Педагогика пәнінен глоссарий

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу — мұғалімнің педагогикалық қызметі айқындауға мүмкіндік беретін оның кәсіби шеберлік жиынтығы деңгейін анықтайтын әдіс.

Арнайы бақылау — бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.

Ашық бақылау — зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.

Ашық сауал — мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.

Әдебиет пен тәжірибе мәселелерін оқумен байланыстыру ғылыми, әдістемелік, арнайы әдебиетті талдау. Берілген мәселенің жағдайын анықтау мақсатында тәжірибелік зерттеулерді оқып білуді көздейді.

Әдістемелік және теориялық негіз — зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.

Әдістемелік зерттеулер — зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.

Әлеуметтік өлшем — топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.

Бақылау — зерттеушінің материалдарға ие болу үшін кейбір педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қадағалауы.

Ғылыми болжам (гипотеза) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.

Ғылыми жаңалық — бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.

Деректерді таңдамалы тағайындау — тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.

Деректі талдау — кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.

Дидактикалық бақылау — бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.

Дисперсия — берілген таңдауда жеке мәндер орта көрсеткіштен ауытқуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіш.

Дисперсионалды талдау — математикалық статистикалық талдау әдістерінің жиынтығы, зерттелетін нысанына кездейсоқ шама дисперсиясын анықтау жатады. Шекті бақылау үшін тест материалдары бойынша өз-өзін бақылауға арналған.

Дөңгелек үстелдер — белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.

Жабық бақылау — жасырын немесе бақылаудың жасырын үдерісі.

Жеке әдістемелік бақылау — ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.

Жетекші идея — зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.

Жобалы әдістеме — жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.

Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжамдағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізіліп отырғын тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжамдар тарайды.

Зерттеу нысаны — мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.

Зерттеу заты 1 бұл нысан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға тәуел&іліЕІіэ

Зерттеу көздері — ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары.

Зерттеу әдістері — негізгі кезеңдер, зерттеу қызметінің мерзімдері.

Зерттеу кезеңдері мен процедурасы — нәтижелер алғашқы алынған, басқалар мен бұрын зерттелмеген және қабылданбаған.

Зерттеу нәтижелерін сынау мен енгізу — кез келген ғылыми-зерттеудің қорытынды кезеңі, зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі. Құрылымды тәжірибе әдістерін әзірлеу — болжамды, анық, тура дәлелдеуге қажет әдістерді іріктеу, мақұлдау. Мұндай әдістер сенімді, негізделген, зерттелген құбылысқа ықпал жасауға немесе өзгертуге жағдай тудыратын және оқу үдерісі сапасын арттыру мен жақсартуға көмектесетіндей болғаны жөн.

Мақсат — жоспарлы нәтиже.

Мәселе — шешім қажет ететін және оған арнайы ғылыми тәжірибе жүргізбей дұрыс жауап беру мүмкін емес өзекті және өмірлік сұрақ.

Мәселені нақтылау — тәжірибенің табысты аяқталуы үшін оның барлық мақсаттары мен міндеттерін анықталған және анық түрде құрастыру қажет. Егер де бұл орындалмаса, тәжірибенің түпкі мақсатқа жеткенін және басқа да жоспарланған нәтиженің алынғанын анықтау қиынға соғады.

Қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші, зерттеу нысанындағы қарама-қарсы тараптардың қатысы.

Медиана — берілген белгі көрсеткіші бойынша таңдаманы тең бөлетін зерттеу құбылысының маңызы.

Мода — таңдауда жиі кездесетін зерттеу белгілерінің сандық мәні.

Монографиялық бақылау — өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады.

Міндеттер — зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері.

Нақтылығы мен негізделгендігі — жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын талаптар.

Зерттеу жүргізу жоспары мен бағдарламасының талдамасы. Ғылыми болжамды тексеру мақсатында алға қойылған сұрақтарға дұрыс дәлелді жауаптар алу үшін тәжірибені жүзеге асырудың жоспары мен бағдарламасы жафлынады. Жоспар мен бағдарлама, көбінесе, жазба құжаттарымен суреттеледі, мұнда өткізілетін тәжірибенің негізгі кезеңдері, олардың дәйектілігі, орындалу мерзімі, күтілетін нәтижелері анықталады.

Іздеушілік бақылау — зерттеушінің көңіл бөлген құбылыстар мен деректерді табу үшін қолданылады, бірақ ұқсассыз жағдайларда дара көрініс табады.

Кесімді бақылау — үзілмелі бақылау, бақылау объектісі белгілі бір уақытта ұзақ жетіледі.

Контент талдау  мәтіндер және сөз хабарламаларында кездесетін ақпарат сипаттамасын анықтау мен бағалау әдісі.

Конференция — тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.

Қалыптасқан сұхбат — белгілі бір кезекпен ұсынылатын қалыптасқан сұрақтардан тұрады.

Қалыпты сұхбат — зерттеушінің сұрақтарды алдын ала ойластыруы. Құрастырылуы мен ұсынылу тәртібі, кейіннен, әңгіме барысында, өзгеруі мүмкін.

Құжаттармен танысу — оқу үрдісін ұйымдастыру нақты қалыптасқан тәжірибені сипаттайтын кейбір объективті деректермен зерттеушіні қаруландыратын әдіс.

Құжатты сұхбат — деректер мен оқиғаларды анықтайтын сұхбат.

Орталанған бақылау — зат немесе үрдіс бақыланбайды, тек оның нәтижесі бақыланады.

Өз-өзін бақылау  өз-өзіне бақылау жүргізу.

Педагогикалық зерттеулер әдістері — педагогикалық құбылыстарды оқу тәсілдері, олар жөнінде ғылыми ақпарат алудың заңды байланыстарын белгілеу мақсаты, ғылыми-теориялық қатынастары мен құрылымы.

Педагогикалық жағдайлар — белгілі бір жағдайда дұрыс шешім қабылдау арқылы адамның қабілетін анықтау әдісі.

Педагогикалық бақылау — бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.

Педагогикалық оқулар мұғалімдерден жоғары жинақтау деңгейін, эмпириялық тәжірибені мұқият және терең зерттеуді талап етеді.

Педагогикалық тәжірибе — кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.

Педагогикалық экспедициялар — белгілі бір мәселе бойынша нақты материалдар алу үшін кең мөлшерде мектептерді немесе басқа да тәрбие мекемелерін зерттеуді қысқа мерзім ішінде қамтуды алдына мақсат етеді.

Психологиялық диагностика үдерісі әдісін таңдау -зерттеудің мақсатынан, міндетінен, ғылыми болжамынан мәселенің хал-жайын, күйін оқып білетін арнайы әдістер кешені пайда болады.

Рейтинг — білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.

Регриссивті талдау — математикалық статистика әдісі, көптегең ркеке басыбайлықты жеке мәндер арасындағы байланысты реттеуге көмектеседі.

Сауалдар — толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.

Сауалнама — сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.

Сұхбат — ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.

Сұхбаттасу — әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.

Тәжірибелік маңыздылығы — тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқу-тәрбие үрдісіне табысты әсер ететін дәрежелер.

Тәжірибелік психологиялық-педагогикалық зерттеу — бұл теориялық болжамдар мен тәжірибелік ұсыныстардың толықтылығына қатысты нақты білім алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогика саласындағы зерттеулер.

Тәжірибелік деректерді алғашқы статистикалық өңдеу әдісі — бұл тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей айқындайтын көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.

Тәжірибелік деректерді екінші статистикалық өңдеу әдісі — бұл алғашқы деректер базасында оларда жасырылған статистикалық заңдылықтарды айқындауға көмектесетін статистикалық өңдеу әдісі.

Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі — зерттелетін тұлғаға түрлі адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап қорыту — әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда кездейсоң және мардымсыз тұжырымдар алынып тасталады.

Теориялық зерттеулер — әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.

Тест жүргізу — жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.

Түзете сәйкестендіру талдауы — түзету коэффициенттерін анықтаумен зерттеуге негізделген математикалық-статистикалық талдау әдісі.

Тікелей бақылау — зерттелуші бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркейді.

Уақыты озған бақылау — белгілі бір уақыт арасында бақылау. Сонымен қатар педагогикалық үрдістің қорытындысын қашықтан бақылау.

Үлгілеу — педагогикалық үдеріс туралы теориялық көрініс. Үлгі тараптар элементтері жүйесін, педагогикалық үрдістің байланыстарын, қызметін шарттарын айқындайды.

Үздіксіз бақылау мүмкін — егер педагогикалық құбылыс тұтас ағымда жене уақыттың қысңа мөлшеріне сәйкес болса.

Шолу — сын зерттеулер. Бұл зерттеуде мәселе бойынша жасалған, қажетті қорытындылар шығарылған тиянақты және аргументті сын ұсынады.

Шолу талдамалы зерттеулер — тақырып бойынша әдебиетті таңдау мен оқу, одан әрі материалдық мазмұнына жүйелі талдау жасау.

Пікір сұхбат адамдардың кез келген құбылысқа қатынасын анықтауға бағытталған.

Орта арифметикалық тандау — кейбір көрсеткіштердің орташа мәні, оның тең мәніндегі таңдаумен анықталған.

Өзін-өзі бағалау әдісі — жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.

Өзара әрекет талдау — бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға қатынасы зерттеледі.

Шығармашылық семинарлар — алдыңғы қатарлы озың педагогикалық тәжірибелер талқыланатын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.

Эмпириялық суреттемені зерттеу. Бұл зерттеуде аз зерттелген нысандар немесе құбылыстарға қатысты кейбір жаңа деректер тәжірибелік жолмен алынады және суреттеледі.

Эмпириялық түсіндірмелі зерттеу — жинақтау мен талдау ғана емес, алынған деректерге түсіндірме беру. Зерттеудің диагностикалық қосымшалары Сауалнама