Загрузка...

Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері

Загрузка...

Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен адамдар демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Кеңес өкіметі кезеңінде жеңілдік жағдайында туристік жолдамаларды бөлу жүйесі жемқорлықтанған болғанын атап өткен жөн. Туристік жолдамаларға қолдары жететін шенеуніктердің оларды қолдануға мүмкіндіктері болды. Барлық халықтың әлеуметтік теңдігін насихаттау шындыққа қайшы келді.

Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында реформалық өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік аспектілерді асып кетті.

Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика  туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.

Жағымды жағдайларды құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық тұрақтылық пен республикалық экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Жүргізіліп отырған реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық алады. Осы мақсатпен туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу маңызды. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей болады.

 

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдестіру

 

Кезеңдер

Экономикалық аспектілер

Заңдық база

Саяси аспектілері

Әлеуметтік негіздері

1 кезең

1991-1994 жж.

Туризмде мемлекеттен шығару және жекешелендіру процестері басталды. Кіру және шығу туризмдері бойынша көрсеткіштердің өсуі, жаңа туристік фирмалардың ашылуы, саланың рентабельділік көрсеткіштерінің көтерілуі «ҚР туризм мен спортты дамыту туралы» Министрлер Кабинетінің қаулысы, «Туризм туралы» ҚР заңы, «Туристік және спорттық қызметті лицензиялау, сертификаттау, туралы ереже» Кіру және шығуға шекараның ашылуы, визалық формальдылықтардың жеңілдетілуі, шетелдік инвесторлардың ағымы Туристік фирмалардың спонсорлыққа қатысуы
2 кезең

1995-1999 жж.

Кіру туризмі бойынша көрсеткіштердің тоқырауы, ішкі туризмнің көрсеткіштерінің құлауы, шоп-туризмге маманданған фирмалар санының өсуі, инфрақұрылымның қалыптасуы «ҚР-да туризм индустриясының дамуының Ұлттық бағдарламасы», туристік қызметті лицензиялау жүйесі қайта қаралды Шетелдік азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің құлауы Бірқатар фирмалардың спонсорлық іс-шараларға қатысуы
3 кезең

2000 жылдан бастап

Туризм түрлерінің құрылымының өзгеруі, кіру туризмі көрсеткіштерінің құлауы, бәсекелестіктің шиеленісуі, маркетинг және жарнама құралдарын қолдану ҚР-да туристік қызметті лицензиялау Ережесі, 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1947 «Туристік қызметті дамытудың бірінші реттік шаралары туралы» ҚР Өкіметінің қаулысы, № 211-11 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР заңы Визалық формальдылықтарды одан ары қарай жеңілдету, туристік қызметте интеграциялық процестер Зейнеткерлер, көп балалы жанұяларға арналған жеңілдіктер қолданылды, туистік ескерткіштер қалпына келтірілді.

Қазақстанда туризмді кезеңдестіруді экономикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық факторларға байланысты жүргізуге болады. Бұндай кезеңдестіру айқын көрінбейтін сипат алады, бірақ та оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар негізінен мемлекеттің саясаты және жүргізіліп отырған экономикалық қайта қалыптастырумен байланысты болды.

Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін береді. Жоғарыдағы кестеде Қазақстандағы туризмнің дамуының кезеңдерін көрсетеді.

Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.

Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді. Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды. Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай ерекшеленді.  Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.

Загрузка...