Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері

Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1-2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2-4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20-30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.

Күн дақтарының астындағы температура күшті магнит өрісінің әсерінен 6000 нан 4500К- ге дейін төмендейді. Зерттеушілер бұдан 700 млн жыл бұрын Күн белсенділігінің 11 жылдық циклінің байқалғанын анықтады. Күннің 11 жылдық циклі Жердің биосферадағы, атмосфера, гидросфера, литосферадағы түрлі құбылыстармен байланысты. Бұл кезеңділік планетадағы болған құрғақшылық пен су тасқынымен сәйкес келеді.

Күн мен Жер арасындағы байланыстарды зерттеушілер соңғы онжылдықтардағы алынған мәліметтерді талдай отырып, Жер планетамыз магнит өрістері арқылы өткенде бұл өрістердің оған әсер ететінін анықтады. Совет геофизигі А.И.Оль бірінші болып бұл кезде планетада түрлі құбылыстар байқалатынын көрсетті. Жер магнит өрісінің бір секторынан екіншісіне екі тәулік ішінде өтеді. Жердің магнитосферасы бұл кезде біршама өзгерістерге ұшырайды. Мамандар дәл осы кезеңдерде метеорологиялық факторлар – атмосфераның турбуленттілігі, найзағайлар саны ұлғайып, атмосфералық қысымның өзгеретінін, т.б. байқалатынын анықтады. Мысалы, америкалық зерттеуші Р.Марксон 1969 жылы Жер екі сектордың арасындағы шекарадан өткенде, найзағайдың көбейетінін көрсеткен. 1974 жылы Дж. Уилконс өзінің әріптестерімен бірге, сол сияқты 1977 жылы С.Хейнес пен И. Хамви Жердің жасанды серіктерінің мәліметтері негізінде жоғарыда айтылған кезеңде атмосферада бұлттардың азаятынын байқаған.

Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді.

Жарқылдың көлемі 1 млрд мегатонна ядролық жарылыс мөлшеріне тең болады. Пайда болған электромагнитті сәулелер Жер орбитасына 8 минут 20 секундта, ал жоғары энергетикалық плазма бөлшектері – 1-2 тәулікте жетеді. Бұл сәулелердің екеуі де Жердің магнитосферасына әсер етіп, түрлі геофизикалық құбылыстарды туғызады: магнитті желдер, геоэлектрлік өрістердің өзгерістері, атмосфералық қысымның ауытқулары және т.б. Бұл құбылыстардың барлығы жер сілкінулер мен вулкандардың атқылау белсенділігіне әсер етеді.

Магниттік дауылдар жарқылдың жердің ионосферасына және магнитосферасына әсер еткенде және планетаның магниттік секторларды асып өткенде де пай         да болады.

Жоғарыда айтылғаннан адамның және биосфераның даму үрдісі әр кезде ғарыштық және жерлік сипаттағы әртүрлі өзгерістер арқылы бұзылып отырған. Эволюция үрдісіне әртүрлі факторлардың әсер еткендігі жайлы көптеген дәлелдер әлі де пайда болып, табылуда. Адамның және биосфераның эволюциясының проблемасы Жер және Ғарыш жайлы ғылымдардың синтезі кезеңіне өтуде.