Аудармадағы грамматикалық трансформацияның ролі курстық жұмыс

ЖОСПАР

КІРІСПЕ——3

І. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ——5
1.1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы——5
1.2 Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы—-14

ІІ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ РӨЛІ—18
2.1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер мәселесі——18
2.2 Аудармадағы грамматикалық және грамматикалық трансформацияның түрлері——-23

ҚОРЫТЫНДЫ———26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР—28

 КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Аударма — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Өйткені бір тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі   сөздер   көшіріп,   сол   түпнұсқадағы   қалпын   сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы    мағынасын    жеткізуден гөрі, сол    әдебиетке    тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлде қайда қиын. Ал онсыз көркемдік ой-сезімнің    әсерлілігі де    толымды    болмайды.    Сондықтан аударма түпнұскаға мағынасы қағидалық жақын келетініне орай дәлме-дәл  аударма,   еркін аударма,   сәйкес аударма деп ажыратылады. Түгелдей алғанда, қандай аударма болсын   творчестволық   сипат   алады,   бастан   аяқ   сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің   мағынасын,   көркемдік   қуат, бейнелілік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Көркем  аударманың    қасиетін    арттырып    түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік     өзгешеліктерін     жаңғыртып,     жарқырататын, қайта туғызатын суреткерлік  шеберлік.  Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты – қазақ тіл біліміндегі аударманың грамматикалық трансформациясын зерттеу  болып табылады. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:

—         аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу;

—         тілдердің грамматикалық және лексикалық  құрылысындағы  аударма теориясын анықтау;

—         аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау;

—         аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау үшін аудармадағы грамматикалық трансформацияның үрдістерін зерттеу,

—         аудармадағы грамматикалық трансформацияның мәніне толық жету үшін бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты ашу және т.б. міндеттер қойылды.

         Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 курстық жұмыс / 28 бет