МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстандағы несие тәуекелділігін басқару жүйесі
1.2 Несие тәуекелділігі жіктемесі
II Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне талдау
2.1 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
2.2 Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы
III. Банктің несие тәуекелділігін бағалаудың әдістемелік және практикалық негіздерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген қателіктер банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы — қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймын.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру — өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз-несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
— қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
— банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
— дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныстарды қарастыру;
— Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
— Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолдарын қарастыру;
— несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және олардың қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Курстық жұмыс / 25 бет