Загрузка...

Солтүстік Кореяның және Иранның ядролық бағдарламасы

Загрузка...

Солтүстік Кореяның және Иранның ядролық бағдарламасы туралы қазақша реферат

Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлем назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Кейінгі он жылда Иран елінің ядролық бағдарламасы халықаралық сахнада дау туғызып, аймақтағы тыныштыққа өз әсерін тигізуде.  Әлемнің жетекші елдері Иранның Бушердегі атом электр станциясын салғызуын, оған жарамды уранды байытуға арналған жабдықтарды іске қосуын атом қаруын жасауға бағытталған жоспар деп қабылдаған болатын. Иранға Халықаралық атом қуатына қатысты агенттігінің (МАГАТЭ) 2008 жылы 15 қыркүйектегі баяндамасында осы Агенттік Ирандағы ядролық заттар есептеулі және әскери бағытта пайдаланбағандығын жария еткен болатын [8, 12б].

Иран болса ядролық ізденістерді 40 жылдан астам бұрын бастаған еді. 1957 жылы Иран үкіметімен АҚШ ядролық қуатты бейбіт мақсаттарда қолдану туралы келісі мшарт жасасқан болатын. Содан кейін Америкадан Иранға қажетті ядролық жабдықтар жеткізіліп, оларды игеретін мамандар жіберілген. Иран жастары мен ғалымдары АҚШ-тың оқу орындарында, арнайы зерттеу орталықтарында тәжірибе алуға мүмкіндігі болды. Он жыл өткенде батыс елдерінің көмегімен Тегеран университетінің физика факультетіндегі ғылыми-зерттеу орталығында шағын қуатты (5 Мвт) реактор іске қосылған. Ол әр жылы 600 г плутоний игеруге шамалы еді. Алғашқы кезде оған жарамды шикізатты Аргентина жіберіп тұрған. Бұл іс-шаралар МАГАТЭ бақылауында болып, заңды түрде жүргізіліп жатты.

Иран 1968 ж. өмірге келген ядролық қаруды таратпау шартын қолдап, мәжілісте ратификациялады. 1974 ж. мамырда Иранның ядролық зерттеулері бейбіт бағытта болуын мойындай, МАГАТЭ кепілдік келісімге қол қойды. Иран атом электр станцияларын (АЭС) салу арқылы ядролық қуатын пайдалануды ойластырған. Алғашқы кезекте Батыс Германия, Франция, сондай-ақ АҚШ фирмалары оған атсалысқан. АЭС жұмыс істеу үшін байытылған уран қажет, елде оны өңдеу де қарастырылған. Алғашқы бағдарлама бойынша Иранда 20-дан астам энергоблок салу көзделген. Үкімет атом қуаты бойынша арнайы орган құрылып, оған уран қорларын іздестіру, ядролық отын өндіру мәселелерін жүктеген. АҚШ бастаған бір топ Батыс елдерінің компаниялары Бушерде және Азвазда екі-екіден төрт энергоблок құруға кірісіп, оларды 1980-1981 жж. және 1983-1984 жж. аяқтауды жоспарлаған. Алайда, Иранда азаматтық соғыстың орын алғанына байланысты, атом энергетикасын дамыту тоқтатылған болатын. Бушер түбіндегі бірінші энергоблоктың дайындығы — 90%, онда орнатылған жабдық көлемі — 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін дайын болған еді. Олар аяқтаусыз қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы соғыс ашып, сегіз жылға соғыс кезінде Иран басшылығы қазіргі кездегі қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе ретінде қарастырды. Соғыс аяқталғанша ядролық бағдарлама қолға алынған жоқ еді. Тек 1990 жылдары Иран КСРО-мен, Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Үндістанмен, т.б елдермен келіссөздер жүргізіп, ядролық құрылыстарды қайта жандандыруға кіріскен.  [9]. 1990 жылдардың аяғында Иран-Ресей арнайы келісіміне барып, құрылысты жалғастыру істері ұйымдастырылды. 2008 жылдың аяғында Бушердегі атом станциясын құру жұмыстары аяқталып, енді уран оынын орналастыру шаралары қарастырылды.
Келешекте Иран тағы да бірнеше атом станциясын салуға ниет білдіруде. Оларды салу, уран отынымен жабдықтау өте көп пайда беретіні белгілі және ол саланы игеріп алу саяси-әскери қауіпсіздікке тікелей қатысы бар. Жақында Иран президенті М. Ахмединежад Астанаға ресми сапар жасағанда осы мәселені қарастырған. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев «Иран басқа елдер сияқты бейбіт атом қуатына толық құқықты» дегені көпшілік арасында қолдау тапты. Бірақ АҚШ, Израиль, кейбір Парсы шығанағы мемлекеттері қарсылық көрсетуде.  Мәліметтерге қарасақ, АҚШ он мыңға жуық ядролық оқ тұмсықтарын сақтауда, олардың 5737 тұрақты түрде әскери дайындықта, алтауы шет елдерде (Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Нидерландия, Түркия, Германия) орналастырылған, Израильде 100-ге жуық, кей мәліметтерде 400 атом бомбасы мен снарядтар шоғырланған.
Батыстың зерттеуші мамандарының ғылыми тұжырымдамасында  ішкі саясат пен сыртқы саясат  тұрғысынан Иран Ислам Республикасын «террористік мемлекет» және де адам құқықтарын сақтамайтын  жабайы деген пікірде. Иран Ислам Республикасы  әлемдегі ядролық елдердің қатарына енер болса, Пәкістан және Үндістан қатарлы мемлекеттерге қосылары анық. Иран мемлекеті уран мен ядролық бағыттағы бағдарламасын іске асыру жобасын тек бейбітшілік мақсатта қолданатынын айтуда.

Иран Ислам мемлекетіне атомдық энергия не үшін қажет деген заңды сұрақ туындайды. Осы сауалдың жауабын құрлықтағы ядролық алпауыт мемлекеттердің өздері беріп отыр.  АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай мемлекеттері  сияқты мемлекеттердің ядролық ғылым саласындағы көптеген ғылыми жетістіктері дәлел болады. Иран мемлекетінің бұдан басқа да саладағы жетістіктерінің өзі  бір басына жетіп артылуда. Иран Ислам Республикасының ұраны — ғылымда, саясат саласында  және басқа да салаларда  тәуелді болмау, сондықтан Иран өзінің жеке энергия өндіру өндірісіне атом қуатын қолдану арқылы елде ядролық күш-қуатын пайдалану мүмкіндігіне ие болу.

Дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер өздерінің өндірісте және тағы басқа салаларда даму мүдделерін қорғауы және атом саласындағы жетістіктерін бейбітшілік мақсатта қолдануға мүдделі.  Халықаралық Атом Энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) негізінде осы бағыттағы мемлекеттердің бейбітшілік тұрғыдағы атом саласын дамытудағы бағыттарын бақылап, көмек көрсетуі керек.

Иран Ислам Республикасы «Ядролық қаруды таратпау келісімшартының» баптарына сәйкес барлық ережелерді орындау және келісімшарт негізінде ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта  электр энергиясын өндіруде, өндірісте, медицина саласында, биология және гидрология, т.б.  салаларда қажетке жарату болып саналады.

Иранның ядролық бағдарламасының тарихи негіздемесін қарастыратын болсақ,  Иран Ислам төңкерісіне дейін Иран шахтық-монархиялық биліктің ықпалында, Мұхаммед Реза шах Пехлеви өзінің жобасында елде атомдық энергетиканы қолға алуды жобалаған болатын. Демек, жобаның бастауы ХХ ғ. 70-жылдары жолға қойылды. Тегеран университетінде атом орталығын құрып, зерттеу жұмыстарына кіріскен болатын. Иранның ядролық бағдарламасының алғашқы қадамына қолдау білдірген АҚШ-тың өзі болатын, 1967 жылы Иран шахы Мұхаммед Резаға 5 МВ-тық қуаты бар атомдық реакторды берген болатын. [8, 12б]. Атом электр станциясының құрылыс жобасын жасау Германия мен Францияның үлесіне тиді.

1968 жылы Иран ЯҚТКШ-на қол қойып, 1970 жылы бекітті. 1974 жылы «Иран атом энергия ұйымы» (ИАЭҰ) құрылып, батыс елдерінің және АҚШ-тың қолдауымен 30 мың доллор тұратын 23 ядролық тоқ қуатын өндіретін блоктардың жобасы ұсынылды. Жобаның орындалу мерзімі 25 жылға есептелген болатын.

Ендігі мәселе Иранның ядролық технологияны ғылыми тұрғыдағы дамыту жетістіктері бұнымен тоқтайды деген сөз емес. Ядролық қарудың қожайыны болу — әлемдегі саясаттың тұтқасын ұстау, құдіретті мемлекеттердің біріне айналу деген сөз. Иран Ислам Республикасы ислам шариғатына сүйене отырып, жаппай қыру қару-жарағының адамзат баласына және қоршаған ортаға зиянын тигізетінін ескере отырып, өзінің қорғаныс доктринасында   химиялық, биологиялық жаппай қыру жарағына кесімді  түрде қарсы екендігін айтады.

Араб мемлекеттерінде Иранның ядролық бағдарламасына деген күдіктері тууда. 2006 жылы 2  қаңтарда Лондондағы «Әл-Хайят» газетінде саудтық зерттеуші Мансур Әл-Юсуфтың «Ирандық-ядролық реактор және Бұғаздағы тепе-теңдіктің бұзылуы» атты мақаласы жарық көрді. Мақаланың мазмұнында Араб елдерінің ядролық қаруының жоқтығын және қаруды жасау жоспарының болмауын алға тартады [10].

Бушер АЭС-нің аймақтағы экологиялық ластануына әкелетінін және де 1986 жылғы Чернобльдегі қайғылы оқиғаны қозғады. Иранның бейбіт түрдегі ядролық бағдарламасынан Араб және Парсы шығанағы елдерінің қобалжулары негізсіз екендігін Иранның сыртқы істер басқармасының ресми өкілі Хамид Реза Асефи мырза пресс-конференцияда мәлімдеді.  Иранда 2006 жылы 26 тамызда ядролық реакторлардың шикізатын өндіретін зауыт іске қосылды. БҰҰ-ның резолюциясына сәйкес 2008 жылдың  22 ақпанында МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасының шынайы келбетін ашылмағандығы жайындағы мәліметтермен хабардар етті.  2008 жылдың 4 наурызында БҰҰ-ның ҚК-сі Иранның уранды байытуды тоқтату  жөнінде жаңа резолюциясын қабылдап, алдыңғы екі резолюцияның талаптарын орындауды бұйырды. Құжаттарды қабылдауда 15 мүше мемлекеттің 14-і бір ауыздан мақұлдады. Резолюция күшінің орындалу мерзімі 90 күн ішінде іске асу керектігін  Тегеранға ескертті. БҰҰ ҚК-нің бұл талаптарына Иран тез арада жауап қайтарды: Иран БҰҰ-ның жетегінде жүрмейді және ядролық бағдарламасын  тоқтатпайды деп мәлім еткен болатын  [10].

2008 жылдың 29 қыркүйегінде Иран президенті Махмұд Ахмади- неджад БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Жоғарғы Ассамблеясының пресс-конференциясында Иранның центрифугасында қолданылып жатқан урандық шикізаттың ядролық қару жасауға жарамсыз екендігін кез келген сарапшы дәлелдеп береді деді. Ахмадинеджад Иран «ядролық бағдарламасын» Халықаралық атом энергетика агенттігінің    бақылауында және Ядролық қаруды таратпау келісімшарт негізінде жұмыс атқарып жатқанын, жұмысты тоқтатпайтынын айтты.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты желтоқсанда Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеу институтының директоры Марк Фитцпатриктің «Иранның ядролық дағдарысы және қиындықтан құтылу жолдары»  жөніндегі пікірі Батыс елдерінің Иранға қатысты көзқарастарын өзгертіп, Иранға өзінің ядролық бағдарламасының дамуына мүмкіндік беріп, уранды байыту жұмысын мойындап, тек ядролық қару жасамауға көндіру болып табылады. Халықаралық атомдық электр станция агенттігінің жанындағы Иран елінің ресми өкілі Али Аскар Солтани мырзаның мәлімдемесінде Иранның ядролық зерттеу аймақтарындағы инспекция тарапынан бақылау жұмыстарының нәтижесінде  заңға қайшы әрекеттердің байқалмағандығын айтты [8,14б].

2008 жылы 16 желтоқсанда Иранға қысым күшейту үшін алтылыққа мүше елдердің қолдауымен Иранның соғыс мақсатындағы ядролық бағдарламасын тоқтату мақсатына араб елдерінің өкілдерімен: Бахрейн, Мысыр, Иордания, Кувейт, Ирак, БАЭ, Сауд Араб елдерімен кеңесу кездесулерін өткізді. Араб елдері Иранның ядролық бағдарламасына алаңдаушылықтарын білдірді. 2008 жылы Иран елі Халықаралық қауымдастық тарапынын қолдау алмағанына қарамастан, ядролық бағдарламасының бейбітшілік мақсатта екендігін алға тартып жұмысын тоқтатпады.  Иран ядролық қаруы бар Израиль мемлекетінің   ЯҚТКШ-на қол қоймағандығын және де қоғам алдында ешбір жауапкершілікті өзіне жүктемейтіндігін алға тартты.

АҚШ Солтүстік Корей еліндегі ядролық қарулар қоймаларын жою бойынша өзінің жаңа бағдарламасын жасады. Солтүстік Корея АҚШ ұсынған жоспарға көнсе онда корейлер мұнай, азық-түлікке қоса қауіпсіздік жөніндегі кепілдікке де ие болмақ. Жалпы ұсынылған бұл жаңа жоспар Ливияның өз жаппай қырғын қаруларын жойып, әлемдік қауымдастыққа қосылу жөнінде өткен желтоқсанда қабылдаған шешіміне ұқсас.  Ал ұсыныс АҚШ жағынан болғанымен ол жоспар әріптес, қызметтес негізгі елдердің талқылауынан өтуі қажет дейді талдаушылар. Солтүстік Корея алдағы кезде ядролық сынақ өткізетіндігі жөнінде жариялап жіберді. Егер ол ядролық қару сынағы табыспен өтсе онда Солтүстік Корея ядролық қаруы бар державаның біріне айналмақ. Ал бұған АҚШ бастаған батыстық елдер өздерінің түбегейлі қарсы екендігін білдіріп отыр.

Солтүстік Корея Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің арасында бірінші болып әскери-ядролық қару мен зымырандық технологияны иемденуші ретіндегі құпия жұмыстарына ашық сипат берді. 1950-1953 жылдардан кейін Солтүстік және Оңтүстік Кореяның арасындағы бітіспес соғыстың барысы соңғы жылдары ушыға түсті.  1956 жылы КХДР  мен КСРО арасында ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалану саласында ынтымақтастыққа қол жеткен болатын [11 ,9-10бб].Сөйтіп, ондаған солтүстік кореялық мамандар Кеңес Одағының жабық ядролық зерттеу орталықтарында арнайы жаттығудан өтіп, өз елдерінде бұл қаруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырды.

1964 жылы Кеңес Одағының көмегімен Йонбене қаласында ғылыми-зерттеу орталығы пайда болып, мұнда ядролық энергетика саласындағы жұмыстармен қоса әскери-қолданбалы зерттеулер де жүргізілді. Келесі жылы мұнда қуаттылығы 5 мегаватт болатын зерттеу реакторы Кеңес Одағынан әкелініп, іске қосылды. Ал, 80-ші жылдардың басында Йонбенеде жалпы қуаты 50 мегаватт болатын тағы бір ядролық реактор құрылысы басталды. Сөйтіп, Солтүстік Кореяның ядролық  күш-қуаты барған сайын арта түсті. Тхончхон аймағында 200 мегаваттық қуаты бар реактор салынды.
[12,52-55бб].  Бұл реакторлардың екі түрлі мақсаты бар еді. Біріншісі, электр қуатын өндіру болса, екіншісі қару үшін плутоний алу болатын. 1994 жылғы 21 қазанда ядролық проблеманы шешу және екі жақты қарым-қатынасты реттеу мақсатымен КХДР және АҚШ арасында шектеулі келіссөз өткізілді. Бұл бойынша АҚШ КХДР аумағында 2003 жылға, яғни алғашқы реактор құрылысы аяқтауға дейін жалпы қуаты 2 миллион квт болатын 2 жеңіл ядролық реактор құрылысын жүргізуге және жыл сайын бұл елге 500 мың тонна көлемінде сұйық отын жеткізуді қамтамасыз етуге келісті. Ал, Солтүстік Корея мемлекеті өз тарапынан реакторларды одан әрі жүргізуді тоқтатып, қолда барларының құрылысын бұзуға міндеттеме алды.

Бірақ, мемлекеттер арасындағы келіссөздер нақты нәтижелер бере алмады. 2002 жылғы желтоқсанда Солтүстік Корея басшылары АҚШ-пен жасалған жоғарыдағы келіссөзді тоқтатып, өз аумағында ядролық бағдарламаны қайта жалғастыратынын дүниежүзіне мәлімдеді. 2003 жылғы 10 қаңтарда КХДР ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығатындығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасын хабардар етті. Мұның себебін олар АҚШ тарапынан барған сайын күшейіп бара жатқан дұшпандық саясат пен қысым жағдайында өздерінің ұлттық мүдделерін кез-келген шарттан жоғары қоятындығымен түсіндірді. Сөйтіп, осы күннен бастап КХДР өзін барлық келіссөздер мен келісімдерден  азат екендігі туралы мәлімдеме жасады.

Солтүстік кореялықтар тарапынан бұл мәлімдеме бекерден-бекер таратылған жоқ. Өйткені, олар ендігі жерде өздеріндегі зерттеу әрекеттерінің жаңа нәтижеге алып келгеніне, сөйтіп, ядролық қару жасау мүмкіндігіне ие болғандығына сенімді еді. Мұны КХДР 2005 жылғы 10 ақпанда хабарлады. Олар ядролық қару тек қорғаныс мақсатында қолданылатынын дәлелдеп бақты. Алғашқы жер асты сынағын 2006 жылғы 9 қазанда жасады. 5 күннен кейін, яғни 2006 жылғы 14 қазанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің әйгілі № 1718 қарарын қабылдауға мәжбүр болды. [11,13б].Бұл қарар Солтүстік Кореяның зымырандық бағдарламаны тоқтатуға және баллистикалық зымырандарды ұшыруға мораторийді қайта қабылдауға міндеттейтін және Пхеньянға әскери мақсатта пайдаланылатын, атап айтқанда, уранды байытуға қолданылатын барлық технологиялар мен өнімдерді беруге тыйым салатын құжат еді. Солтүстік Корея болса өз тарапынан Америка қауіп-қатер туғызуын қойған жағдайда ядролық қарудан бас тартатынына уәде берді. Бірақ, ядролық қаруды сынау жолындағы зерттеулер тоқтатылған жоқ. Сөйтіп, 2009 жылғы 5 сәуірде арнайы серігі бар зымыран тасығыш ұшырылды. Қаншама бейбіт мақсатта қызмет етеді дегенімен, бұл зымыран тасығыштың барлық технологиялық жабдықталуы ядролық қару бағдарламасының құрамдас бөлігі еді. Содан кейін, үстіміздегі жылдың 25 мамырында КХДР алғаш рет жер асты ядролық сынағын ойдағыдай өткізді. «Жер-әуе» зенит зымырандарын сынау радиусы 80 шақырымды қамтыған еді. Ал оның қуаты 10-нан 20 кило тоннаға дейін жетті.

Загрузка...