Кіріспе
1 Кәсіпорын ресурстар мен ақпараттар қозғалысының теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
1.2 Ақпараттар қозғалысы түсінігі
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары
2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы
2.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері
3 «АКА» ЖШС-ның ресурстарын пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның ресурстарын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.
Курс жұмысының тақырыбы- «Кәсіпорында ресурстар мен ақпараттар қозғалысын ұйымдастыру». Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның ақпараттар қозғалысы болып табылады.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты.
Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Зерттеу объектісі — «АКА» ЖШС. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады.
Кәсіпорын ресурстарын қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА ” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.