АҚ БанкЦентрКредит коммерциялық банкі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……..3
Банктің миссиясы….5
Еңбек құқығы………6
1. Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есеп жүргізу…..6
1.1. Тұтыну несиені ұйымдастыру…….6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелеу……..16
1.3. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер…..18
2. Банктің кассалық операциялары……..20
3. Салым операцияларды есептеу және ұйымдастыру……22
3.1. Пластикалық карточкалар…….23
Қорытынды……….25
Пайдаланылған әдебиеттер……..26
Қосымшалар

Кіріспе

АҚ “БанкЦентрКредитте” практиканы өту кезінде мен осы банктің тарихымен, ұйымдастыру шараларымен және негізгі бағыттарымен таныстым.

АҚ “БанкЦентрКредит” 1988 жылы 19 қыркүйекте ашылды. 19 жыл ішінде  АҚ “Банк Центр Кредит”  Қазақстанның қаржы нарығында өз қызметтерін табысты өткізуде. АҚ “Банк Центр Кредит” Қазақстанда ең бірінші ашылған жеке коммерциялық банк болып табылады.

Банктің республика бойынша кеңейтілген филиалдар желісі бар, банктің 19 филиалы және 100-ден артық есепті-кассалық бөлімшілері бар.

АҚ “Банк Центр Кредит” Қазақстанда ең бірінші барлық банктік өнімдер мен қызметтерді сатумен айналысатын, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін, ішкі филиалдық операцияларды өңдейтін және барлық клиенттердің шоттары және барлық мәмілелеріне бақылау жасайтын фронт және бэк офистарды

еңгізді.

Банктің корреспондеттік желісі шамамен 40 шетел банктері, сондықтан да бүкіл әлем бойынша клиенттер өз серіктерімен есеп айырыса алады.

Қазіргі кезде АҚ “Банк Центр Кредит” халықаралық стандарттарға өтуді аяқтаған, республиканың жалпыұлттық банктердің санына кіреді. Банк Қазақстанның нарығында жақсы, табысты дамып, халықаралық қаржылық институттармен өзара қарым-қатынастарын кеңейтуде.

Банктің негізгі клиенттері- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар.

Банк  өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді көрсетеді, заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді алады, несиемен айналысады, Қазақстан бойынша және шетелге аударымдарды жасайды, құжаттық операцияларды (аккредитив, кепілдік және т.б.) жүзеге асырады. Сонымен қатар Банк клиенттің талабына және қажеттілігіне сай қызметтердің жаңа түрлері дамытуда.

Банк Қазақстанның екінші деңгейлі банктреде жеке тұлғалардың салымдарын кепілтендіру қорының қатысушыларының алғашқысы болып табылады.

АҚ “Банк Центр Кредиттің” акциялары Қазақстанның қор биржасының “А” категориясының ресми тізіміне қосылған.

Осы шарттардың бәрі банктің қаржылық институт ретінде табысты, тұрақты дамып отырғанын көрсетеді.

 Курстық жұмыс / 26 бет