МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………….3
1 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ…….5
1.1 Кәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі және құрылымы……..5
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мақсаты және міндеттері…………9
1.3 Қаржы рыноктар — кәсіпорын қазметінің негізі ретінде……….13
2 ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……15
2.1 Қаржылық менеджердің біліктілік сипаты және оның функциялары……15
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау…….20
2.3 Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент………22
Қорытынды……..26
Қолданған әдебиеттер тізімі……27
Кіріспе
Менеджмент теориясының эволюциясы фирманың, корпорацияның басқарылуымен тығыз байланысты. Қаржылық менеджменттің энциклопедиясында былай делінген: қаржылық менеджмент — кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің ерекше түрдегі ішкі жүйесі ретінде басқару қызметінің өзге салаларымен тығыз қиылысып жатыр.
«Менеджмент» термині өзінің мағынасы бойынша көбінесе «басқару» түсінігіне сәйкес келеді. Алайда «басқару» түсінігі адамның іс-әрекетінің әртүрлі салаларында (мемлекетті, биологиялық процестерді басқару және т.б.) қолданылатын болғандықтан, одан да кеңірек болып келеді. «Менеджмент» термині нарықтық жағдайларда қызмет ететін кәсіпорын, фирма, корпорация деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару ісінде ғана қолданылады. Ол орыс тіліне сөзбе-сөз аударылмайды. Ағылшын тілінде сөйлейтін, және ең алдымен осы термин пайда болған АҚШ-та «менеджмент» сөзі әрдайым шаруашылық іс-әрекетке қатысты қолданылады
Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсекелестік те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқарумен ондағы қаржы ресурстарының басқарылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорындардың келесі түрлері құрылып жұмыс істеуі мүмкін:
- Адамдардың бірігуі ретінде серіктестік, олардың қызметіне
қүрылтайшылар тікелей қатысуы міндетті; - Капиталды біріктіру ретіндегі қоғам;
- Қарапайым азаматтардң өндіріске қатысу нысанындағы өндірістік коперативтердің нысаны;
• Мемлекеттік кәсіпорындар.
Шарушылық қоғам үш түрде болуы мүмкін:
1 Акционерлік қоғам
2 Жаупкершілігі шектеулі шаруашылық қоғам
3 Қосымша жауапкершілігі шектеулі шарушылық қоғам
Меншік нысанының әр-түрлілігі Қазақстандағы қаржы нарығының пайда болуы рынок қатысушыларының арасындағы қаржылық қатынастардың пайда болуын көздейді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
- Ұйымдар мен кәсіпорындар арасында жиынтық табысты
қалыптастыру мен бөлу процесінде, жеткізілімді төлеу кезінде,
дайын өнімді сату кезінде; - кәсіпорынның акцияларын шығару мен тарату кезінде;
- Валюталық қорды пайдалану кезінде кәсіпорындармен және шетелдік әріптестер арасында.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бухгалтер мен экономистің біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді түтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық операциялар иеленеді.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар). Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі түлғасы болады. Қазақстанда елдің әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бүрыңғы механизмін түбегейлі қайта қүруы жүріп жатыр.
Нарықтық экономика оның үүлгілерінің әр-түрлілігі кезінде мемлекет реттеумен толықтырылатын әлеуметтік бағыттаға шаруашылықты білдіреді. Нарықтық қатынастардың өзіндік жүйесінде, сондай-ақ оларды мемлекет тарапынан реттеу механизмінде де қаржы басты рөл атқарады. Олар нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады, және мемлекттік саясаттың жүзеге асырылуының маңызды құралы болып табылады. Міне, сондықтанда қаржылық менеджердің жүмысының маңыздылығы артып отыр.
Қазақстанның экономикасының көтерлуі, бұған кең ауқымды теориялық білімдері бар жоғары білікті кадрлардың және оларға инвесторлардың, акционерлердің, несие берушілердің, өзге де қаржылық қатынастар қатысушылардың мүдделердің объектівті қорғауды жүзеге асыратын жақсы тэжірбиелік мектептің қатысуынсыз мүмкін емес.
Міне, сондықтан да қазіргі таңда біздің республикамызда қаржылық қызмет саласында мамандардың даярлаумен оқытуға көп көңіл бөлінуде.
Бүл курстық жұмысы Кәсіпорындағы және қазіргі таңдағы нарықтық экономикадағы қаржылық менеджменттің орынын, қойылған талаптарын, ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жұмыс қаржылық менеджменттің кәсіпорындағы атқаратын рөлін айқындауға және шарушылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесіне арналған.