Валюта нарықтарының ерекшеліктері

Стандартты инфрақұрылымдағы қажеттілік валюта айналымын және құндылықтарын қамтамасыз ететін валюта нарығының пайда боуына әкеледі. Валюта нарығы өз алдына ерекше ұйымдасқан сұраныс пен ұсыныстың негізінде валюта құндылықтарына жеке меншіктің құқықтарына ауысудағы қарым-қатынастарды реттейтін механизмді көрсетеді. Бұл анықтама валюта нарығының үш негізгі ерекшелектерін көрсетеді, сондықтан да басқа тақырыптардан ерекшеленеді.
Бірінші — әр түрлі валюта операцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдық механизмнің болуы. Қаржылық инфрақұрылымнан тұратын бұл механизм (банктер, биржалар, брокерлік компаниялар және т.б.) және нормативті актілерде тіркелген валюта нарығына қатысушылардың принциптері валюта операцияларының бүкіл құрылымын реттейді. Бұл ерекшелік валюта нарығын шетел валютасының айналымының заңсыз формаларын көрсетеді.
Валюта нарығының екінші ерекшелігі оның халықаралық сауданы, халықаралық капитал қозғалысына қызмет етуден тұрады. Қазіргі әлемдік экономикада, сыртқы саудада, халықаралық несиелендіруде, инвестицияда пайдаланылатын біртұтас төлем бірлігі жоқ. Барлық негізігі сыртқы экономикалық қызметі бір валютаны екінші валютаға алмастыру болып табылады. Көптеген елдердің көптеген валюталарынан тұратын қазіргі қаржы әлемі осылай құралған.
Валюта нарығы — әрбір жеке елдің валютасын интеграциялап, байланыстыратын механизм. Бұл оған тауарлардың қозғалысын халықаралық сферадағы қызметтер мен жұмыстарды, сату-сатып алуды, басқа валютада несиелер мен бағалы қағаздардың айналымын реттеуге мүмкіндік береді.
Валюта нарықтарының үш ерекшелігі басқа да нарықтардағы сияқты оның негізі нарықтық сұраныс пен ұсыныстан тұратындығында. Валюта нарығы өз алдына берілген елдің территориясындағы заңды бір ғана төлем құралындағы валюта нарығы өз сапасын жоғалтатын ерекше сфераны көрсетеді. Олар халықраралық нарықтық бағаның салыстырмалы объектісі болып табылады. Мұндай бағалауда төлем құралы және халықаралық масштабта құн мөлшері рөлін атқару ерекшеліктері ескеріледі. Нәтижесінде әрбір елдің валютасы, валюта сферасында халықаралық құнды алады.
Нарықтағы шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы экспортттаушылардан, импорттаушылардан, банктерден, транспорттық және сақтандыру компанияларынан, заңды және жеке тұлғалардан шығады. Осылайша шетел валютасының түсімін алған экспорттаушылар оны валюта нарығында сатуға ұсынады. Импорттаушылар оған сатып алған тауарлармен қызметтермен есептесу үшін сұраныс жасайды. Банктер өздірінің шетел валютасын пайдаланатын клиенттерін қамтамасыз ету үшін әртүрлі валюта түрлеріне сұраныс пен ұсыныс жариялайды. Жеке және заңды тұлғалар шетел валютасында несиелерді, жалға алулар мен дивиденттерді өтеуде көптеген талаптарды қояды. Валюта нарығы шетел валютасының сұранысы мен ұсынысын реттейді.
Бірақ көптеген жағдайда мұндай тепе-теңдік нарықтың күшімен ғана жүзеге асырылмайтынын ескеруіміз керек. Олардың орталығы Мексика және Латын Америкасынының басқа да елдері, Оңтүстік Шығыс Азия елдері болатын әртүрлі қаржылық кризистер кепіл. Валюта сферасында валюта қатынастарынын реттейтін күшті мемлекеттік жүйені шығарады.
Осылайша валюта нарығы өзінің көптеген ерекшеліктерімен басқа да нарықтарға (ақша, қор, сақтандыру) ұқсас.

2. Валюта курсы және валютаны сатып алу паритетінің ерекшелігі
Валюта нарықтарының орталық бөлімі валюта курсы болып табылады. Валюта курсы бір елдің ақша бірлігінің бағасының екінші бір басқа елдің ақша бірлігіндегі көрінісі. Арнайы ақша сомасы ретінде, ол әртүрлі елдердің ақша бірлігінің қатынасын көрсетеді.
Ұзақ мерзімге құрастырылған жоспарда валюта курсының негізін валютаны сатып алу қабілеті паритеті құрайды. Оны айналымға Дж. Уитли және Г. Кассел енгізген.(СҚП) Тәжірибеде СҚП әр түрлі лдердің тауарларының орташа бағасының қатынасымен анықталады. Көлемі бойынша СҚП таза статистикалық есептік категория, өзіндік баға индексі.
Сонымен қатар валюта курсы СҚП-ға қарағанда халқаралық сферада құрылады. Дәл осында әрбір елдің валютасы өзінің баға функциясын, айналым құралы, төлем және қор жинау құралы қызметтерін атқару ерекшіліктерінің дүниежүзілік бағасын алады. Сондықтан да ұлттық валюталардың номиналды ағымдағы курстары СҚП-дан ерекше.
Валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы байланыс көптеген экономикалық процестерде және эспорттау мен импорттауда маңызды рөл атқарады. Дамыған елдерге ұлттық валюта әне СҚП курсының бір біріне жақындау тенденциясы тән.
Осылайша ұлттық қарама қайшылықтарда валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы қатынас Жапонияда – 0,7, Ұлыбританияда — 0,95, Австрия мен Бельгияда – 1,0, Нидерландыда – 1,05 және т.б. Ресейдегі СҚП –ға қатысты валюта курсы кі есеге төмен.
Сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің төменгі курсы белгіленген мерзімдік диапазондағы сатып алу қабілеттілігіне қарғанда экспоттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін азайтады, импортты шектейді. Соның арқасында елдің сауда және төлем баланстары жақсарады, оның бәсекеге қабілеттілігі артады. Төмендетілген валюта курсы төмен шаруашылықтың интегралдық тиімділігінің компенсациясы пайдаланылады. Алайда СҚП-ға байланысты курстың белгіленбеу есебі экономиканың даму мүмкіндіктері шектелген. Валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы айырмашылықтарды шектеу, экономиканың ішкі
Сұраныстың есебінде тиімді экономикалық саясат қажет.

 Валюта бағаларын құрастыру ерекшеліктері
Ұлттық валюта нарығының ұлттық валюта курсын құрастыруы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен жүзеге асады. Валютаның ұсынысы сыртқы сауда операциялар мен сыртқы қаржыландыру есебінен жүреді. Валютаға деген сранысты ақша қаражаттарын басқарушылар мен жеке сектор анықтайды. Ресейдегі валютаға деген сұраныс пен ұсынысты құрастыру нақты спецификаны қажет етеді. Осылайша валютаға деген ұсыныс экспорттық түсімдер есебінен құрастырылады. Сонымен қатарт валютаға деген сұраныс және оның ұсынысы тұрақтылығымен ерекшеленетін ағымдарды көрсетеді. Олардың тепе – теңдігі тең валюта курсын валюта механизмінің көмегімен жүзеге асады.
Валюта курсын құрастыру басқа да нарықтардың бағасын құрастырудағы сияқты сұраныс пен ұсыныстың заңдарының көмегімен жүзеге асырылады. Елдің экономикасы неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ұлттық экономикадағы капитал ағымы мен импорт көбірек болса, соғұрлым халық пен өнеркәсіп жағынан шетел валютасына деген сұраныс көп.