МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ БУЫНЫ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің шығыстарының құрамы, динамикасын талдау
2.3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУ
3.1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті қаржылық бақылауды дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік бюджеттің басқа да қаржы тармақтарымен байланысын, оның экономикалық рөлі мен мәнін, маңызын айқындау, мемлекеттік бюджет құрылымын, бюджетаралық қатынастары, функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптерін, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты жұмсалуын, яғни мақсаттылығын және бағыттылығын, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлін,экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау, мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысын, міндеттері мен функцияларын, мақсаттарын әзірлеу, мемлекеттегі қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетті ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілерін зерттеу, экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама беру, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының бөлуін және бақылауын талдау, олардың мақсаты мен бағыттылығын, алдағы жылдарға арналған мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын әзірлеу.
Курстық жұмыстың міндеті: мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын, функцияларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсету, талдау, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру.
Бірінші бөлімінде, мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, экономикалық мәні мен мазмұны, экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджеттің сипаттамасы, мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысы,мемлекеттік бюджет құрылымы, бюджетаралық қатынастары, функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптері анық қарастырылады.
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.
Үшінші бөлімінде, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты жұмсалуы, яғни мақсаттылығы және бағыттылығы, даму жағлайы мен қаржылық бақылау деңгейінің даму жолдары қарастырылған.
Курстық жұмыс / 40 бет