Загрузка...

Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы

Загрузка...

Мектеп- өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестірудің, біріктірудің орталығы.
Мектеп іс- әрекеттің ең бастысы- тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек мінез- құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмысының формалары көптеп саналады. Олар: ата- аналармен жұмыс, сынып жетекшілерінің және мұғалімнің отбасымен жұмысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп, іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата- аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады.
Мектеп оқу- тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата- аналарды, барлық жұрт шылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата- аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы т.б. талқыланды. Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі- педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй- жағдайымен, күнделікөмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата- аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы- педагогикалық насихат, яғни- ата- аналарға білім беру.
Қазір ата- аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата- аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Ата- аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық- психологиялық білім негіздерімен ата- аналарды қаруландыру- мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Мектептің ата- аналар комитеті мұғалімдерге, ата- аналарғакөмектеседі, балалардың десалысын, қиын балаларды шефтікке алуы, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата- аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің ұйымдық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сәйкес балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Міне осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың ісі болып отыр.
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде және оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Оның маман тәрбиеші кадрлары бар және ол өзінің жұмысын ең алдыңғы қатарлы педагогикалық теория негізінде жүргізеді. Мемлекет балалар тәрбиелеуде отбасына мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиені мазмұны мен ұйымдастыруларына әсер етіп отырады. Мектеп мемлекеттік мекеме есебінде отбасын соңынан ертіп, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуге, жәрдемдесуге ата- аналар арасында идеологиялық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Отбасы өз тарапынан оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мектепке көмектеседі.
Мектептің отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата- аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Жоғары сыныптарда да әр мұғалім белгілі мөлшерде ата- анамен байланысты, бірақ олармен үзбей байланыста болатын тек сынып жетекшілері ғана.
Қазақстан мектебі халықтың имандылық- адамгершілік мәдени дәрежесін көтеру ісіне үлкен қосуы тиіс. Бұл міндеттерді ол оқушыларға ғана емес, олардың ата- аналарына да тәрбиелік әсер ету жолымен жете алады.
Балаларды саналы мақсаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, өр мінезді және өзіне жоғары талап қоя білетін азамат етіп тәрбиелеуде мектеп пен отбасының атқаратын міндеті зор.
Сондықтан да жасөспірімдерді жаңа заман талабына сай тәрбиелеуде мұғалімдер ұжымы мен мектептің қиын да жауапты ісіне көмектесуге үкімет ата- аналарға зор талап қоюда.

Загрузка...