Загрузка...

Мексика мен Перуді, Испанияны жаулап алуы

Загрузка...

Алтын, кейде құл іздеген испандықтар Кариб теңізі аралдарында орын тепкен соң Мексика шығанағының төңірегіндегі континентальдық аймақтарға экспедициялар жіберіп тұрды. Бұдан кейін шығанақтан оңтүстікке қарай орналасқан елдерді жаулап алуға кірісті. Бұл аймақтарды – Мексика мен Перуді – екі үлкен ірі тайпалық бірлестіктер:Мексиканы ацтектер басқарған, ал Перуді инкалар басқарған тайпалар мекендеді.

1516-1518 жылдары батысқа қарай жіберілген испандықтардың экспедициялары Юкатананың Мексика шығанағының Оңтүстіктен және Батыс жағалауларын бойлай өтіп, жергілікті “князьсымақтармен “ қарым-қатынас жасады. Мұнда европалықтар батысқа қарай бағыт алған сайын асыл заттарға мейлінше бай елдің жатқанын анықтады.  Сол елді басып алу үшін 1519 жылы жас идальго Фернанд Кортес (1485-1547) басқарған экспедиция жіберілді. Саламан университетінің бұрынғы юрист- студентінің Жаңа дүниедегі қызғылықты оқиғалар мен тау болып үйілген алтын туралы алып қашты әңгімелере елтігені соншалық, Кортес 19 жасында Эспаньолеге жөнелді. Мұнда тұрақтанып қалған авантюристердің көпшілігіне қарағанда, анағұрлым білімді, қаламы жүйрік, сөзге шешен, епті де батыл Кортес қызметте үлкен табысқа жетіп қатты байыды – вице корольдың хатшысы болды,жергілікті халыққа қарсы жүргізілген жазалау экспедициялары мен шабуылдарға қатысты, әуелі Эспаньоледен , кейін Кубадан жер алды мұнда Сант-Яго қаласын билеуші алькадо болды. Ол өз есебінен экспедиция кемелерінің бірін жабдықтады.

1521 жылы Мексиканы бағындыру үшін Кортес басқарып шыққан отряд 400 испан солдатынан (оның 16 салт атты) 200 үндістерден тұрды және олардың 10 ауыр, 3 жеңіл зеңбіректері болды. Кортеске кейіннен қосымша күш келіп қосылды. Испандықтар осы шағындау күшпен-ақ үлкен бір елді өзіне бағындырмақшы болды. Бұл мақсаттары жүзеге асты, өйткені ацтектер державасының күш — қуаты өте әлсіз еді.

Асыл металдарды жан сала іздеген испандықтардың үмітін Мексика ақтады. Оның жері алтын мен күміс қорына бай болып шықты.

Перуді жаулап алуды да авантюристердің отряды жүзеге асырды.

Мексикадағы сияқты, перудің бағынышты халқы да инкалардың үстемдігіне наразы болды. Испандықтар бұлжағдайды және өздерінің әскери-техникалық артықшылығын пайдаланып, осы елді де басып алды. Больбао Панама мойнағынан өтіп , Тынық мұхитты ашқаннан кейін испандықтар осы аудандағы жағалауына келіп орналаса бастады.

1519 жылы  Панама мойнағында Испанияның отары Панама негіз қалады. Осы жерден испандықтар “алтыны мол елге “Бируге “ – Перуге шабуыл жасады. Перуді Бальбоаның ең жақын ең жақын серіктерінің бірі Франциско Писсаро басып алды. Жас кезінде Испанияда бақташы болған, конкистадор Писсаро Оңтүстік Американың Кариб жағалауына жасалған испандықтардың көптеген экспедициялары  мен шабуылдарына қатысқан-ды. Ол 20-жылдары өзінің жолдасы Альмаргомен бірге (Чилидің болашақ жаулап алушысы) Панамадан Оңтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауын бойлай жүрген бірнеше барлау экспедициясын жабдықтады,олар оңтүстіктегі бай мемлекет туралы қауесетті растап берді. Испания королінің келісімін алған Писсаро, 1531 жылдың бас кезінде Панамада үш кеме және не бары 130 адам мен 37 атпен ( кейіннен ол қосымша күш алды, бірақ оның жауынгерлері 500-600 адамнан еш уақытта аспады) жолға шықты . Тақ үшін жүргізілген ішкі күресті пайдаланған Писсарро сол елге баса-көктеп кіріп, инка патшасын қолға түсірді де инкалар мемлекетінің астанасына ие болды. Халық Испания королінің  езгісіне түсті.

Елді басып алған кезде храмдар мен сарайларда жинақталған қазына байлықтар испандықтардың талан-таражына түсті. Испандықтардың баса-көктеп билік жүргізуі салдарынан инкалардың ертеден келе жатқан мол мәдени байлығы жермен жексен болды. Елдің таулы бөлігінде, Потосиде (Боливияның қазіргі территориясы) 1545 жылы күмістің бай кені ашылды. Испандықтар күміс өндіруге айдап салған жергілікті халықтың көбі-ақ рудниктерде қырылып қалды.

Загрузка...