МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………3
1. Салық есебінің мәні мен маңызы
1.1 Салықтардың экономикалық мәні мен маңызы, атқаратын қызметтері…..5
1.2 ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер …..9
2. ҚР салық жүйесіндегі негізгі мәселелер және жаңа салық кодексі
2.1 ҚР Салық жүйесін жетілдірудің негізгі мәселелері…….17
2.2 Жаңа Салық Кодексінің артықшылықтары мен кемшіліктері……22
ҚОРЫТЫНДЫ…….29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……30
КІРІСПЕ
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады
Мемлекет нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда, оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды, бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы болады. Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды – пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субьектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамассыз етеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Оны заңды және жеке тұлғалар белгілі бір мөлшерде, белгіленген мерзімде міндетті төлем ретінде мемлекетке төлейді.
Республикалық бюджеттің кіріс бөлімінің негізгі салық түсімдері болып корпаративтік табыс салығы мен қосымша құн салығы табылады. Республикалық бюджеттің 91% салық түсімдері қалыптастырады.
Осыдан салықтар республикалық бюджет қаражатының негізгі көзі деп айтуға болады. Себебі мемлекеттің бюджетінің едәуір бөлігін осы салықтардың түрі құрайды.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда халыққа “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” жолдауында салық салу мәселелерін де атап өткен. Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды. Осы жоғарыда айтылған мәселелер тақырыптыңөзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты — салық салудың экономикалық маңызын қарастырып, республикалық бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлін анықтап талдау.
Курстық жұмыстың міндеті — ҚР салық жүйесінің мәнін, маңызын, атқаратын қызметтерін айқындап, қабылданған жаңа Салық Кодексінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде салықтардың экономикалық мәні мен маңызы, атқаратын қызметтері және қабылданған жаңа Салық Кодексінің өзгерістері қарастырылған.
Ал екінші бөлімде ҚР енгізілген салық кодексінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды, оны жетілдіру жолдары көрсетілген.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі ғалымдардың әдебиеттері қолданылды — Сұлтанов А., Ермекбаева Б.Ж, Крамаренка Т.Н, Комбарова А.М, «ҚР Салық Кодексі» және де соңғы БАҚ мәліметтері.