Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта

Ықылас махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық өзін-өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандық еңбекті сүйе білу. Қазіргі кезде мұғалім мамандығына қойылатын талаптың бірі оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналар мен әріптестермен демократиялық, гуманитарлық және жариялық принципті негіздерде қарым-қатынас жасау педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Сонымен, мұғалімнің өсіп жетілуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік мұғалімнің мектептегі оқу тәрбие жұмысы мен кәсіби білімнің кешенді дайындығының негізі болып табылады.
Педагогикалық инциклопедияда: “Шығармашылық дегеніміз адамның белсенділігі мен дербес іс-әректінің ең жоғарғы формасы”—деп анықтама берілген. Ал адмның белсенді де дербес іс-әректін шегі жоқ алуан салалы. Тұтас педагогикалық процесс мұғалім мен оқушы өзара тығыз байланысты іс-әрекетпен сипатталады. Бұл жерде еске алтын нәрсе мұғалімнің қызметінің ерекшелігі өсіп-дамып келе жатқан жас баланың ішкі жан дүниесін үнемі сезе білуі. Сондықтан ешбір оқулық та, программа да мұғалім мен бала арасындағы жанды ынтымақтастықты алмастыра алмайды. Бұдан туындайтын ой: бүгінгі мектептегі педагогикалық процесте мұғалімді де, оқушыны да бірдей шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық ситуция туғызу. Шығармашылық- бұл белгілі қатынас арқылы өзара байланысқан және өзара жағдайында педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызметтің жүйесі. Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты және белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуы мен сипатталады. Басқа мамандық иелеріні қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жағңртып отыруы-мамндық заңдылығы. Сондықтан мұғалім педагогикалық іс-әрекеттерді меңгеруі тиіс. Жаңашылдық пен шығармашылық әрқашанда мұғалімдердің дәстүрі болды. Қоғамдық өмірдің барлық жақтарын революциялық қайта құру дағдайында педагогикалық шығармашылықтың да әлеуметтік мәні түбіріне өзгереді: ол бұрынғыдан да жалпылық мәнге ие болады. Осы кезде В.А. Сухамлинскийдің мектеп жетекшілеріне айтқан сөзін келтірген жөн: “Егер, сіздер, педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіздер, күнделікті сабақ іш пыстыратын бір сарынды міндетке айналмасын десеңіздер, әрбір мұғалімді шығармашылық еңбектің бақытты соқпағына түсіріңіздер”.
Қорыта келгенде осы жоғары да айтылған талаптардың бәрі бүгінгі таңдағы мұғалімдерде болмауы тиіс. Өзара алдағы уақытта ұстаз болуымызға байланысты рефератта қарастырылғандардың бәрін білуіміз, ойда сақтауымыз пайдалы.
Қазақстандағы кешегі, бүгінгі , ертеңгі білім беру.

Бұл өте үлкен маңызды тақырып деп ойлаймын.Қазақстандағы білім беру дің кешегі мен бүгінгісінде көп айырмашылық бар секілді.Қазақстанның кешегісі деп отырғанымыз Тәуелсіз ел болғаннан бергі кезең. Өтпелі кезенде өмір сүріп отырған республикамыздың эканомикасы мен саяси өміріндегі туып отырған қиыншылықтар білім беру жүйесіне, әсіресе білім саласына кері әсерін тигізіп отыр. 1993 жылдан бастап жүргізілген”оңтайландыру” мемлекеттік балабақшалардың, шағын жинақталған мектептердің жойылуына, мектептен тыс қосымша білім мен тәрбие беретін мекемелердің мемлекеттік қамқорлықтан тыс қалуына аудандық әдістемелік кабинеттердің жойылуына, әсіресе ұстаздардың апталық жүктемесінің жоғарлауы әрбір шәкіртке бөлінетін уақыттың азаюына әкеліп соқты.Осыдан-ақ оқыту үрдісіне қаншалықты ауыртпалық түсіп отырғанын сезіп-білу қиын емес. Білім жүйесінің дұрыс қалыптаспауы, білім беру сапасының төмен болуы,оқулықтардың тапшылығы, ескі бағдарлама, студенттердің оқу орындарына өз еріктерімен түсе алмауы, міндетті түрде келісім шарт жасап оқу орындарына түсуі біраз қиындық туғызғандай.Бәріне әрине қаражат керек болған сияқты.
Қазір бір аллаға сыйынып шүкіршілік етеміз. Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс.Қоғамдық қарым қатынастардың өзгеруі,жаңа білімнің жинақталуы,өндірістің жетілдірілуі, әләуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Білім берудің бір саласы мектепті алатын болсақ, оны біз қоғамымыздың бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.Сондықтан оның өзекті де күрделі мәселелерін сөз еткенде ,қоғамнан бөліп жарып қарастыру мүмкін емес.Тек қана кең және терең әрі өзге заман құбылыстарымен байланыстыра ауқымды да тұтастай қарастырғанда ғана қандай да бір нәтижелерге жететініміз анық..Себебі мектептің мақсаты – сапалы білім беру болашақты тәрбиелеу. Мектепке жан беріп оны қозғалысқа келтіретін , келешекке жетелейтін – мұғалім.Сондықтан да оның әрдайым ізденісте,тынымсыз қозғалыста болуы заңды құбылыс.Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа технологияларының туындауы да осының дәлелі.Оның қай- қайсысын алып қарасақ , жеткіншек ұрпақтың рухани өсіп жетілуі, оның жеке тұлға ретінде дамуы алғашқы орында тұратынын байқаймыз.Қазіргі заманның білім берудегі негізгі мақсаты да осында.
Қазақстандағы қазіргі кездегі білім жүйесінің дамуы оңайға тимей тұрса да барлық оқу орындарында компьютермен жабдықтандыру негізгі мәселелердің бірі болады.Қазіргі кезде компьютерлік сыныптарының пайда болуы бүкіл оқу жүрісіне әсер етеді.Бұл амал әр түрлі жас деңгейлі балаларды оқыту жағдайында ең тиімді болады,немесе мұғалімдерге бірнеше жанаспада жұмыс істеуіне қолайлы.
Сондықтан бүгінгі күні білім беру ісінде жаңа көзқарастар пайда болып,оқытудың тиімді де жаңа технологиялары кеңінен таратылып , күнделікті қолданысқа енуде.
.Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тен дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін отандық 12 жылдық білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді