Загрузка...

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің кепілі және рәмізі

Загрузка...

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің кепілі және рәмізі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституциясының мызғымастығының, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынның себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет биліктің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпайды, оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа да заңдарының сақталуында мемлекеттік  билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс. 

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: басқарудың  президенттік жүйесін «мемлекеттің бүгінгі таңдағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырады. Және, бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет деп жазды».1 Он екінші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен өзі тарқағаннан кейін және Президентке заң шығару органдарының кейбір өкілеттігі уақытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша жедел және сапалылық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық жай заңдық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарады.

Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірбие жинақтаған болуы тиіс. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде отыз бес жасқа толған азаматы сайлана алатындығы белгіленді.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен рұқсат етілетін ең жоғарғы жас шегі де белгіленген. Қазақстан Республикасының 65 жастан аспаған азаматы Президент бола алады. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар: қабілетсіздігіне қарамастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестікке кезең тәжірибесін қайталаудан сақтандыру.1

Қазақстан Республикасының Президенттікке үміткер адам міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін және Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру қажеттігін белгілейді. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.

Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі — оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды.

Қазақстан   Республикасының   Конституциясы   Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың елу пайыздан астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 пайызынан астамы алған кандидат сайланған болып  есептелінеді. Егер кандидаттың бірде-бірі аталған дауыс санына ие бола алмаса, қайтара дауыс беру өткізіледі.

Қайтара дауыс беруге көпшілік дауысын алған екі кандидат қатысады.

Дауыс беруге қатысушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

Мұндай өкілеттіктер мемлекеттік билік органдарының қызметтерін үйлестіріп отыруда зор   ықпал етеді. Енді осы өкілеттіктерге тоқталып өтсек.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды, Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды, Парламенттің бірінші сессиясын шақырады, Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды, Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады, Палаталардың кез-келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарында қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы, Үкімет мүшесі Заңдарды орындамаған жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін қарайды. Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті тарата алады.

Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер – министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, Премьер – министрдің оның қызметінің бағыттары туралы баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды, өте маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді, Үкімет немесе оның кез-келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды, конституцияда және заңдарда көзделген өзге де атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.

Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьяларды Сенатқа ұсынады, облыстың және соған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және соған теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды, Әділет министрінің ұсынысы бойынша республиканың басқа соттары төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Президенттің әкімдерге қатысты өкілеттігі: Премьер — министрдің ұсынысымен Президент обылыстың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тағайындайды, өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орындалуы туралы олардың есептерін тыңдайды, мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен сенім көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстық, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады.

Дегенмен, Президент өз өкілеттігі аясының кеңдігін пайдаланып «мен», «мен» деген сөзді жиі қолданбаса екен. Өйткені олардың аузынан шыққан бүгінгі жай «мен» ертеңгі күні «мемлекетте – мен» деген айбарға ұласуы әбден мүмкін. Бұл елбасылардың болашақта қауіп тудырар мінездерінің біріншісі.

Екіншіден, өздерін шексіз билік иесі сезініп, жіберген қателіктерін талқыламауға, оны жұрт назарынан тыс ұстауға тырысулары мүмкін. Демократия алға қойылған мемлекеттерде   Президенттердің   артық, оғаш қылықтары   да қатаң қадағаланады. Мысалы, батыс елдеріндегі бір Президент өзіне бөлінген жеке ұшақты екі сағат күттіріп қойғаны үшін парламент талқысына түсіп, айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Үшіншіден, парламенттің құқығы мен мүмкіндігін, билік өрісін тарылтып, бұғау салуға тырысуы.

Төртінші қауіп — асыра мақтау мен жағымпаздыққа бой алдыра бастағандары. Бұл екі індеттің бағындырмайтын шыңы өте сирек.

Дегенмен, жоғарыда айтылғандардан өзге бірен — саран оң, қадамдар да жоқ емес. Буын — буынына енді түсе бастаған осы аса қауіпті індетке қарсы қояр күш тауып, естерін тез жинап ала қойса өздері  үшін де, халық үшін де игілікті іс етер еді.

Біздің көкейімізде жүрген бір ұсыныс. Біз Конституциямызға «ақ бата», «қара бата» деген толықтыру енгізсек. Еліне еңбегі сінген, қоғамды алға шыққан басшыға зейнет демалысына шығарда, ақ бата берейік. «Ақ бата» алған деген құрметті атақты иеленсін. Ал үкімет мүлкін талан – таражыға түсірген, ел мүддесінен гөрі өз мүддесін жоғары қойған басшыға қара бата берейік. Ол елден «қара бата алған адам» ретінде төменшіктеп жүрсін. Бұл біздің елбасы тағдырына алаңдаушылығымыз.

Загрузка...