Загрузка...

Өсімдіктерді қорғау жолдары

Загрузка...

Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі.
Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.
Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде.
Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда өте көп кемшіліктер бар. Олар поезбен, сумен, автотранспортпен тасымалдағанда жолшыбай шашылып, ысырап болады. Орманды сактауда оларды зиянды жәндіктерден корғаудың маңызы зор. Оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар.
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.
Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі, олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде бар. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден ас-там түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелегсн алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады.
Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға бай-ланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр.
Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Өсімдіктердің геофондысын сақтауда олардың жабайы түрлерін сақтаудың да зор манызы бар. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады. Олардың генетикалық негізінде 1500-ден аса өсімдіктің жаңа сорты шығарылды.
Өсімдіктің кейбір түрлерін адам баласы колдан құртып отырады. Бұлардың қатарына, бағалы өсімдіктерге тамақ жөнінен конкурент болып есептелінетін, арам шөптер жатады. Бұлардан басқа жайлауларда улы шөптер кездеседі. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын уландырып, колхоз, совхоздарға зиян келтіреді.
Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтын құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады. Орманның көмегімен заттардың биологиялық айналысы сақталып отырады. Ормандардың фитомассасы жер шарының өсімдік массасының 82 процентін құрады. Орманның пайдасы тек қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтарды бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәулік ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі.
Орман — ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық, техникалық және дәрігерлік шикізаттың негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі дайындалса, қазір оның саны 15—20 мыңға дейін жетіп отыр.
Ағаштың адам баласына пайдалылығы, оның, табиғат қорғау, топырақ сақтау және климатты реттеудегі рөлі өлшеусіз.
Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000 км 3 тайга өзендерге жыл ішінде 0,7—0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді.
Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады.
Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы — орманды қорғау — еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты. Ормандарға зор зиян келтіретіндер катарына өрт жатады. Олардан орман жануарлары да үлкен зиян шегеді. Өртке басты себепші — адамдар, 90% астамы солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан, автомашина моторынан т. б. кетеді.

Әсіресе өртке қауіпті кезең сәуір айынан басталады, өрттің басым көпшілігі мамыр айында, ағашта жапырақ аз кезінде болады, ал тамыз айында құрғақшылық кезінде, шөптің кұрғаған мезгілінде өрт кең етек алады.
Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жургізу, қолда бар құралдармен (күрек, айыр, шелек т. б.) өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек. Әдетте өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның айналасынан ор, каналдар қазады. Өрт сөндіруде авиацияның көмегі зор. Соңғы жылдары өрттін шықкан жерін космостан бақылау жүзеге асырылады.
Әрине, өрт сөндіруге қолда бар техника кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл жерде басты мәселе — өрт болдырмау жолдарын қарастыруда. Адамның ормандағы мінез-құлқын қадағалап, ормандағы «мәдениетін» көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізу керек. Оған төмендегідей қарапайым ережелер жатады: ағаштың түбінде от жағуга болмайды, ол үшін диаметрі жарты метрден астам бұтақтардан, шөп-шаламнан тазартылған тақыр жер болуы керек. Отты пайдаланғаннан кейін, мұқияттап көміп тастау керек. Отынға тек кесулі, сынып калғап ескі ағаш бұтақтарын пайдалану жөн. Транспортпен орманның калың ортасына баруға, өзендердің бойымеп жүруге, шабындық жерлерді таптауға тыйым салынуы тиіс
Орманды қорғау комплексті түрде жүргізілуі керек. Оған жабайы және үй жануарлары да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан да орманды қорғау, онда корық ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.

Загрузка...