Загрузка...

Қазақстандағы көппартиялылық пайда болуы және ерекшеліктері

Загрузка...

 Жоспары:

І)Кіріспе

ХХ ғасырдағы саяси қозғалыстар

ІІ)Негізгі бөлім:

а) Қазақстандағы партиялылардың пайда  болуы

б) Көппартиялардың пайда  болуы және ерекшеліктері

ІІІ)Қорытынды 

Кіріспе

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалык, саяси және әлеуметгік жағдайы ауырлап кетгі. Ресейдің отаршылдык езгісі күшейе берді, одан коныс аударған қоныс аударушылар казаюың шұрайлы жерлерін тартъш алуын көбейтті, халыктың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығы-рықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміггерін Ре-сейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоксанында Орал қаласында А. Бөкейхановтын. бастауымен Қазакстанның 5 облысының «делегатгар съезі» шақырыдды. Онда кадет пар-тиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарла-масын қабылдады. Бірак кадетгер болсын, Уақытша үкімет бол-сын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің еңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал казактардың өзін-өзі билеуі немесе автономия-сы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Казақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықгы.

Бірінші бүкілқазақтықеьезд Орынборда 1917 ж. шілдёнің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірак делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Қүрылтай жи-налысын дайындау және казақтын саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынын, жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасывда дініне, шыққан тегіне, жынысына карамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес кұкылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекетген бөлінеді, барлык діндер тең, казакгардың өзіндік муфтияты бо-луы керек; билік пен сот әр халыктың ерекшелігіне сай кұры-луы, би мен қазы жергілікті халыктьщ тілін білуі тиіс, барлык оку орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және баскалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезівде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды, Онда Алашорда үкіметі кұрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірак ол үкіметгің өмірі кысқа бодды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

Қазақстандағы партиялылардың пайда  болуы

 

» Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзка-рас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бүрынғы коммунистік идеологияныңтұрғысынан оны «‘буржуа-зиялық-ұлтшыл» партия ретіндеқарайды. Екіншілері (М. Қозы-баев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялык партия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді қүру немесе тек таза ұлттык мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркени-етгі адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бүл буржуазиялык-ұлтшылдык емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

» Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазакстанда «Үш жүз» деген партия кұрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» пар-тиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы 1 каңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

Қазакстан тарихында шүғыл бетбүрыс болып, өшпес із кал-дырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердін. барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орта-лықтың» отаршыл саясатымен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашык, қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шыкты. Бұл көтеріліс азаттықжолындағы күреске, жаңа саяси үйымдар мен қозғалыстардың пайда болуынатүрткі болды. 1987 жылы шілде-де СОКП Орталық Комитетінін казак халқын үлтшыл деп кінәлаған кдулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың үлтгықсанасын дамыту, езінін. шыккдн тегіне бет бұру, ті лін, дінін, ұлтгык мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоксан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы атгас партия күрыл-ды.

Республиканың саяси өмірінде «Қазак, ССР-індегі коғамдык бірлестіктертуралы» заны айтарлықтай рөл атқарды. Ол азамат-тарға қоғамдыкүйымдар қүруеркіндігіне кепілдікберді. Бирес-ми саяси партиялар мен бірлестіктер занды жүмыс істеуіне мәртебе алды. Олартіркеуден өткеннен кейін халықдепутатгығы-на талапкерлерді ұсынуға қүқылы.

Республикадағы алғашқы коғамдық-саяси құрылымдар Ком-мунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланыс-ты саяси күрестін басты мәселелері болып азаматтық, мемле-кетгік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы жәнет.б. койылды.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, қүкықтык мемлекет күру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны калай жүзеге асыру керек, ол жолда каңцай тәсілдер мен күралдарды пайдаланған жен: батыл, түбегейлі түрде ме әлде акырын, бірте-бірте ме не-месе тағы басқа ма?

Сонымен қатар республикадағы барлык партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялык, күндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Казак.станда азаматтык келісім мен түрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірак көппартиялыктың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялардын. мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласлайды, қоғаммен да-мыған байланыс жүйесі жок. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетгі қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халықка онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Сондыктан Кдзақстанда калыптасқан көппартиялыіс туралы айту әлі ерте сиякты.

Онын себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттін төмендігі, кұқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғар-ғы» жактың үйғарымымен жасалады. Оларды болашак сайлау-да ез кандидатурасын үсыну үшін бүрынғы партия, кеңес, кәсіподак қызметкерлері кұрды. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Копте-ген партиялардың өз максат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теле-дидарларда каналдары не мерзімді уакытгары жоқ.

Қазақстанда көппартиялықтың бүдан әрі даму бағыты қан-дай болмакдеген сүрактууы мүмкін. Топтық мүдделердің жікте-луіне карай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақын-цай түсуі, жинақталуы, жаңа партаялардыңдүниеге келуі, кейбі-Ііеуініңсаяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақпартиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңайы бар.

Сонымен қазіргі коғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті корғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін күрылады. Партиялар бұкара халықтың мүддесін топтап, жинақгай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының манызды корсеткіші болып саналады.

Көппартиялардың пайда  болуы және ерекшеліктері 

Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.

Қазақстанда ең ірі партия “Отан” болып табылады, оның 519 мыңдай мүшесі бар. Мүшелерінің саны жағынан бұдан кейінгі орындарда “Асар” (220 мың адам), Азаматтық және Аграрлық партиялардың “АИСТ” блогы (116 мың), Қазақстанның “Ауыл” социал-демократиялық пар­тия­сы (61 мың), “Ақ жол” (57 мың адам) келеді. 2002 жылы қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңға сәйкес партия мүшелерінің ең аз саны кем дегенде 50 мың адам болуы керек.

2004 жылғы парламенттік сайлау­дың қорытындылары бойынша 7%-дық белесті төрт партия: “Отан”, “АИСТ” блогы, “Асар”, “Ақ жол” еңсерді. Қазіргі кезде Парламентте “Отан” басым жағдайға ие болып отыр. Оның Сенат пен Мәжілістегі орта есеппен өкілдігі 61,3%-ды құрайды. “Асарда” бұл көрсеткіш 5,2%-ға, “АИСТ” блогында – 14,3%-ға тең. “Ақ жол” партиясы осы уақытқа дейін өзінің жал­ғыз депутаттық мандатын пайда­лан­бай келеді. Мәслихаттардағы де­путаттардың 71%-ы дерлігі “Отанның” мүшелері. Бұл ретте мәслихаттар хатшыларының 94%-дайы “Отанның” атынан сайланғанын айта кеткен жөн. “АИСТ” блогы мәслихаттардағы депутаттар орнының 10%-ына ие болса, “Асар” – 2,4%, “Ақ жол” – 1,3%, “Ауыл” – 0,8% көрсеткішке қол жеткізді.

Партиялардың саяси саналуандық­тағы ұстанымдары жөнінде олардың бағдарламалық құжаттарын негізге ала отырып, пікір түюге болады. Саяси спектрдің центризмін билік ыңғайын­дағы партиялар алып отыр. Мұнда басты рөлді “Отан” партиясы атқа­ратыны белгілі. Ол өзінің идеоло­гиялық ұстанымдарында қоғамның социал-демократиялық және либерал­дық сұраныстарының арасында тепе-теңдік сақтай отырып, партиялық-саяси спектрдің центристік бөлігінде басымдық танытып келеді. Онымен солшыл центристік уклондағы “Асар” және көп ретте оңшыл центристік си­паттағы “АИСТ” блогы мен “Әділет” партиясы ыңғайлас болып отыр.

Оң қанатта “Ақ жол” партиясы орналасқан. Оңшыл электорат үшін “Ақ жолмен” одан бөлініп шығып, үстіміздегі жылдың наурызында Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткен “Нағыз Ақ жол” партиясы таласатын болып жүр.

Сол қанатта С.Әбділдиннің Ком­мунистік партиясы, оған балама болып жүрген Е.Әбілқасымовтың Комму­нистік халықтық партиясы, сондай-ақ “Ауыл” және “Руханият” партиялары әрекет етуде. Бұқаралық социоло­гиялық сұрау салулардың нәтижелеріне сәйкес халық тарапынан қолдау рейтінгінде билік партиялары айтар­лықтай басымдыққа ие болып отыр. Қазақстандық “Ксилон” компания­сының зерттеу мәліметтері бойынша Президентті жақтайтын партиялардың жиынтық рейтингі оппозицияның осындай көрсеткішінен 7,5 есе дерлік артық екен. Мәселен, сәуір айында “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық,  “Әділет”, “Руханият” партиялары үшін сайлаушылардың төрттен үш бөлігі, немесе 74 пайызы дауыс беруге әзір екендіктерін білдірген. Ал енді оппозициялық және жартылай оппо­зициялық партиялардың жиынтық рейтингі 10 пайыз шамасында қалған.

Қазір еліміздегі көптеген партиялар өздерінің көпшілік арасындағы ресурсын күшейту мақсатында саяси жүйені жаңарту жөніндегі рефор­маларды ілгерілету негізгі мақсаты болып табылатын Мемлекеттік комиссияның қызметіне белсене қатысуда. Осындай тұрғыдан келіп партиялық-саяси күштердің топтасу мақсатындағы кейбір жақындасуы жүріп жатыр. Мысалы, өкілетті ор­гандардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс тобында бірге жүрген “Ауыл” партиясының лидері Ғ.Қа­лиевтің және Патриоттар партиясының жетекшісі Ғ.Қасымовтың ұстанымдары елеулі түрде жақындаса түсті. “Ақ жол” және “Алға” партияларының да топтасу мүмкіндігі байқалады. Мем­комиссияның жұмысы басталғаннан кейін А.Байменов пен А.Қожах­метовтің байланыстары жиілей түсіп, ол партияаралық өзара ықпалдасу ыңғайына көшірілген тәрізді.

Әлбетте билік ыңғайындағы партиялар қатарында да центризмге ұмтылушылық байқалғаны анық. 19  маусымда “Асар” партиясының төрайымы Д.Назарбаева Президентті жақтайтын партиялардың бірігу тұғырнамасын ұсынды. Бұл ұсынысты ең алдымен “Отан” партиясы қолдап шықты.

“Отан” партиясы 1999 жылы пре­зиденттіктен үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы негізінде құрылып, партияның құрылтай съезі Алматыда 1999 жылғы ақпанда өтті. Оның құрамына Демократиялық партия, Халық бірлігі партиясы, Либералдық қозғалыс және “Қазақ­стан-2030 үшін” қозғалысы кірді. “Отан” партиясының Төрағасы Пре­зидент Н.Ә.Назарбаев болып табылады. Ағымдағы басшылықты партия төрағасының міндетін атқарушы Б.Жұмағұлов жүзеге асырады. Екі партия біріккенге дейін А.Павлов пен А.Ермегияев орынбасарлары болған.

Қазіргі кезде партия іс-әрекетінің негізі “Қазақстандық жол-2009” бағдарламасы болып табылады, бұл бағдарлама оның 2004 жылғы пар­ламенттік сайлаудағы сайлау тұғырна­масы болып табылады. Партиялық-саяси спектрде “Отан” центристік ұстанымда тұрып, Мемлекет басшы­сының жаңарту бағытына қуатты қолдау білдіріп келеді. Өзінің саяси ұстанымдары мен практикалық іс-әрекетінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуге барынша айқын бағдарланған бірден-бір партия осы.

“Отан” партиясынан 21 депутат Парламент Сенатының, 53 депутат Мәжілістің құрамында болса, оның мәслихаттардағы депутаттар саны 2350 адамға жетеді. Партия Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Оның әлеуметтік базасын негізінен мемлекеттік басқару, құқық қорғау құрылымдарының, мәдениет, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қыз­меткерлері, кәсіпорындар мен ұйым­дардың жетекшілері, орта деңгейдегі басқару қызметкерлері, кәсіпкерлер, фермерлер, студенттер құрайды. “Отан” өз қатарына көптеген этнос­тардың өкілдерін біріктірген.

“Отанның” 19 филиалдан, барлық дерлік аудандар мен ірі елді мекен­дердегі 220 өкілдіктен, 9809 бастауыш партия ұйымдарынан тұратын тар­мақталған өңірлік желісі бар. Партия сайлау аралығындағы кезең­дерде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2006 жылдың басынан бері жалпы жиынтығында 2,3 миллионнан астам адам қатысқан 22,5 мың шара өткізілді. Солардың ішінен Демокра­тиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемкомиссия жұмысына қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын насихаттау мен түсіндіруді, халықаралық ұйымдар мен шетел өкілдерімен кездесулерін, Мәжілістегі “Отан” партиясы фрак­циясының Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңестерін, ішкі партиялық жұмыстарын, сарапшылар алаңдарын ұйымдастыруды атап өтуге болады.

“Асар” партиясы 2003 жылғы қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Екі партия біріккенге дейін “Асардың” төрайымы Мәжіліс депутаты Д.Назарбаева болды. Партия өзінің идеологиялық негізі ретінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын таңдап алған. Негізгі мақсат ретінде Қазақстанда әділ демократиялық қоғам құруды қойып отыр. “Асардың” халықтық бағдар­ламасы оның беделін айрықша көтеріп, қатарының қауырт өсуіне мүмкіндік берді.

Парламент Мәжілісінде “Асар” партиясынан 4 депутат, Сенатта 3 депутат бар. Облыстық мәслихаттар­дағы оның өкілдігін 52 депутат құрайды.

Партия 2003 жылғы желтоқсанда тіркелгеннен бастап оның мүшелерінің саны 77,3 мың адамнан 220 мыңға дейін өсті. Жақтастарының арасында сауда қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым саласының қызметкерлері жиі кез­деседі. Барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында филиалдары бар.

“Асардың”  қазіргі кездегі маңызды шараларының қатарында Қазақстан қоғамын жаңартудың жалпыұлттық бағдарламасын, Мемкомиссия жұ­мысына тікелей қатысуын, Президент­тің Қазақстан халқына Жолдауына арналып өткізілген дөңгелек үстелді атауға болады.

Еліміздегі саяси жүйені жетілдіру қажеттігіне, ұстанымдарының ұқсас­тығына қарамастан, екі партияның бірігуіне оның мүшелерінің ел мүддесін ойлайтындығы үлкен ықпал жасағанын атап көрсеткен жөн. “Отан” партиясы­ның кезектен тыс съезінде екі партия­ның бірігуі жөніндегі шешім қабыл­данғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаға өз ризашылығын білдіріп, “Осындай ауызбіршіліктің, ел бірлігін бәрінен де жоғары қоюдың үлгісін “Отан” мен “Асар” партияларының көрсетіп отырғаны аса ғанибет”, деп атап көрсеткені белгілі.

Біріккен жаңа “Отанның” құрылуы арқылы билік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру мақсатында ұлтты жұмылдыра алатын осындай партияға мүдделілігін көрсетті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, олардың экономикалық секірісі көп ретте саяси аренаға бір доминанттық партияның шығуымен байланысты болған. Өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде үздіксіз билікте келе жатқан Жапония либерал-демокра­тиялық партиясы, билік тізгінін 1959 жылдан бері ұстап тұрған Сингапур халықтық іс-әрекет партиясы, 1955 жылдан билік жүргізіп келе жатқан Малайзияның “Барисан насионал” коалициясы осындай қатардан.

Мұндай мысалдарды Азиядан ғана емес, сонымен бірге санғасырлық демократиялық құрылым тарихы бар еуропалық елдерден де табуға болады. Швеция социал-демократиялық жұмысшы партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін жеке өзі немесе коалиция жетекшісі ретінде билікте болды. Соңғы отыз жылда да бұл партия сайлауларда барынша көп табысқа жетіп, үкіметті қалыптастыру құқығын иеленіп келеді.

Қазақстандағы Президентті жақ­тайтын негізгі партиялардың бірігуі “Біртұтас Ресей” партиясын құру жөніндегі көрші елдің тәжірибесіне ұқсас болғанымен, оның көшірмесі емес. Ресей Федерациясында мұндай үдеріс жоғарыдан төмен қарай президенттік билікті нығайту қажеттігімен бай­ланысты болды. Ал Қазақстанда билік ыңғайындағы партиялардың бірігуі басқа себептен, нақтылап айтсақ, күшті де өзекті билік пар­тиясына арқа сүйей отырып, жаңару серпілісін қамтамасыз етуден туындады.

Екі партияның бірігуі елде элита ішіндегі мүдделер тепе-теңдігіне қол жеткізілгенін көрсетеді. Бұрын болған келіспеушіліктер немесе қарама-қайшылықтар еңсерілді. Бұл ретте элита топтасуының басты факторы Мемлекет басшысы болып табылады. Президенттік тұғырнама негізінде біріккен екі ірі партия ғана емес, ойымызда олардың артындағы жетекші саяси және мемлекеттік күштер де тұруы керек.

“Отан” мен “Асардың” бірігуі негізінде өмірге келген саяси ұйымның шын мәнінде бұқаралық және жалпы­ұлттық сипаты болады. Партиялық дамуда элиталық немесе қаржы-өнер­кәсіптік топтардың саяси текетіресі ретіндегі жәйттерден бас тартушылық байқалып отыр.

Президентті жақтайтын партиялар­дың бірігуі биліктің партиялық алаңын­да бастамашылдықты сақтап отырғанын білдіреді. Мұның өзі саяси реформа­ларды жүргізудегі биліктің белсенді­лігімен де қуатталады. Мемкомиссия­ның дөңгелек үстеліне барлық ірі партияларды жинап, саяси жаңаруға байланысты мәмілелерге қол жеткізген билік Қазақстандағы демократиялық үдерісті белсенді түрде ынталандырып отыр.

Екі партияның бірігуі Президентті жақтайтын күштердің 2005 жылғы сайлауға дейінгі топтасушылық үде­рісінің қисынды нәтижесі болып көрінеді. Қазақстан Халықтық коа­ли­циясы блогының аясындағы бірлескен жұмыс тәжірибесі текке кетпепті. Бұл жолғы топтасушылық бұрынғыдан әлдеқайда елеулі болып отыр. “Отан” мен “Асар” бір-бірін үйлесімді толықтыра алады. Бір жағынан, “Отанның” негізділігі мен бұқаралығы, екінші жағынан, “Асар­дың” креа­тивтілігі мен энергетикасы бұл партияны қуатты күшке айнал­дырады.

Қазіргі билік саяси технологиялар аппаратын шебер қолдана отырып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Біртұтас та ірі билік партиясын құрған ол өзінің әлеуетті бәсекелестерінің бәрін ұтылыста қалдырып отыр.

Қорытынды 

Билік ыңғайындағы партиялардың топтасушылығы – бұл оппозицияның алдына көлденең тартылған сынақ. Ол бәсекеге қабілетті және күшті болуы үшін байқалып отырған үрдісті дереу сезініп, өз жұмысын сапалық тұрғыда қайта құруы тиіс. Оппозицияның ішіндегі партияаралық өзара ықпалдас­тық күшеюі керек. Партиялық алаңда билік партиясы секілді жалпыұлттық стратегияны іске асыруға бағытта­латын, алайда биліктің іс-әрекетін бақылаудың өзіндік тетігі ретінде әрекет ететін күшті де сындарлы оппозициялық партия пайда болуы тиіс. Мұндай жария оппозиция саяси жүйенің жүйелік элементі болып, Парламентте және биліктің басқа өкілетті органдарында жұмыс істей алар еді, Ұлыбританияның, Португа­лияның және басқа елдердің мысалы­нан байқап жүргеніміздей арнайы заңнын қорғауында бола алар еді.

Жаңарған және елеулі түрде нығайған “Отан” партиясы Қазақстанда болашақта  билікті ашық түрде өткізіп беру тұрғысынан саяси жүйенің тұр­лаулылығын арттыруға қабілетті. “Отанның” негізінде билік ыңғайын­дағы партиялар бірігуінің алысты, соның ішінде елде кезекті Президент сайлауы өтетін 2012 жыл тұрғысын көздейтін нәтижелері болуы тиіс. Күшті президенттік республикаларда биліктің басқа қолға өту үдерісінде, әдетте, тұрақсыздық, элиталар арасын­дағы қатынастардың бұзылу, партия­лық алаңдағы бәсекелестіктің қауырт өсу тәуекелдері болады. Осыған байланысты жалпыұлттық мүдделерді басты орынға қоятын доминант партия бүгінгі жүріп жатқан саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етуге көмектесе алады.

Сондықтан да 4 шілдедегі оқиға – “Отан” және “Асар” партияларының бірігуі ел өміріндегі маңызды белес болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1)Алдамұратов Ә., Мұқанов М. Психология пәнінен лабораториялықпрактикалықсабақгар. Біріішп бөлім. -Алматы,456 1978, Екінпп бөлім, -Алматы, 1979.

2)Гоноболин Ф.Н. Психологая /педучилищелерге арналған окуқұралы/. -Алматы, Мектеп, 1976.

3)Жарықбаев Қ. Психология /пединститут студенттері мен педучилище оқушылары үшін. -Алматы,/К^з.оку пед.бас, 1962.

4)Жарықбаев Қ., Әбдірахманов Ә. Психология терминдерінің орысша-казақша сөздігі. -Алматы, Мектеп, 1976.

5)Жарықбаев Қ. К^ізақ психологиясынын тарихы. -Алматы, Кдзақстан, 1996

6)ҚазақСовет энциклопедиясы 1-12 томдар. -Алматы, (1972-78).

7)Қазақстан. Үлттық энциклопедия 1-6 томдар. -Алматы, (2000-2002).

Загрузка...