Жоспар
Кіріспе…. 2
І Тарау. Салық жүйесі негіздері
1.1. Салықтың маңызы…..4
1.2. Салықтың даму тарихы……….7
1.3. Салықтың мәні, принциптері және атқаратын қызметтері…..8
1.4 Салық түрлері……….10
1.5 Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу бөлімін толтыру ерекшеліктері………11
ІІ Тарау. Көлік салығының нарықтық экономикадағы маңызы
2.1. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу тәртібі……..13
2.2. Салық төлеу мерзімдері, салық деклорациясы…….17
2.3 Автокөлікті жалдау :әр түрлі жағдайларда есепке алу ерекшеліктері….. 18
Қорытынды……..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….24
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет.
Салық практикасы мен экономикалық конъюнктура акцизделуге жататын бірқатар тауарларға салық салу жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр.
Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.
Бұдан кейінгі мәселе – қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.
Мұның өзі сонымен қатар отандық тауар өндірушілер. Ал, осы айқындамалар тізімі өзге де шаралармен қатар, тек сөз жүзінде ғана айтыла салмайтын декларациялар қабылдауды қажет етеді.
Ол декларацияда ТМД елдерінің келісілген салық және кеден саясатына сәйкес болуы тиіс. Мұны өзі әсіресе, қосымша өндірілген құннан алынатын салықтың механизіміне тікелей қатысты. «Тауардың барып жеткізілетін жеріне» байланысты принцип бойынша «тауар шығарушы елді» анықтау саласындағы тәртіп бұзушылыққа жол бермейді.
Олай болса, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жеңілдіктерді қолдануға жағдай туады, сыртқы түсімдер есебінен бюджетке берілетін қаржыны арттыруға мүмкіндік болады.
Бұл курстық жұмыс көлік салығын қарастырады.