ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi
1.2 Банктік несиелеу принциптері және несиелеу механизмі
1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қазақстан Республикасының банктік несиелеу секторын талдау
2.2 Коммерциялық банктегі несиелендірудің жағдайына талдау («БТА банкі» АҚ мысалында)
2.3 «БТА банкі» АҚ несиелік қызметі бойынша ағымдағы несиелендіру бағдарламалары
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А, Б, В, Г, Д, Е
КІРІСПЕ
Еліміздің экономика саласындағы басты рөл қазіргі кездегі ақша, банк және несие ұғымдары болып табылады.
Несие — бұл банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Несиені барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен барып туындайды.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық және банктік несие. Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие болып табылады. Бос ақша капиталы өндірістің кез келген саласына беріле береді.
Халық өз мұқтаждықтарына қажетті қаржы ресурстарын несие алу арқылы қамтамасыз етеді. Халық несиені өздерінің жеке кәсіпшілігіне, шаруашылығына және отбасы бюджетін толтыруға алады.
Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.
Несиелік қатынастар қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Қазіргі қалыптасатын банктік несиелік қарым-қатынастары дамуының қарқыны нарықтағы бәсеке факторына тәуелді болып отыр.
Курстық жұмыс өзектілігі: Еліміздегі экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылатын банк секторының несиелендіру жүйесі. Ел экономикасын дамытуда да әсіресе осы салаға көңіл бөліп отыр сондықтан да оның мәні, түрлері механизімін ҚР-ның банк секторының ағымдағы несиелеу жағдайы және клиенттернің төлем қабілеттілігін анықтау сонымен қатар оның жетілдіру жолдарын ұсыну маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банктік несиелеудің теориялық негіздеріне яғни, банктік несиелеудің мәні, түрлері принциптері мен несиелеу механизмі және банк клиентінің несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері сонымен қатар ҚР-ның банк секторына талдау және «БТА банк» АҚ мысалында және банктік несиелендіруді жетілдіру тақырыптарының мағынасын ашу және талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
― Банктік несиелендірудің теориялық негіздерін анықтау;
― банктік несие ұғымына толық сипаттама беру және оның түрлері мен механизміне шолу;
― Қазақстан Республикасындағы банктік несиелеу секторына шолу;
― ҚР-ның банктерінің несиелеу секторын «БТА банк» АҚ мысалында талдау;
― Банктік несиелендірудің жетілдіру жолдарын анықтап, өз ұсынысымды енгізу;
Жұмыстың зерттеу пәні: мемлекетіміздің банктік секторының экономикалық жағдайын талдау,атап айтса, банктік несиелендірудің мәнін ашу, түрлерін зерттеу және несиелеудегі мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде Қазақстанның банк сферасындағы қазіргі жағдайы, «БТА банк» АҚ еліміздің банк секторындағы рөлі және несиелендіру бағдарламалары мен операцияларын талдау яғни, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктер қызметтері қаралады.
Жұмыстың ақпараттық негізі: курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері қолданылды.
Курстық жұмыс / 58 бет