Көмір қарқының дамуына талдау

1985 жылға дейін Өскемен ЖЭС тек қана Д және Г маркалы Кузнецк жерінде шығарылған көмірді пайдаланып келді. 1986 жылдан бастап шахталық әдіспен өндірілген көмір жылдамдығы төмен Кузнецк көмірімен жиі алмастырыла бастады, оның күл шығарғыштығы 40%, калориясы 4500-4800 ккал/кг және жұмыс жылдамдығы 20%, ол станцияның жұмыс шарттары мен барлық көрсеткіштерінде көмір шаңын дайындау технологиясына кері әсерін тигізді.
  ССРО тарағаннан кейін Кузбастан және толықтай Ресейден көмірді жеткізу тиімсіз болды, сондықтан станция әртүрлі маркадағы көмірді алу мен тәжірибелі жолмен жағу үшін Ресеймен (Красноярск), Қазақстанмен (Богатырь мен Шұбаркөл), Қырғызстан (Ташқұмыр) және Қарағанды көмірлеріне келісім шарт жасады.
Соңғы кезде Қазақстанның көмір өндіру кәсіпорындары дами бастады: Екібастұз қаласында «Богатырь» — күл шығарылуы орташа 35-40%, энергетикалық көмір және калориясы шамамен 4000 ккал/кг, ұшқын заттардың шығуы 25%-ке дейін. Қарағанды облысында «Шұбаркөл» — жалындауы ұзақ көмір, тұрмыстық қажеттілік үшін орта калориясы 4500 — 4800 ккал/кг және күл шығарылуы 16-20%, ұшқын заттардың шығуы 40%. Өз сипаты бойынша ең тиімдісі Шұбаркөл көмірі мен Қарағандыда шахталық жолмен алынған көмір болды.
1994 жылы Семей облысына көршілес орналасқан «Қаражыра» жерінде шығарылған көмірді алдымен тәжірибелі, содан барып өндірісте пайдалана бастады, оның күлінің шығуы аса жоғары және калориясы аз болды. Осы көмірді тәжірибелік жолмен жағып көрген және қажетті рұқсат ететін құжаттарды алғаннан кейін Өскемен ЖЭС Семей жерінде шығарылған көмірді пайдалана бастады. Пайдаланып отырған Семей көмірінің басты көрсеткіштері: калориясы 4200-4600 ккал/кг, орта күл шығарғышы 18-20%, жұмыс ылғалдығы 14-20%, ұшқын заттардың шығуы 43-45%.
1999 жылдан бастап «Материалдық ресурстарды және қызметті табиғи монополиялық субъектілермен сатып алу ережелері» жүзеге асырыла бастады, ол материалдық ресурстарды соның ішінде көмірді тек қана тендерлік жолмен ғана сатып алу міндеттейді, яғни басты фактор алуға кеткен шығын бағасы болып табылады. 2001 жылдың ортасына дейін көмірдің негізгі жеткізушілері «Қаражыра» мен «Шұбаркөл» болды. Бір тонна көмірдің бағасы көліктік жеткізілуіне байланысты болды. Көліктің жеткізу бағасының үлесі көмірдің 60-65% құрады. Осы себептерге байланысты ең қымбат көмір Ресей және Шұбаркөл көмірлері болып табылды. Ресей көмірінің бағасы Қазақстан көмірінің бағасына қарағанда екі есе қымбат болды.
АЕС компаниясының электр станциясы отынды сатып алудың алғашқы өздерінің тендерін 1999-2000 жылғы жылу жағу кезеңінде жүргізді. Өскемен ЖЭС мен Өскемен ЖС өздерінің бірлескен тендерін 2000 жылдың сәуірінде, Лениногорск ЖЭС тамызда, Согра ЖЭС 2000 жылдың қыркүйегінде жүргізді. Әр түрлі мерзімде өткізілген тендерлер бірқатар деректерді туғызды, бұдан ары қаланың жылумен қамтамасыз етілуі сенімді және тұрақты болатындығын көрсетті. Біріншіден – көмірдің сапасы, ол бір және сол көмір өндірушілерде әр түрлі болды. Екіншіден – бағалық саясаты, бірқатар бағаның толқуы болды. 2001 жылғы бірлесіп өткізілген тендер көмірді толайым сатып алумен оның бағасының төмендеуіне әкелді. 2002 жылы өткізілген тендер Семей көмірінің бағысының сақталуына мүмкіндік берді, пайдалану көлемі төмендеу кезінде барлық сатанция үшін біркелкі сапалық сипаттама бекітті.
2003 жылы тендердің бірінші кезеңінде тендерге қатысушылар мен комиссиядан басқа да табиғи монополияны реттеу жөніндегі департамент қызметкерлері мен электр станциясының бірқатар жұмысшылары қатысты. Өткізілген тендерге Ресей көмірін өндірушілер қатысқан жоқ. Ресей көмірінің бағасы Қазақстан көмірінің бағасына бәскелестікте бола алмайды. Қарастырып отырған разрездердің көмірлері мен өндіру қуаттылығы мөлшермен біркелкі, сондықтан да әрбіреуі Шығыс Қазақстанның көмір нарқында елеулі орын алғысы келеді. Әрбір разрездің қасиеті: Семей – жеткізілуі тез, калориялығы, төмен баға. Шұбаркөл – семей көміріне қарағанда калориясы 10-12% жоғары, бағасы — 15-20% қымбат. Майқұба – калориясы Семейге қарағанда 10% төмен, бірақ көмір энергетиктерде мүлде пайдаланылмаған.
2001 жылдың наурызында Алтайдың басқа да станциясының өкілдерімен бірлесе көмір алудың кезекті өткізілетін тендері басталар алдында көмір нарқын талдау бойынша нақты жұмыстар жүргізілді.