МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1 21(IAS)ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТЫ БОЙЫНША ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық аспектілері
1.2 ҚР валюта жүйенің қалыптасуы
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ
2.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы
2.2 ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу
2.3 ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КIРIСПЕ
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады[1,1б.].
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
— Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
— Экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп –теңдік;
— Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық жүйе – ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Кусртық жұмыстың мақсаты:
Бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталдым;
Екiншiден, Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсатына жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:
- Халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
- Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
- Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
- Шетелдік валюталы операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындан, қолданылған әдебиеттерден тұрады:
Бiрiншi бөлімде валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық аспектілері(ХҚЕС), ҚР валюта жүйенің қалыптасуы және валюталық жүйе типтері және оның элементтері, жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне 39 (IAS, ХҚЕС), сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылады.
Екінші бөлімде валюталық жүйенің негізгі элементтері валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу қарастырылды, сондай –ақ ҚР Ұлттық Банкінің валюталық бағам өзгерісіне қаржылық талдау.