Эксперимент сыныптарда дәріс берген экспериментатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді.
12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді. Себебі, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.
Биылғы оқу жылының алғашқы күні, яғни 3 қыркүйекте Елбасымыздың өткізген интерактивті сабағының өзі келешек ұрпақты ынталандырып, жігерлендіріп, еліміздегі жылдан – жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, үздіксіз білім алу керек екендігіне көз жеткізді.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша 2 – 5 эксперимент сыныптарда әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бұл сыныптарға арналған күнтізбелік — тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Эксперимент сыныптарда жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым — қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиасында сақтайды.
12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек, информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы жақсы сақталған.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді компьютерді пайдалана оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.
— Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер;
— Ана тілі сабағында мәтіндік редактор кеңінен қолданылады, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазуға болады. Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізе алуын, шығармашылық қабілетін және сауаттылығын айқындайды;
— Бейнелеу өнері, дүниетану сабақтарында графиктік редактордың алатын ролі өте зор. «Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін, қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады;
— Ән-күй сабақтарында әмбебап ойнауыш программасын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді;
— Орыс тілі пәндерінде мультимедиалық программалар арқылы әр түрлі ертегілер тыңдауға, әрі эпизодтық бейнелерді көрсетуге болады. Мұндай сабақтар балалардың есінде ұзақ сақталады, тіпті балалардың пәнге деген, білімге деген құштарлығын арттыра түседі.
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп — шығуға мұғалім рұқсат береді, әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді жүктеуді мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық — эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер, қолданылатын бөлмелер барлық санитарлық — гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.
1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi |
Мазмұны |
Сағаттар саны |
1 |
«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу |
1 |
2-3 |
Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi. |
2 |
4-5 |
Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi |
2 |
6-7 |
Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi). |
2 |
8 |
Қайталау |
1 |
9 |
Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. |
1 |
10 |
Пернетақтамен танысу. |
1 |
11 |
Қарапайым жаттығу. |
1 |
12-13 |
Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні). |
2 |
14-15 |
Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы). |
2 |
16 |
Қайталау |
1 |
17 |
Қайталау |
1 |
18 |
Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi). |
1 |
19 |
Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. |
1 |
20 |
Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi. |
1 |
21 |
Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру. |
1 |
22 |
Тiзбектер |
1 |
23 |
Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі. |
1 |
24 |
Қайталау |
1 |
25 |
Жиын |
1 |
26 |
Жиындарды салыстыру |
1 |
27-28 |
Жиын және оларды топтау |
2 |
29 |
Iшкi жиындар |
1 |
30 |
Қайталау |
1 |
31 |
Қайталау |
1 |
Барлығы |
34 |
2 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған
күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi |
Мазмұны |
Сағаттар саны |
1 |
Компьютер сыныпта тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау |
1 |
2 |
Көз жаттығулары. Қайталау. |
1 |
3 |
«Терiстеу» ұғымы |
1 |
4 |
Ақиқат және жалған. |
1 |
5-6 |
Тұжырымдар |
2 |
7 |
№1 бақылау жұмысы |
1 |
8 |
Қайталау |
1 |
9 |
Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары. |
1 |
10 |
Компьютердегі ақпараттар ағыны |
1 |
11-12 |
Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы |
2 |
13-14 |
«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. |
2 |
15-16 |
«Сызық», «Доға» құралдары. |
2 |
17 |
№2 бақылау жұмысы |
1 |
18-19 |
«Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары. |
2 |
20 |
«Шашыратқыш» құралы. |
1 |
21-22 |
Нысандар симметриясы |
2 |
23 |
Ақпарат |
1 |
24-25 |
Ақпараттарды кодтау |
2 |
26 |
№3 бақылау жұмысы |
1 |
27 |
Ақпаратты бейнелеу |
1 |
28 |
Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы. |
1 |
29-30 |
Ақпарат алмасу |
2 |
31 |
Ақпараттарды алу арналары. |
1 |
32 |
Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi |
1 |
33 |
№4 бақылау жұмысы |
1 |
34 |
Қайталау |
1 |
Барлығы |
34 |