Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері

Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері туралы қазақша реферат

Мүлік жалдау шартының түрлері алдында қарастырылған еді. Қосымша ҚР АК бекіткен мүлік жалдау түрлерінде оларды жіктеудің анық негізі жоқ екенін айтуға болады. Мүлік жалдауды түр-түрге бөлудің негізі біздің ойымызша қазіргі экономика салаларында қалыптасатын арендалық қатынастарды барынша толық қамтуды көздейді. Кейбірде мүлік жасау бөлек түрінің негізі ретінде оған қатысты мүлік жалдау шарты жасалатын мүлік түрі болып келетіндей көрінеді. Осы сипат бойынша кәсіпорынды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлік құралдарын жалдау, тұрғын үй жалдау бөлініп шығарылады.

Сонымен қатар, оларды өз арасында айыратын тек олардың нысанасы емес, оларды субъектік құрамы, олар кәсіпкерлік пе, әлде кәсіпкерлік емес не, мазмұнының өзгешелігі, тараптардың арасында тәуекелдерді бөлу және т.б. ерекшелейді. Бұл айтылған басқа мүлік жалдау (аренда) шартының түрлеріне лизинг, тұрмыстық прокат, жерді жалдау шарттарына да қатысты.

Өзге жағынан мүлік жалдау шарттарын жіктеуге тым қатты ілесіп кетуге болмайды. Түбіріне қарайтын болсақ, олардың барлығы шарттардың өңделген (үйренішті) жүйесіне енеді. Оларды бөлек-бөлек талдаудың (қарастырудың) ең басты мәні, олар қоғамдағы әртүрлі экономикалық қатынастарды реттейтінінде болып келеді. Осыған байланысты біз әртүрлі мүлік жалдау шартының экономикалық және құқықтық мақсатын анықтауымыз керек.

Осыған байланысты біз әрбір бөлек мүлік жалдау шартының түсінігін элементтерін (мазмұнын) қарастырамыз. Және де назар зандарда (заңнамада) қарастырылған (бекітілген) аренда түрлеріне аударылатынын айта аламыз. Егер кейін жалдау детальдық зерттеуін талап ететіні анықталса, олардың кейбір нысандары, іс жүзінде бар болып, бірақ АК нормаларымен бекітілмесе, бірақ олар маңызды болып табылса және мүлік талдау жеке түрлерінің арасында жаңа байланыстар пайда болса, онда мүлік жалдау шарттарының көп түрлерінің белгіленуі бойьшша келесі (одан әрі) зерттеуді өткізуге болады.

Мүлік жалдаудың жеке түрлерін қарастыруға кірісейік.