Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы

КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады.

Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.

ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне дейін өтті.

Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты — өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы.

Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов  болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.

Г.И. Белоглазов Алматының №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие болды.

1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т.б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды.

Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы (үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник» туристтік базасына айналады.

1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды.

1955 жылы Алматыда «Интурист» Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды.

1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.

Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды: Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы – Қарағанды облысының  тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық — Көлінің жағалауында.

Туризмнің дамуына серпінді күш берген «Елдегі туризм мен экскурсиялардың ары қарай дамуы жөніндегі шаралар туралы» қаулы болды (1969 ж). Қазақстанда туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Маңызды орынды Республикадағы туризмнің материалдық базасын күшейту бойынша шаралар – жаңа туристтік базалар мен қонақ үйлерді салу, оларды мейрамханалар, кинотеатрлар және басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен жабдықтау алды. Туристтік құрал-жабдықтарды жалға беру орындары, моторлы қайық стансциялары, мамандалған автобазалар ашылды.

Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы облыста «Алматы» турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы Алматыға жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта «Алматау» турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың және облыстық туристтік ұйымдарына  қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы биіктаулы мұз айдыны «Медеу» салынғалы «Медеу» және «Алатау» атты туристтік қонақ үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз еді.

1979 жылы Алматылық туристтердің қалалық клубының мәліметтері бойынша, қалада 100 шақты туристтік секциялар, 7 туристтік клубы жұмыс істеді. Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты (Алматыда бұл кезде 900 мыңдай тұрғын халық болды).

Тау туризмнің техникасы бойынша, жарыстар әдетке айналып, туристік слеттер, туристтік кештер, «Турист күні» мейрамдары жыл сайын Горький атындағы мәдениет пен демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылып отырды.

1988 жылы КСРО-да туризмді басқару құрылымы өзгереді. Туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестердің орнына туристтік – экскурсиялық бірлестіктер (ТЭБ) аймақтық қағидаға байланысты құрыла бастады.

Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда ТЭБ – ге бұрын кеңестер басшылығындағы туристтік кәсіпорындар мен ұйымдар енді (турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар және т.б.).

Туризмде басталған қайта құрылыс туристтер клубтарының қаржыландырылуын бірден қысқартып, кейіннен оларды шаруашылық есепке өткізді. Олардың халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-әрекеті нашарлай бастады. Жорықтар, слеттер мен жарыстардың ұйымдастырылуы сирей береді. Кейбір туристтік клубтар жабыла бастады.

Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді. Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілілігі туристтік қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыа келгенде, қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.

Бүгінгі күнде туризм коммерциялық қызметтің ең қарқынды түрде дамып келе жатқан түрі болып табылады. Қазіргі заманда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыскер туристтік және қонақ жай бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 6 % және әлемдік тұтынушылық шығындардың 11% келеді. 1996 жылы халықаралық туризмнен түскен елдердің жиынтық табысы 425 млрд. АҚШ долларына жетті, ал ол әлемдік экспорттың 8 % және әлемдік қызмет экспортының 1/3 бөлігін құрайды. Дүниежүзілік туристтік ұйымның болжамы бойынша 2020 жылы туристтік сапарлардың саны 3 есеге көбейіп, 1,6 млрд. адамға жетеді.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша соңғы жылдары кіру туризмі көлемінің 2002 жылы 3,7 млн.-ға, ал 2004 жылы 4,3 млн. туристтерге жеткен. Соңғы жылдары туризм географиясы кеңейіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанға туристтердің көп бөлігі Германиядан (51,1 %) келеді, екінші орынды Ресей (30,6 %), үшінші орынды — Өзбекістан (24,6 %), төртінші орынды – Қытай (22,6 %), бесінші – АҚШ (5,7 %) алады.