Загрузка...

Тауарлар және оларды өткізудің аудиті

Загрузка...

Таурлар және оларды өткізуін аудитінің басты міндеті — оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

  • Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
  • Қалыптасқан  тауарлык-материалдық   қорларды   басқару жүйесін талдау.
  • Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
  • Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
  • Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
  • Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.
  • Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
  • Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-ға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады.

Қорытынды 

Тауар –тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

Сонымен, әрбір кәсіпорын өзінің өндіріс процесінің нәтижесінде өнім алады. Өнім жартылай фабрикат, дайын өнім және өнеркәсіптік жұмыс ретінде көрініс табады. Осының ішінде тауарлар- жалпы экономикалық пайдасы мол өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Тауарлар қозғалысын есептеу мен ұйымдастырудың алғышарты – номенклатураны жобалау. Номенклатура – нақты бір өнім  түрінің қолданыстағы белгілену жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелі тізімі.

Тауарларды өткізу есебінің басты міндеті – есептеу мен тексеруді дұрыс    ұйымдастыру, дайын өнім қозғалысы туралы нақты мәлімет алу, объекттердің нормаға сай болуын қамтамасыз ету. Дайын өнім аудиті жүргізу толықтығына қарай: кешенді, функционалды, локальді болып бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиетер: 

1.Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж

2.Радостовец «Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі»

3.Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп»

4. Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаев, Ж.Ғ Жұмағалиев «Аудит» 2006ж

5. Толпаков. Ж С «Бухгалтерлік есеп» 2009 ж

Загрузка...