Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесін талдау

Мазмұны

Кіріспе …..4
І. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, оның мәні және қажеттіліктері…6
1.1 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу…6
1.2 Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы мен өзара байланысы….13
1.3. Қаржылық қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары…..20
ІІ. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесін талдау….25
2.1 Қаржының функциялары және рөлі…..25
2.2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары….27
Қорытынды…..35
Пайдаланылған әдебиеттер…..37

Кіріспе

        Қаржы бұл – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының  дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Ақша қоры — мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі ұлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен тұтынуға ықпал жасап, бұл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория тұтқасын ұстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.

Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.

Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Сөйтіп кез келген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес,ал кез келген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ  тек қана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекақы төлеуге де, несиеге де ортақ.

Қаржының ерекше белгілер: қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепе-теңдіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).

Қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы  өндіріс   қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып пайдаланылады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен болатын экономикалық қатынастар.

Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

 Курстық жұмыс / 35 бет