Жаңа заман философиясы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.

Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.

Томас Гоббс(1588—1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік».

Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.).

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқай- сысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (Левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары, халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң азаматтардың ар-ожданы.

Джон Локк (1632-1704 жж.) — ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім — тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан түрады:

Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;

Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе түйсік.

Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі — адамның өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы,

Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал, екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар бар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал, екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы — көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы — көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай үғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдануы мүмкін.

Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлеқет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен әсер етті.

XVII – XVIII ғғ. Англияда философияда «идеялистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның іргетасын Дж. Беркли және Д. Юм деген ойшылдар қалады.

Джордж Беркли (1684—1753 жж.) — ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің», идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы.

Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711 — 1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, т.б. қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі Юмның; түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде; «ойлауға әдеттену». — өзіне себептілік инстинкті көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан, тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өлмеу» т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты — тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтыи көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге багындыру.

Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы уақытка дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рэне Лекарт (1596—1650 жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол акыл-ойдын мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы», т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның акиқаттығына да күманданады. Нағыз шындық — «күманданудың ойлаудың қабілеті» деп мойындау. Оның «мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген кағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтай іздемейді,керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) – ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте көсілуі.

Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте кесілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу, сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мәнін механика, математикалық есептеулер арқылы түсініп-білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалык тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіңдік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген нақтылықты жиынтықтаған, ал «мен» қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағаңдықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғаңдықтан олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқаңда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үйдес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.

Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.

Бенедикт Спиноза (1632—1677 жж.) – нидерланд философы.

Негізгі еңбектері: «Діни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «Этика», т.б.

Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өз-өзінен пайда болуына себепкер (causa sui). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бүлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте кесілу атрибутынан қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан– ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. Әлем түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.

Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.

Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып кездеседі. Егер, жануарларда – жан, адамдарда– жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары болса, басқа заттарда – тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философиада гилозоистік көзқарастың жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.

Спинозаның ілімі бойьшша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да – модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінуге жақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға деген сүйіспеншілік — біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені, олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.

Табиғаттың, адам өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты екенін түсіну үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.

Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі — сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады; екіншісі — рационалдық таным, басқаша айтқанда ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі – интуиция, немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Сөйтіп, құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдарың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы кұбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдыңдағы қорқынышы.

Бірақ Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.

Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғ. француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным проңесіндегі кейбір соны идеялары (интуиция т.б.) Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды.

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1642—1716 жж.) немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелері», «Мондология», т.б.

Лейбництің ілімі бойынша, құдай өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да түпнегізі — ұсақ денелі, шамалы болса да саналы монадалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: 1) барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді; 2) олардың өз алдына бөлек және әрекетшіл мүмкіндігі бар.

Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық, немесе геометриялық тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда «әрекетшіл күштің» түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күштің (кұдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашқы монада — құдай, ал калғандары оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, құбылыстар деп жүргендеріміз шындығында монадалар жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт — монадалар күшінің көрінісі.

Монадалар күшінің әрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде жинақталған. Монадалардың әр түрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің әр түрлілігіне байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» қабілеттерінің даму сатыларына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) «еске алу» қабілеті бейсаналық күйіндегі қарапайым, ұйқыда жатқан монадалар, оларға минералдар мен өсімдіктер жатады; 2) «еске алу» қабілеті түйсіктер мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар, оларға жануарлар жатады; 3) «еске алу» қабілеттері айқын да, анық рухқа, жанға айналған монадалар, олар — адамның жандары; 4) шын мәнінде саналы, объективті «еске алу» қабілеті бар монада, ол – құдай.

Әр монаданың «еске алу» кабілетінің даму заңдылығы тек өзімен шектеледі. Басқаша айтканда, еш нәрсе оған сырттан кірмейді және одан сыртқа шықпайды. Мысалы, минералдар мен өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамға, ал адам кұдайға айнала алмайды, әрқайсысы өз деңгейінде қалады.

Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну мен рационалдык танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі — ақыл-ой ақиқаты, немесе кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші ақиқат деп отырғанымыз логика мен математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан, бұл ақиқатқа жетудің бірден-бір жолы Аристотельдің логикалык заңдарына сүйеніп, танып-білу.

Ал, фактілер ақиқатына келетін болсақ, олар табиғатынан кездейсоқтық мәнде болатындықтан, оларды аталған логика заңдары арқылы түсіндіріп, білу өте қиын, сондықтан олардың дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдеу үшін, «жеткілікті негіздеу» заңын қолдану керек. Сөйтіп, Лейбниц логиканың төртінші заңын ашты.

Лейбництің адам және қоғам туралы пікірлері өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Оның пікірінше, «мен» («жеке тұлға») модус емес, өз алдына бөлек монада. Сондықтан да, ол қайталанбайтын, дараланған, өзіндік ерекше қасиеті бар адам. Бірақ «жеке адам» өзінің тек тұтастықпен байланысты екенін түсінеді. Сөйтіп, әрбір жеке адам өз алдына бөлек, белсенді және ерікті түрде өз мүддесімен сәйкес келетін, қоғам (тұтастық) мүддесіне қызмет етеді. Ал қоғам (тұтастық) болса, адамдардың біріккен «хоры», онда жеке адамдар өзінің ерекше қасиеттерін дамыту арқылы басқалардың игілігін дамытады, сөйтіп өркендеуге өз үлесін қосады.

Лейбництің ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс классикалық философиясының қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар Лейбництің монадалардың әмбебаптық байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы т.б. идеяларын әрі қарай дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық, қағидаларды дуниеге әкелді.

Франция XVIII ғ. ағылшын философиясының ықпалымен ағартушылық, ілімнің ошағына айналды. Бұл қозғалыстың көсемі Волътер, шын аты-жөні Франсуа Мари Аруэ (1694 – 1778 жж.) болды. Негізгі шығармалары: «Тарих философиясы», «Философиялық повестер мен әңгімелер», «Эстетика», «Хаттар», т.б.

Вольтердің өткір де шыншыл шығармалары арқылы ағартушылық идеясы толық қалыптасып, барлық Еуропа елдерінде тарады. Өз шығармаларында Вольтер феодализмнің келеңсіз жақтарын және діннің қағидалары мен уағыздарын келеке етіп, сынға алды. Дегенмен де, ол құдайдың бар екенін мойындайды, бірақ ол жоқты бар ете алмайды, ол тек табиғаттың алғашқы қозғаушы күші ғана. Табиғат, қоғам әрі қарай өз заңдылықтарымен дамиды. Вольтер құдайдың әр түрлі қасиеттерін негіздеуге тырысатын дінді де, оған қарсы — атеистік ілімді де жақтамайды. Олардың біріншісін дәлелсіз болғандықтан мойындамаса, екіншісіне қоғамдық тәртіпті бұзады, — деп қарсы болады. Адамзат тарихы, Вольтердің пікірінше, адамзаттың прогресс (үдеу) пен білімділік үшін күрес тарихы. Өркениетті адам табиғатпен алғашқы қауым адамымен салыстырғанда әлдеқайда үйлесімді өмір сүреді. Осы тұрғыдан ол «адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті. Мемлекетті басқарудың ең тиімді түрі — ағартушылық монархия. Ол ерікті қоғамның қалыптасуына жағдай жасауы керек. Сол кезде ғана ерікті қоғамның басты табиғи талантары — сөз, баспасөз, ар-ождан бостандықтары шын мәнінде жүзеге асады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік — заңды құбылыс, ал адамдар тек қана заң алдында тең болулары керек.

Жалпы алғанда, Вольтер тарихқа, әсіресе мәдениет және философия тарихына ерекше көңіл бөліп, осы ғылымдардың дамуына себепкер болған және ағартушылық идеяны қағида ретінде қабылдап, уағыздаған ойшыл.

Шарлъ Луи Монтескъе (1689—1755 жж.) — құқық және тарих мәселелерін философия тұрғысынан қарастырған француз ойшылы. Негізгі еңбектері: «Фарсылық хатхар», «Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы пікірлер», т.б.

Монтескье әр халықтың және елдің заңдарын, саяси өмірін табиғи және тарихи жаздайлардың ерекшеліктерінен деп түсіндірді.

Заңдар – табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи зандарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа райы, жер реңі, т.б.) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл зандылықтар мәңгі және еш өзгермейді. Осы заңдар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар қалыптасады. Мемлекеттік басқару ісі билеуші бекіткен қоғамдық заңдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеу түрінің өзі мемлекеттің жер көлемінің үлкен-кішісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Осыған орай Монтескье: үлкен мемлекеттер үшін – деспоттық, орта көлемді елдер үшін — монархиялық, ал шағын көлемді елдер үшін — демократиялық билеудің түрлері тиімді деп есептейді. Оның пікірінше, билік бөлініп: заң шығару, атқарушы және сот биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болып қызмет атқарулары керек.

Монтескьенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін айқындауға, Қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптастыруға негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі ойшылдарға, саясатшыларға зор әсер етті.

Жан Жак Руссо(1712—1778 жж.) француз ағартушылық ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», .«Қоғамдық келісім туралы», «Эмил, немесе тәрбие туралы». Егер Вольтер адамзат тарихы прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік, өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан ол, адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.

Теңсіздік мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан, барлық, мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек, өндірістік құралдардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі — жеке меншіктің, ал ол – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.

Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы — Руссоның айтуынша, — бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге, ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Адам туғанда бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-еркін біріккен, «ортақ жігер — ерлікке» шоғырландырады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті бейбітшілік пен: әділеттілікті сақтау.

Руссоның теңсіздіқ, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өмірінде мемлекеттік құқық тәрбиесі, т.б. әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына үлкен әсер етті.

Аты-шулы француз «энциклопедиясын» (1751—1788 жж.) шығару барысында, сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасты. Олардың ілімдерін жеке-жеке бөліп қарамай, жалпы «энциклопедистер ілімі» деген ортақ атпен біріктіріп қарағанды жөн көрдік. Негізгі өкілдері мен олардың еңбектері: Дени Дидро (1713—1784 жж., «Рамо жиені»). Ламетри (1709—1752 жж„ «Адам — машина»), Гольбах (1723 — 1789 жж., «Табиғат жүйесі»), Гельвеңий (1715 — 1771 жж,, «Адам туралы»), т.б.

Энциклопедистер пікірінше, әлемнің түпнегізі — табиғат, материя. Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр (форма), қозғалыс.

Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тән болса, кейбіреулеріне енжарлық тән. Белсеңділігінің арқасында материя, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз, өзінен өзі туындайды және өз дамуының себебі өзінде.

Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты және олар материяның негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру тәсілі. Денелер үздіксіз қозғалыста болады, тыныштықтың өзі де қозғалыстың бір түрі. Бірақ олар қозғалысты механикалық қозғалыс (орын ауыстыру) тұрғысынан қарастырады. Сезімдік түйсіну — барлық денелерге тән. Олай болса, табиғаттың өзінде түйсіктерге ұқсас қасиет бар. Ал, сана-сезімдік түйсіктері бар денелер, негізінде жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның түрінде болады (Гольбах).

Дүниеде себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз кездейсоқтықтың өзі де себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму жай ғана көбею, пайда болу, жеделдету, бәсеңдету. Адам мен қоғамдар осылай дамиды. Сайып келгенде, дүниедегі өзгерістердің барлығы таза механикалық заңдылықтарға бағынады. Мысалы, жануарлар, адамдардың өздері де жаны бар машиналар.

Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, олардың өздеріне тән табиғи құқықтары бар. Олар — өмір сүру, меншік иесі болу, бостандық құқықтары. Адамдардың бұл аталған табиғи құқықтары феодалдық қоғам тұсында жүзеге асырылмай келеді, себебі онда билеушілердің мінез-құлықтары нашарлап, адамгершіліктері төмендеп кеткен. Сондықтан, халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекетті басқару тәсілін өзгертіп, жетілдіру және заңдарды реттеу керек. Ол үшін билеушілерді ағарту керек. «Әлемді пікір билейтін» болғандықтан, мемлекет басқаруда ұлы адамдардың (патшалар, қолбасшылар, ғұламалар, т.б.) рөлі өте жоғары. Демек, билеушілер ақылды, жанашыр, әділетті болса, халықтың жағдайы жақсарды, өздерінің табиғи құқықтарына жетуге мүмкіндік алады.

Таным процесі туралы айта келіп, энциклопедистер қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады да, ақыл-ой арқылы қорытылып, жаңа тұжырымдарға айналады. Бірақ адамның санасы заттарды тура сол күйінде қабылдамайды, бұл ретте адамның көңіл-күйі, т.б. субъективтік касиеттері-үлкен рөл атқарады. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін (ақиқат дегеніміз — заттар туралы ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі) – тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Демек, ақиқатты танып-білу философияның міндеті.

Қорыта айтқанда, француз ағартушылары өздері қойған–қоғам мен табиғаттың ара қатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, т.б. сұрақтарға терең де қанағаттанарлықтай жауап бермесе де, өздерінен -кейінгі, әсіресе неміс ойшылдарын осы қойған сұрақтарға басқа қағидалар негізінде болса да, жауап іздеуге итермелейді. Мысалы, француз ағартушылары адамды табиғаттың және қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап, ал қоғамдық өмірдің өзі адамдардың материалдық (өрескел саудагерлік мағынасында) іс-әрекетінің нәтижесі деген тұжырымға келсе, неміс ойшылдары бұл идеядан бас тартып, қоғамның да, адамның да табиғаты – рухани іс-әрекет негізінде қалыптасады дейді. Француз ағартушылары қоғам дамуының өзегін саналылықтың, білімділіктің өсуімен байланыстырып «әлемді пікір билейді» десе, неміс ойшылдары, әсіресе Гегель бұл идеяны әрі қарай дамытып, пікірлер идеялар әлемін билеп қана қоймайды, оны дүниеге келтіреді дейді.

Француз ағартушылары — адам туғанда басы болса, етікті болып туады, бірақ ол ылғи да шынжыр тұсаудан шыға алмағанына қарамастан ең жоғары құндылық, барлық мәдени жетістіктерді жаратушы десе, неміс ойшылдары, әсіресе Кант бұл пікірді жалғастырып, жеке тұлға — қоғам дамуының өзіндік мақсаты, ал мәдениет – оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы, сондықтан барлық әлеуметтік және әдептілік-этикалық қатынастарды жетілдіру қажет деп, ал, Шиллер: «Әлемді әдемілік (көркемдік) құтқарады» дейді. Бұл жерде Шиллер бұл тезисті деспотизм күйрегенге дейін, сол деспотизм өнердің, эстетикаңың әсерімен «адамның өзінде» күйреуі керек деген мағынада қолданып отыр.