Загрузка...

Экономиканы басқару стилдері

Загрузка...

Басқару стилі дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.

Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері сүйесінің маңызы зор.

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еқбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:

а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);

ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер);

Басқарудың  стилдері:

—  кәсіпорын, бірлестік, зкономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

—   министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

— түрлі деңгейдегі басшылардың аз қызметінде қолданатын әдістеріне;

—   белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді

Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты.

Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемаеына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жаллылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару стилдерінің:

—   өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);

— мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

— қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді);

— қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экокомикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, соның ішінде:

—    экономикалық;

—   ұйымдық-әкімшілік;

—  әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.

Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.

Басқару стилдеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді./9,123 б./

Басқару стилдері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына әдетте мүмкіндік береді. Сонымен басқару әдісі дегеніміз — объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.

Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.

Басқару стилі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.

Басқару стилінің  елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.

Басқару стилі өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.

Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.

Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа:

а)   материалдық себеп әдістеріне;

ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;

б)  билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады. Осы топтардың әрқайсысы:

—  онды себепті (ынталандыру);

—    теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды.

Бұл стилдер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді санағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып жеке-жеке қарауға болады.

Материалдық себептер мынадай үш түрде:

—    қоғамдық;

—    ұжымдық;

—    жеке түрде көрінеді.

Материалдық себептерге:

—       материалдық жағынан ынталандыру;

—    күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық жазалар қолдану жатады.

Басқарудың зкономикалық стилдерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.

Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұпсаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалайды, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер ден түсініледі.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта кұруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер дек, өндірістік дәметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді Олар сонымен ісатар барлық зкономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді, Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

—     шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

—    әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;

—     экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;

—      мемлекеттік реттеудің әдістері

Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.

Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуше байланысты. Бұл орайда мыналарға;

—   кәсіпорындардың залалмен жұмыс істеуіне;

—    пайдасы жоқ дотациялардың тоқтатылуына;

— басқалармен салыстырғанда, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың, экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылыми-техникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға;

— өндіруші жөнінде де, тұтынушы жөнінде де экономикалық мүлде категорияларының пайдаланылуына;

— мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге;

— кәсіпорындардың қиын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін құрт көтеруіне және т.б. қол жеткізуге болады.

Тұтынушы, өндіруші жәке қоғам арасындағы өзара іс — қимылды жүзеге асырудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан мұндай құрылымдар қажет. Басқарудағы еңбек бөлінісінің формасын басқару құрылымы деп түсіну қажет, ал бұл форма басқарудың белгілі бір функцияларға бөлінуін баянды етеді. Бұл орайда басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады. Элементтерге:

—  басқару қызметкерлері;

—   басқару техникасы;

—    басқару органдары жатады.

Басқару қызметкерлеріне басқару функциясының белгілі бір бөлігін орындайтын индивидтер (адамдар) жатады.

Басқару техникасына жататындар — басқару процесі үшін қажетті еңбек құралдарының жиынтығы.

Басқару органдарына басқару еңбегінің бөлінісі қатынастарымен байланысты қызметкерлер тобы кіреді. Басқару органдарының жиынтығы бұл ретте басқару органдарының жүйесін құрайды./10,367 б./

Мұндай басқару органдары жоғары және төмен тұрған, теқ құқықты органдарға бөлінеді. Бұл олардың басқару құрылымындағы жағдайына да байланысты. Басқару құрылымы басқару органдарының арасында бар байланыстар арқылы сипатталады.

Барлық нарықтық құрылымдар кез келген жағдайда белгілі бір принциптерге бағынатынын атап өту қажет. Бұл қағидалар басқару ашараттарына қойылатын талаптардан өз көрінісін табады. Бұл — ең алдымен басқару апараты құрылымының оқтайлылығы; одан соқ — құрылымды аңғарудың оперативтілігі зкономикалық дербестік шеңберінде және шаруашылық механизмі анықтайтын жағдайда жұмыс істеудің сенімділігі мен басқару тиімділігі.

Қаралып отырған мәселеге байланыста еске ала кететін бір жай — шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс. Нақтылы айтқанда ол:

— біздің санамыздан тыс әрекет ететін экономикалық заңдардың қолданылу шеңберінде оның толық сәйкес келуі;

—   шаруашылық механизмінің ғылыми негізділігі;

— механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс;

—  қоғамда әлеуметтік-экономикалық кепілділіктер механизмін жасау;

— барлық деқгейдегі басқару объектілерікід мүдделерін біріктіру мен үйлестіру;

— шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан әрі икемді ете түсу.

Загрузка...