МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………3
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ………5
1.1. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……..5
1.2. Заңды тұлғаның несиелік қабілеттіліктерін бағалау……6
1.3. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштер….8
II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ («БТА БАНКІ» КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ)….11
2.1. «БТА Банкі» АҚ-ның нарықтағы қаржылық жағдайы……11
2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның несие беру көрсеткіштерін талдау….15
ІІІ. НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІ БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. НЕСИЕ БЕРУ, ҚАЙТАРУ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫ ЕСЕПТЕУ….21
3.1. Несие беру және қайтару есебі………….21
3.2. Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі…….23
3.3. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесімен салыстыру…..25
ҚОРЫТЫНДЫ……….29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………31
КІРІСПЕ
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Тақырыптың өзектілігі. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы — қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.
Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Курстық жұмысымның міндеті. Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді. Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті болып табылады. [1, 181]
Курстық жұмысымның мақсаты-клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсету. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Курстық жұмысымды жазу барысында өзіме деген қаржылық институттан, екінші деңгейлі банктердің қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау туралы көптеген жаңалықтар ашамын деп ойлаймын.
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау теориялық әдістемесі қарастырылды. Екінші бөлімде коммерциялық банктердегі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау жүргізілді, ал үшінші бөлім қазіргі кезеңде несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары ұсынылады