Жоғарыда баяндалған саяхаттар мен ашылулар батыс европалықтардың Европадан тыс жерлерге енуінің алғашқы және аса маңызды кезеңі болып табылды. Жаңадан ашылған елдердің көпшілігінің ішкі бөліктерінен тыс, Австралия және оны айналақоршай ұласып жатқан теңіздер, Тынық мұхиттың бүкіл солтүстік бөлігі, Солтүстік Америка түгел дерлік ақырында, Солтүстік Азияның ұлан- байтақ кеңістіктері және оны қоршаған Солтүстік Мұзды мұхит мүлдем белгісіз күйінде қала берді.