ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………3
І БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларының мәні, түрлері……..5
1.2 Қызметінің ұйымдастыру ерекшелігі, тәртібі………………9
ІІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау………15
2.2 Қазақстандық коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау…..29
2.3 Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары…….36
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанда коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жетілдіру шаралары……..39
3.2 Қазақстанда коммерциялық банктердің факторингтік операцияларын жетілдіру жолдары……45
ҚОРЫТЫНДЫ……….47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….49
КІРІСПЕ
Коммерциялық банктер — ақша айналыс жүйесін жүзеге асыруға, толық бағалы ақшаларды қамтамасыз етуге, арнайы банктік әдістер барлық халық шаруашылық кешенге әсер етуге бағытталған макроэкономикалық міндеттерді шешетін банк жүйесінің ажырамайтын құрамдас бөлігі. Меншік капиталдың үлкен мөлшерге ие банктер ірі инвесторларға айнала алады, яғни, халық шаруашылығының дамуына тікелей әсер ете алады, құрылымдық қайта құрылуларға белсенді қатыса алады және экономиканың көптеген салаларының перспективаларын анықтай алуы мүмкін. Осылайша, елдің экономикасының нақты секторының кәсіпорындары үшін өзінің қаржылық нәтижелер тиімді басқаратын банктер ұдайы өндіріске шаруашылық субъектілерді инвестициялаудың, яғни банктердің бар болу факті елдің кәсіпорындары үшін көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікпен байланысты.[1]
2010 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан еліміздің ірі компанияларымен қоса ірі банктерінің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол берді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің қаржылық жағдайын талдау пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
Қаржылық нарықтың барлық субъектілерінің бір-бірімен
байланыс жағдайында банктердің банкроттығын болдырмау үшін
привентитивті шаралар қолдану керек. Бұл үшін қаржылық
нәтижелерді, табыстарды, шығындарды, балансты, макроэкономикалық жағдайды талдау және оларға баға беру керек. Бүгінгі күнде, қаржылық нарықтың барлық субъектілері, соның ішінде банктерді де бәсекелестік ортада қалу және тиімді қызмет ету үшін дайындау мәселесі өте актуалды. Сонымен бірге, коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін тандау тақырыбы жағынан жете зерттеле қоймаған және теориялық пен тәжірибелік қарастыруды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты — қаржылық операцияларын талдаудың әдістемелерін қарастыру және олардың елдің ұдайы өндірістік секторының жағдайына әсер етуін негіздеу болып табылады.
Осы мақсат келесі міндеттерді шепіуде қажеттілік тудырады:
– банктердің лизингтік операцияларын талдау;
– банктердің факторинтік операцияларын талдау;
– банктердің форфейтингтік опрацияларын талдау;
Екінші денгейлі банктердің қаржылық операцияларын талдауға бағытталған жасалған талдаудың ең бастысы банктің қаржылық жағдайын жақсартуға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, екінші денгейлі банктердің қаржылық жағдайын талдау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің қаржылық жағдайын талдау, бағалау теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.