Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу

Мазмұны
Кіріспе………………4

1 Бюджет жүйесінің теориялық аспектілері
1.1     Бюджет ұғымы және экономикалық мәні……….5
1.2     Бюджет жүйесі:құрылымы және ұйымдастыру принциптері………7

2  Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында  кірістер мен шығыстардың жағдайын талдау
2.1  Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және оның қалыптасу көздері…………11
2.2  ҚР-ның Ұлттық қоры және оның экономикадағы рөлі……16
2.3  ҚР-ның бюджет  жүйесіндегі кірістер мен шығыстар жағдайына талдау…….18

3  Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында қаржыларды бөлудегі мәселелер мен оларды шешу жолдары

Қорытынды………..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі…….29
Қосымша……….30

Кіріспе  

       Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютты және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі  және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр

Осы курстық жұмыстың мақсаты- бюджет жүйесінің жекелеген буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу. Мемлекеттік кірістер мен табыстардың  экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың  Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен шығыстардың қазіргі кездегі экономикалық  жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді. Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.

Мемлекеттік кірістер мен табыстардың   экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты  салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.

Курстық жұмысымның бірінші тарауында бюджет жүйесіне оның экономикалық рөлі мен құрлымына түсінік берілген.

Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарына талдау көрсетілген . Онда мемлекеттің кірістері мен шығыстары  пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген.  Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.

Үшшінші тарауында Қ.Р-ның бюджет жүйесінің проблемалары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер мен шығыстар болып табылады.

 курстық жұмыс / 28 бет