Кіріспе
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар.
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.
Олар:
— Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
— Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
— Бағалы қағаздар нарығының кәсібси мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
— Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден «бағалы қағаздар нарығы» — тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады.
— Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда болуымдағы алғы шарттар;
— Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері ;
— Бағалы қағаздарды нарығының құрылымы;
— Қазақстан Республикасындағы ақшаның қалыптасуы және олардың дамуы.
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүние жүзі үшін де біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығы мен жұмыс істеу өте қолайлы болып табылады. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығына байланысты мәселелерді білуі тиіс.