Ядролық мәселені шешудегі тиімді жолдар

Ядролық мәселені шешудегі тиімді жолдар туралы қазақша реферат

Қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады. Лиссабонда КСРО АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды [13].Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды.

Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық қоғамдастықтың танығанын білдірді. Кейіннен осы сияқты кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді.

Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі  халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты.

1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

2010 жылы маусым айында Біріккен ұлттар ұйымы Нью-Йоркте Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім бойынша халықаралық конференция жұмысын бастады. Саммит мамыр айының соңына дейін созылады. Оған қатысу үшін Иран басшысы Махмұд Ахмадинежад та келді. Махмұд Ахмадинежад — Иран Президенті «Әлемнің ядролық қарусыздануы мен ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты Иранның да байыпты көзқарасы мен нақты ұсыныстары бар. Жаппай қырып жоятын қаруды жасайтын, қолданатын және иелік ететін елдерден рахым күту мағынасыз нәрсе»[3, 4б].

Алқалы жиынға 189 елдің делегаттары қатысуда. Қырып жоятын қарудың қатері жергілікті қала тұрғындарын да көшеге алып шықты. Ереуілшілер оны мүлдем жою керек деп ұрандатты. Арасында жапондық Хиросима мен Нагасакиқалаларының басшылары да бар. Бұл екі қала екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, АҚШ тастаған ядролық бомбаның қасіретін әлі тартып жатыр. Ал, Семей полигонынан зардап шеккен біздің елдің өкілдерімамырдың 5-і күні саммитте өз ойларын ортаға салады.

2011 жылы наурыз айында Мәжілісте   МАГАТЭ  ұйымының жаңа  бас  хатшысы  Юкио  Аманоның  жақында жасаған баяндамасы талқыланады деп күтілуде.   Ол құжатта     Иранның  ядролық бағдарламасына  қатысты    алғаш рет  алаңдаушылықбілдіріліп, Тегранның ядролық қару   жасау  мүмкіндігі айтылған  болатын.МАГАТЭ Біріккен  Ұлттар   Ұйымының  халықаралық құрылымына кіреді.  Осының алдында, бейсенбі күні     Ассошиэйтед Пресс  ақпарат  агенттігі    баяндамамен таныс  дерек көздерге сілтеме  жасап,  МАГАТЭ-нің    Иранның  ядролық  бағдарламасының   әскери мазмұны  туралы    қорытындыға келгенін    хабарлаған болатын.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының  соңғы ақпараттарына байланысты,  МАГАТЭ,   Иранда    ядролық   қаруды жасау  бағдарламасының  бар   екендігі  немесе  болғандығы  туралы  нақты     дәлелдің  жоқ екенін   тағы   да  қайталайды.   2010 жылы  қыркүйектің 9-ында өткен   Басқарушылар  кеңесінің   мәжілісінде Бас  директор Мохаммед аль-Барадеи,  Иранға қатысты   мәліметтерді МАГАТЭ-нің  жасырып отырғандығы  туралы толастамай  отырған   айыптаулардың саяси астары   бар  екенін   және олардың мүлдем  негізсіз екенін   ескерткен болатын»,  делінген   БҰҰ-ның  Нью-Йорктегі  штаб-пәтерінде  таратылған  МАГАТЭ  баспасөз қызметінің  мәлімдемесінде[7, 35б.].

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 2011 сәуір айындағы саммитіне қатысушылардың назарын бірнеше принципті жайттарға назар аударды. Бұл самитте 2011-2021 жылдарға арналған «ядролық қаруды таратпау оны реттеу»  аттыстатегия жоспарғаалынды. Бұл стратегия бойынша осы қамтылған жылдар ішінде ядролық қаруды азайту және ие болған елдерді заласыздандыруға көндіру болып табылады.