беру ісінің бюджеті нығая бастады және мұғалімдердің материалдық жағдайы артты, ең алдымен ауыл мұғалімдерінің. Жалпы білім беретін мектептердің жүйесі бірте-бірте өсе бастады, оны мына кестеден көруге болады:
Жылдар |
Барлық мектептердің саны |
Оқушылардың саны |
1914-1915
1923-1924 1925-1923 1927-1928 1929-1930 |
105524
91837 103276 118558 133197 |
7896
7962 10219 11466 13515 |
20-жылдардың аяғында мектептер жүйесі мен оқушылар саны 1944 жылмен салыстырғанда біршама артты. Сонымен айта кетуіміз қажет, тек ғана бастауыш мектептердің жүйесі өсіп отырған жоқ, сонымен қатар жетіжылдық және орта мектептердің саны да артты. 1922 жылдан 1926 жылға дейін жетіжылдық мектептердегі оқушылардың саны 3 есе артты. Оқушылардың әлеуметтік құрамында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мектебінің оқушыларының негізгі құрамы еңбекшілер балаларынан тұрды, жұмысшы-шаруа балаларының саны артты.
Мектептердің материалдық-техникалық базасы біршама жақсарды. Оқулықтар, оқу және көрнекті құралдар алуға, мектеп үйлерін жөндеуге және мектеп үйлерін салуға қаражат бөлінді. Кеңес үкіметі ауыл үшін жазу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарды және көрнекті құралдарды тегін алуға қаражат бөлді.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.
1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру проблемасы негізгі проблема екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарламасын белгіледі.
1930-1931 оқу жылынан бастап, бастауыш білім алмаған 8-10 жастағы балалар мен 11-15 жастағы жеткіншектерді жалпыға бірдей міндетті оқытумен қамту жоспарланды. Партия 1930 жылы 25 шілдеде «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Онда 1930-31 оқу жылынан бастап, барлық жерлерде жалпыға бірдей басмтауыш білім беруді енгізуді міндеттеді. 1930 жылдың 14 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Қаулының алдыңғы үш бабында былай делінген:
1. 1930-1931 жылы Кеңес Одағының барлық жерінде балаларға жаппай бастауыш білім беруді енгізу жүктеледі. 8-9-10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген жастағылардың бірінші бастауыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 930-1931 жылдан бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші басқыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді.
2. 1930-1931 оқу жылынан бастап, 11-15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту белгіленді.
3. 1930-1931 оқу жылынан бастап, өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. Қаулы бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру үшін елімізде қызу жұмыс жүргізілді. Бұл жаппай бастауыш білім берудің қалалық, аудандық және ауылдық комитеттері құрылды. Республикаларда бұл жұмысты республикалық комитет басқарды.
1930-1934 жылдары жаппай білім беру бастауыш мектеп көлемінде, өндірістік қалаларда, фабрика, зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде жүргізілді. 1930-1931 оқу жылынан бсатап, жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейіп отырды. Егер олардың саны 1929-1931жылдары 13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32 миллионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім беру ерекше тез қарқынмен дамып отырды. Ү-ҮІІІ және ҮІІІ-Х сыныптарда оқитын балалардың саны өте тез өсті. Ү-ҮІІІ сыныптарда 1929-1930 жылы 1,6 миллион бала оқыса, ал 1938-1939 оқу жылы 8,8 миллион бала оқыды. Ауыл мектептерін Ү-ҮІІ сыныптарында оқитын балалардың саны аталған мерзімде он есе көбейді.
Мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық институттардың, техникумдардың және педагогикалық курстардың желісі артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің материалдық жағдайы жақсарды.
30-жылдары жетіжылдық және орта мектептердің желісінің тез қарқынмен өсуімен ондағы оқушылардың санының артуымен сипатталады, негізінен жоғары және орта сыныптардың (Ү-Х) есебінен. Жетіжылдық мектептердің саны 1927-28 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466 мыңнан 1927-1928 оқу жылында 29562 мыңға дейін 1937-1938 оқу жылында өсті.
Мектеп туралы қаулылар.
30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің қаулыларына баға бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер жібергендіктен атап өткен жөн.
1931 жылы 5 қыркүекте «Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулы шыққаннан кейн мектеп оқушыларының жалпы даярлығына мән беру ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды.
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінде көпшілік политехникалық мектеп туралы, мектептің өмірімен байланысы кең өріс алған қозғалыс Халық ағарту комиссариатының саясаты мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық оқу орындарына өздеріне тән емес міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің өндірістік жоспарын орындауға қатысу, өндірісте тәртіп нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының белгілі көлемін орындау. «Проект әдісі” педагогикалық институттарда, техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай «Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті «бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.
«Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламаларының қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындауға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды.
«Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап етті.
1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің «Мектептерде азаматтық тарихты оқыту туралы” және «Бастауыш орта мектепте жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір педагогикалық институттарда тарих және жағырафия факультеттері ашылды.
1930 жылдары жалпыға бірдей бастауыш білім енгізіле бастағанда, мектеп жүйесі мен оқушылар саны тез қарқынмен өсе бастады, осыған орай мектептерді маман педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы ерекше күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі болды.
Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы «Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педагогикалық ілім жалпы алғанда ғылым жат ілім деп танылды. Бұл қаулыда өрескел жіберілген кемшіліктердің біріне педалогияны буржуазиялық ғылым деп біржақты сынауын жатқызуға болады.
Педалогтарға тағылған ең негізгі кінә — олардың оқушылар арасында зерттеу және тесті жүргізуін «партия тарапынан бұрын сыналған” жалған буржуазиялық әдіс деп бағаланды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы мен дарындылығын зерттеу үшін қолданылған бұл әдістерді «оқушылардың қажетсіз, кеңес мектебінің міндеттеріне қайшы келетін буржуазиялық, таптық педалогиялық ілімді кеңсе мектебі жағдайына сын көзбен қарамай енгізу” деп өрескел бұрамаланған еді. Осы қаулының негізінде көптеген педалогиялық оқу орындары жабылып қалды.
Қазіргі жағдайда сол кездегі педалогтардың балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуы мен қабілеттілігін зерттеу үшін қолданылған диагностикалық зерттеу әдістерін де бүгінгі мектеп тәжірибесінде балалардың қабілетін дамытуда кеңінен қолданылуда. Бұл қаулы 20-жылдардың бас кезінде мектеп өміріне кеңінен енгізіле бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың белсенді әдістерін, оның ішінде ынтымақтастық педагогика идеясын қолдану бағытында дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия деп бағалаған болатын-ды.
30-жылдардағы педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы қаулыда негізінен шәкірттердің қабілетін дамытуға тиым салды. 70 жылдан астам уақыт кеңес мектебінде білім беруде формализм мықтап орын тапты. Қаулының кемшілігі барлық шәкірттерге бірдей білімнің деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіншілігі болмады.
20-жылдардың бас кезінде халық ағарту саласында кең өріс алған барлық, демократиялық қағидалар, мейлі ол аяғына дейін ойластырылмаған, кейбір кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары Сталиннің жеке басына табынудың қалыптасуы жағдайында және әкімшілік бәрін жоққа шығарды.
Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған партия мен үкіметтің мектеп туралы қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы мектепке тән жаңашылдық ізденістерді бірден-бір жоққа шығарған құжат ретінде қарауымыз керек.
30-жылдардағы жоғары мектеп пен орта мектептің жалпы білім берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмады, политехникалық білімді ғылым негіздерін терең меңгеруден бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары оқу орындары мен техникумдарға түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз шешкен болатын-ды.
Бұл кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың бас кезіндегі орта және жоғары мектеп туралы қаулыларының Қазақстанда мектеп жүйесі мен педагогикалық кадрларды даярлауда ерекше роль атқарды.
Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.
Жаңа кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды.
Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы мен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келіп, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси және басқа да қағидаларына адамзаттық алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бұл идеялар белгілі «Бірыңғай еңбек мектебінің мектебі туралы ережелері” мен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” тарихи мәні бар мемлекеттік құжаттарында айқын көрініс тапты. Бұл құжаттарда тәрбие мен білім берудегі гуманизм және демократизм, мектептегі өзін-өзі басқарудың және шәкірттер мен мұғалімдердің өзара жаңабілім қарым-қатынасының идеялары бекітіліп және педагогикалық тұрғыдан негізделді.
Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды, әсіресе, 20-жылдардың бас кезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу аяқталуға жақындаған кезде күшейе түсті. Бұл күрес төмендегідей негізгі педагогикалық мәселелердің төңірегенде болды: тәрбие үрдісінің мәні, оның ненгізгі бағыттығы, кеңес мектебінің мақсаттарымен міндеттері қандай.
Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” атты диклорацияға анық та айқын көрініс тапты. Диклорация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.
Ұлтшылдық – шовенистік тәрбиеге кеңестік педагогика патриоттық және интернационалистік тәрбиені қарсы қойды.
Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттіктерін дамытудың рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеялы мен дүниеге эстетикалық қатынастар ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
20-жылдары педагогикадан алғашқы кеңестік басшылық пайда болды. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ал «Педагогика” (1922) және «Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің «Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие және білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын аталмады.
П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан, педагогиканың дамуына бір қадам алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич «Еркін тәрбие теориясының” кейбір қағидаларын сынға алғандығын атап айту қажет.
1927-1930 жылдарда кеңестік педагогикада жан-жақты пікір талас өткізілді. Пікір талас кезінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды: педагогиканың әсер ету саласы, тәрбиенің қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысы, бала дамуында ұйымдасқан жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы берілді.
Педагогикалық пікір талас дидактика мәселелерін жедел талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде белгілі болды, мектептерде енгізілген Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді бағдарламалары өзінің ғылыми негіздерін көрсетті.
Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.
Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.
20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.
Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.
Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды.
Кеңестік педагогиканың 30-жылдарда барлық салаларда ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен сипатталады. Педагогика ғылымының қайраткерлері меткептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін «Педагогика” оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың «Педагогикасы” педагогикалычқ институттарға арналған; П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге арналған «Педагогика” оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына бару