Тұтыну несиесі және оның даму перспективалары

Жоспар:

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2

1  Бюджеттен тыс қорлардың мәні…………………………………………………………..5
1.1 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ……………………………………………………………………………………………………………….6
2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлардың қолдану ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………9

2.1  Қазақстанның инвестициялық қоры…………………………………………………..12

2.2  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қоры ………………………………………..21

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….23

Пайданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..24

 

Кіріспе

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл  қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы. Бұл қорлардың дұрыс құрылуы мен пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді. Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады. Бюджеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.Бюджеттен тыс қорлардың ақшалай қаражаттары мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады:
— жарғылық қызметі;

— артық    ақшаның    белгілі    бір    үлесінің    қаржылық активтерге инвестициялануы;

— коммерциялық қызметі.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің, мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.
Тағайындау — қаражаттардың аударымдары есебінен мақсатты шаралардың каржыландырылуы:

а) арнайы мақсатты салықтар есебінен;

б) зайымдар мен ақшалай-заттай лотереялар есебінен;

в) бюджеттен алынған субсидия есебінен;

г)  қосымша табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;

д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан.

Бюджеттен тыс қорлардың    көмегімен мыналар асырылады:

— отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске  әсер ету;

— қоршаған  ортаны ластағаны  үшін  алынған  айыппұл мен арнайы белгіленген  көздер  есебінен  табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

— әлеуметтік  инфрақұрылымды   қаржыландыру,   субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;

— зайымдар   беру.

Бюджеттен тыс қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырылады. Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:
а) салық төлеуден босатылуы;
б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдіктерден басқа).