Туризм түсінігі

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс.
Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор.
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
1. Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орынын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастыру мүлдем теріс түсінік.
2. Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турист) болып саналмайды.
3. Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат — бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Бұл үш критерий туризм түсінігінің негізін қалайтын басты элементтер болып табылады.