Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесі

Кіріспе

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.1 Мемлекеттің қаржы жүйесі
1.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

ІІ. Ресейдің қаржы жүйесі
2.1 Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары
2.2 Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
2.3 Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өзінің әлеуметтік–экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады.

Қаржы мемлекеттің өркендеп, дамуының материалдық негізі және тірегі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық дамуына белсенді әрі пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Енді осы қаржы жөнінде ғалымдардың зерттеулеріне жүгініп көрейік. Қаржылық құқық саласының қазақстандық көрнекті ғалымы Худяков А.И. «қаржы» термині латынның «финис», яғни істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Он сегізінші ғасырда француздар «finance», яғни «финанс» деп мемлекеттің кірісін және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде «финанс» — «қаржы» терминінің мағынасы ақшамен тығыз байланысты. Cондықтан көптеген жағдайда азаматтар қаржыны қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақша деп түсінеді.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі он жыл ішінде өте қарқынды дамыды.

Ресей Федерациясының қаржысы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары тығыз байланыста және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады.

Курстық жұмысымның тақырыбы – «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері».

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесі, олардың қаржы жүйесінің ерекшеліктері туралы қарастырылған.

Ал курстық жұмыстың міндеті – екі елдің қаржы жүйесінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау. Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелеріқұрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттік бюджет жүйесі, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, жергілікті қаржы.

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

— мемлекеттік бюджет;

— сақтандыру қорлары;

— қор нарығы;

— мемлекеттік несие;

— шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржылары;

— бюджеттен тыс қорлар.

курстық жұмыс / 28 бет