Антропология – адам туралы ілім

 Жоспар 

I.Кіріспе

II. Антропология – адам туралы ілім

III.Қорытынды

Кіріспе 

Адам туралы ілімнің мән-мағынасын ашпастан бұрын, антропология сөзінің мағынасын ашып алған дұрыс. Сонымен, anthropos-адам және  logos-ілім, сөз деген мағынаны білдіреді.Табиатттың жоғары және ең жетілген перзенті ретіндегі адамға көз-қарас, адамды тану табиғаттың құпия сырларын ашуға мүмкіндік береді, өйткені адам атқаратын қызметтердің табиғи бірлігіне табиғаттың барлық күштері қатысады.

Антропология адамды оның бастапқы мәні ретінде көріп шұғылданады. Оның мақсаты-жалпы адамзаттық психология емес,жекелік сипаттағы адамың ерекше болмысы сияқты  адамның әдеттегі болмысы. Антропология өмірдің қайталанбас белгілерін –дененің құрылымын,нәсілін,мінезін,рухани өмір мәдениетінайқындайтын тәсілдердің біріне айналды.

Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі, ол текті ұғым болып табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көз-қарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз. Адам-қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан –денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену , ұрпақ жалғастыру  т.с.с.қажет. сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. егер жануарды оның инстинктері итермелесе,  адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол — өз-өзін бақылауға ала алатын  пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.

Антропология — адам туралы ілім 

Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.

Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті»қолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі  қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырған екен.  Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны «Homo Sapiens» -саналы адам, «Homo Faber»-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. «Zoon Politicon»-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. «Нomo Morales» деген атты И.Кант берген, Абай оны «Нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне  жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді .   «Homo Aesteticus»-сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын  пенде. Біз тек ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай  , бүгінігі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы адмға «Homo Ludens» -ойнайтын адам деген ұғым берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша, «Наша жизь-театр, а мы в нем актеры»,- дегендей…   «Homo Erectus»- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар.  Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз  ғажапқа- ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар  дене мүшесі жоқ. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға  «Homo Simbolicus»-нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символ қайсібір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын неше түрлі өмірде кездесетін белгілерді жатқызамыз. Қайсыбір көркем әдебиеттегі салыстырма , нақыл сөздер , бейне мысалдардың , т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы , Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса, нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек , Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу  — мөлдір махаббаттың символдары ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген болатын.

Сонда адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгіл  бала да адамның не екенін біледі, ал оның ішкі мәніне үңіле қарасақ,одан күрделі ұғымдар шамалы.

Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол жүйелі біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын , өз тағдырын «жасау» мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді-өзің танып біл»-деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.

Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың «жан» мен «тәннің» іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтн жан деп түсінсе, Фома  Аквинский адам жан мен тәнінің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән өледі , жан өлмейді, о дүниеде Құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.

Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукциализмді келтіруге болар еді.

Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік  табиғаты мойындалды . Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға оңай болады. Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді. әрбір адамның тарихтағы  қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректер шексіз көп.

Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан зор ролін көрсетпесе болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық  қоғамдық адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.

Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілерімен қатар , оның өзгелерден ерекшеленетін  өз қасиеттері бар. Бұл табиғи – бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік-дамуының интеллектуалдық дамуының деңгейі, психологиялық қатпары , рухани мәдениетінің әр-түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен , мінез-құлқынан , эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекекттерінен де , оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір  әлеуметтік топтың  өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады, оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мәнінің ерекшелігі оның әлуметтік қасиеттерге негізделетіндігінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.

Әлеуметтік индивидуалдық, әрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде – бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр-алуан факторлардың әрекеті мен синтезі. Адам неғұрлым үлкен деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол өз кезегінде , оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады.

Енді «индивид» (дара адам,жеке адам), «индивидуальность»(ерекшелікті адам), «личность» (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдай кетсек, индивид (латын сөзі) – бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйі алған немесе дара адам деп аударған дұрыс сияқты.

Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.

Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол- өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, тұр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б.бар адам . Ерекшелікті адам – сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты әрбір адам болу үшін оның мінезі бар ма , жоқ па, көзі көк пе, әлде қара ма, бойы ұзын ба, жоқ па-бұлардың еш қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген Әл-Фараби айтқан адамдағы 3 қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әр қилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.

Кісі дегеніміз — жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты , болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол-қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: «Әй мынау кісіліктен жұрдай екен бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен»-деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде «кісі», «кісілік» деген түсініктер (личность)деген ұғымға біртабан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан, ардақты да, ақылды да адамдарды халқымыздың  «маңдайға  біткен» тұлға деп дәріптейтіні белгілі. Жаңа туылған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, тұлғалық сипатқа ие болған жоқ. Ондай кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерінің игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік деңгейге көтеріліп, өзінің  «мәнін» тұрақты бекіту үшін сол керек.

Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашан да өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жаайды., ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы,  батылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол , бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктері қолайлы жағдайлары болып тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі кездеседі. Бірақ, түптеп келгенде, мәселе жігердің күштілігінде немесе әлсіздігінде емес. Оның екеуін де тәрбие арқылы әр адамның еңбегін, қоғамдаық тәртібін, жұртшылық алдындағы, өзінің ар-ожаны мен отбасы алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы реттеп отыруға болады.

Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол-заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатыен пенде. Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар оларды жойып, тіпті озін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында , адам-өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім дөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?» , «қалай өмір сүруім керек?» деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.

Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні созсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңілік» сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой : «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқан сияқты», -дейді. Бір «мен»: «мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниеніңмән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында»,-дейд. Екінші «мен» : «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі дке келмейді», — деп қортады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Бір шама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді жасауымыз ғажап емес…

Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әртүрлі қажеттіліктерін өтейді. Жалғыз ғана дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінін мән мағынасын құрай аламайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның қажеттіліктері тұр. Уақытында американың ғылымы А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең төменгі басты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық  (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер. Екінші – экзистенциялдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, еретенгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші — әлуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, соларың сый-сияпатына ие болу). Төртінші – престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші – рухани қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз мүмкіндігінді өмірге енгізу, іске асыру.

А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар әліде болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы қажеттіліктерді игеруге итермелейді.

Сонымен өмірідің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға, өз қабіліттерінді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану керек. Ондай адамға тәң нәрселер:

өмірідің әрбір күнін тендесі жоқ сый ретінде қунаышты сезіммен қабылдау;

басқаларды өзінді сияқты бағалап қабылдау;

басқаларға тәуелді болмау, әр мәсәле бойынша өз пікіріңді көрсете білу;

өзегелердің пікірін де қабылап сыйлау;

өз тандаған ісінді сүю, шығырмашылық денгейде игеру;

өне бойы өз қабілеттерінді әрі қарай дамытуға кірісу;

мақсат мұратқа жететің құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен түрсздікті айыра білу;

қай жерде болмасын өзінді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.

Басты мәселе — өмірдің мән-мағынасын тудыру, жасауға болмайды, оны тұлға өзі іздеп тауып алуы керек. Бұл Дүниеде өмірге келген әр адамның оз орны бар, сондықтан әр адам өмірінің мән-мағынасы өзгеше. В.Франклдің айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ахуалдың шеңберінде өмірлік мән-мағынаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын балаларын жеткізуден, екінші – табиғи дарынын ашудан, үшінші – сүйген адамы үшін өмір сүруден т.с.с. көруі мүмкін.

Адамның өмірінде тіпіті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдын тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, түңіліуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр адам өз өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен» (зардап, күнә, өлім) өтеді. «Осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалатып алмауы керек», — дейді В.Франкл. Ол «ой-толғау құндылықтарына» көшу керек, сонда зардап шегудің өзінен жан дүниенің тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-мағынаны табуы мүмкін.

Абай философиясының антропологиялық негіздерінің тұрғысынан қарасақ. Абай – ұлы философ, ойшыл. Оның дүние танымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте коптеген мәселерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М.Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани мұрасының кең алқымдылығын, теренділігін көрсетеді. Абайдын осы ой толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этникалық тұрғыдан қарастырады. Абайдын бүкіл философиясынын квинтэссенциясын, негізгі принципі ретінде «Адам бол!» деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой толғанысы мен философиясын адма бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан карайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсайтын. Абайдың пікірі бойынша, адагершілік нормаларымен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан : «Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…бес нәрседен қашық бол (бес дұшпан — өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ). Бес нәрсеге асық бол (бес асыл іс – талап, еңбек, терен ой, қанағат, рақым)». Адам үшін онын өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе — өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамнын адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамнын ең алдымен өз алдындағы, басқа адамдардың алдындағы жауап кершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.

Абай философиясынын негізгі ерекшелігі –  ең алдымен адам мәселесін философияның негізгі мәселесі ретінде алып қалыптастырады. Абу Хайян ат-Таухиди айтқандай, адам адам үшін мәселеге айналды. Бұл, әрине, Абай философиясына антропологиялық сипат береді, бірақ Абайдын философиялық  антропологиясынын өзіндік сипаты бар, ол ерекше философиялық ілім, жүйе болып табылады. Профессор О.А. Сегізбаев Абайдын антропологиялық философиясын Фейрбахтың философиялық жүйесімен салыстыра отырып екеуінің де философиясының ен басты мәселесі адам болғанымен, арасында үқсастықпен қатар сапалық айырмашылық бар екендігі туралы ой тұжырымға келеді. Л.Фейрбах «Гегельдін философиясына сын» деген еңбегінде табиғат асқазаннын жай ғана шеберханасын жасап қойға жоқ, сонымен қатар Ми сарайын орнатты, ол тіл ғана берген жоқ, дыбыстардың үйлесімділігін есту үшін құлақ, жарық көру үшін көз берді деп айтса, Абай «қара сөздерінін » 38сөзінде: Алла «…Адам баласын құрт, құс, өзге хайуанаттар сиптаында жаратпай, бұл гүзәл сипат беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, ауызына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ляззаттанғандай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарарадан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке біреуі ойы, біреуі ұқтырарлық тіліне сөз беріп » жаратты дейді. Бірақ Фейербах адам табиғи құбылыс болғандықтан, оның адамгершілік, әдептілік сипаты оның табиғи мінімен анықталады деп есептелгендіктен, оның антропологиялық философиясы адамнан Құдайға өтеді. Ал хакім Абай үшін адамды жаратқан Құдай болғандықтан, адамның бойындағы адамдық табиғатпен емес, Аллаға деген сеніммен , махаббатпен анықталады.

Абайдың философиялық антропологиясының келесі өзіндік ерекшелігі дүниежүзілік философияда, әсіресе Шығыс философиясында кең тараған, «әмбебап адам», «жан-жақты жетілген адам» ілімінің көптеген нұсқаларының ішінде (герметизм мен гностицизмдегі Антропос, Каббаладағы Адам Кадмон , маздаизм мен зоростризмдегі Гейомарт, Ежелгі Үндінің діни философиясындағы Пуруша, Ежелгі Қытай философиясындағы Шэн-Жэнь, соның ішіндегі Конфуцийдің әлеуметтік идеал болып табылатын Цзюнь-Цзы, араб тілдік мұсылман Шығыс философиясындағы Әл-инсан, Әл-кәмил және Орта Азиялық Жәуанмәртілік ілімдер) өзіндік орындары бар. Абай адам мен кісі мәселесін жан-жақты, ауқымды қарастыру арқылы, өзінің кісілік философиясы арқылы жан-жақты жетілген «толық адам» тұжырымын  негіздеді. «Толық адам» ілімі тұрғысынан Абайдың өзінің қаншама «толық», жан-жақты жетілген адам екендігіне тағыда көз жеткізуге болады. Абайдың «толық адам» тұжырымында басқа философиялық жүйелермен сабақтастық, байланыстылық бар екендігін байқауға болады. Мұның өзі оның қаншама жан-жақты білімді, парасатты философ екендігі көрінеді. Мысалы, орта ғасырлық Шығыс мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі Әл-Газалидің пікірі бойынша, Құранда айтылғандай, адам Алланың көшірмесі, оның көмескі бейнесі . Адам да Алла сияқты көреді, естиді, … Абайдың  «Қара сөздерінің» 38-сөзінде де осы жайлы айтылады: «… Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандық бір лән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ- дәл бірдейлік дағуасы бір лән емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: «хаят(тіршілік),ғылым, құдірет (күш), басар (көру), сәмік (есту), ирада (тілеу, қалау), кәләм (сөздер), тәким (болу).

Бұл сегізінен Алла – тағалағыдай кәмалат- гәзамат (жетісу, үлкен) бір лән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты .» Абайдың пікірінше, Аллаға тән  негізгі 8 қасиет бар: тіршілік, ғылым, күш, көру, есту, тілек тілеу, сөз, бар болу. Осы қасиеттер адамға да тән, бірақ олар Алланың бойындағыдай жетілмеген. Егер бұл қасиеттер адамда да жетілген күйінде болса, онда Алла мен адамның арасында айырмашылық болмас еді.

Дәстүрлі қалыптасқан көз-қарас бойынша, Абайдың дүние танымдық және философиялық көз-қарастарының  қалыптасуына халқымыздың бай-мәдени мұрасы, Шығыс мәдениеті, соның ішінде араб, парсы, түрік халықтарының мәдениеті, батыс және орыс мәдениеттері үлкен әсер етті . Бірақ, сонымен қатар, Абай дүние танымына Қытай философиясының, ең алдымен, Конфуций философиясының әсері болды деп айтуға болады. Конфуций кезінде Шығыс философиясында кең тараған « Жан-жақты жетілген адам » ілімі шеңберінде — Цзюнь – Цзы « парасатты ер » ілімін негіздеді. Оның пікірі бойынша, парасатты ер деп білімді, парасатты, адамгершілігі мол, өзінің жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеге бағындыра білген, өзі үшін емес, ел, халық үшін өмір сүретін, өзінің бар болмысын соған арнаған адамды айтады. Парасатты ерге қойылатын талаптардың жоғарылығы соншама, тіпті оған жету, оған сәйкес келу өте қиын.

Сонымен , шындықта Абай әділеттілік, ізгілікті қайырымдылық, мейірімділік деп , ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді. Әділеттілік  — жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке негізделеді. Ешуақытта әділеттілік сезімдеріңді жоғалтпай, жақсылық жасаудан  шаршамаңдар деп үйретеді, себебі, әділетсіз иман да, адамгершілік те болуы емес. Ғылым мен даналық та адам бойында жақсылық пен адалдық қасиеттердің болуын үйретеді, яғни қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелейді. Абай бұл қасиет бпрлық адамдардың бойында бар дейді. Бірақ аз, төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап, тек қана игі , жақсы істерге жұмсалу керек.

Конфуций өзінің философиясында Цзюнь  — цзымен қатар «Сяо-жэнь» («кішкентай адам», «арам, жаман адам» деген мағынада) мәселесіне де көңіл бөлді. Конфуцийдің айтуы бойынша, «жақсы адам парыз туралы ойласа, жаман адам өзінің пайдасын ойлайды».

Бұл мәселе Абай философиясында пенде мәселесі арқылы сабақтастық тапты. Абай адам мен пенде мәселесін дүние мен жалған атты қарама-қарсы түсініктер арқылы ашуға тырысты. Егер де, дүние мәңгілік болса, жалған – уақытша, өткінші. Адам – осы дүниенің , мәңгіліктің туындысы болса, пенде – жалғанның , немесе күнделікті тіршілікті көрінісі. Сондықтан адам, оның бар болмысы ең алдымен адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық , ақиқат сияқты принциптерге негізделсе, пенде күнделікті күн көріс шеңберінен шыға алмайды. Абайдың пікірінше, тіршілікте ар сақтау да, жан сақтау да бар, әрине, Абай өзінің адамгершілік философиясы тұрғысынан ар сақтауды жан сақтаудан жоғары қояды. Адамның адамгершілігі, адамдық қасиетін жоғары ұстануы оны жан сақтауында емес, арын сақтауында. Абай: «ант ішіп күнде берген жаны құрсын, арын сатып тіленген малы құрсын, қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, қу тілмен құлық сауған зақы құрсын» , -деп немесе : «қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, өз күлкіңе өзің қарық болма бекер, ұятың мен арыңды малға сатып, ұятсыз да иман жоқ, түпке жетер», «абиыр қайда, ар қада? өз басыңа не пайда?»,-деп, ар, ұят, намыс ұғымдарына ерекше терең мән беріп, адамның адам болуындағы, жан-жақты жетілген адам болып қалыптасуындағы олардың ролін ерекше жоғары бағалайды. Абай осы ұғымдарға бір жақты қарамай, оларды күрделі философиялық этикалық категориялар ретінде қарап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, 36-сөзінде ұят категориясына философия тұрғысынан талдау жасайды, бір жағынан, ұят-надандықтың ұяты:« жас бала сөз айтудан ұялған сияқты, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға иеріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын терістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу- ақымақтық, жамандық». Мұндай ұят адамға қажет емес, ол адамның жетіліп, дамуына кедергі болатын, кері әсер ететін ұят . шын ұят болады, ол «Шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрді болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққаннан көргенде, сен ұялып кетесің . Мұның себебі , сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады…

Біреуі сонда ұят, Шариғатқа теріс, я ақылға , я абыройлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден , яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың , өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан да қалады. Ұят деген адам бойындағы өз адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойнына салып, сөгіп қылған қысының аты. Ол уақытта тілге тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді, мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар». Ұяттың бұл түрі ар, намысы бар адамдарға тән, ол адам бойында адамшылық қасиетті тәрбиелеудегі орны ерекше. Абай 14-сөзінде : « Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі , үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір текмермей кеткен кісі, тәуір түгіл ,әуелі адам ба ол өзі ?» деп осы мәселе бойынша өзінің ой толғанысын білдірген.

Қорытынды 

Қорыта келгенде, мен антропология ғылымының қыр-шетін ашуға тырыстым.  Адам туралы ілімнің шет-жағасын шалып өттім, дегенмен, Адам деген – ол бір микрокосмос, әр кезеңде көптеген ғұлама ойшылдар, хакімдер адамға деген, жалпы адамзатқа деген көз-қарастарын әр-түрлі қалыптастырған болатын, сонымен қатар, оған болашақта да  көңіл бөлмей қалдырмайды деп білемін. Сонымен,менің пайымдауымша, адамның мүмкіншіліктері шексіз, оның осы өмірдегі маңызы ерекше жоғары.

Кісі, тұлға – жетілген, кәмелетке жеткен адам. Жас нәресте де, бала да – адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ ол  кісі болған жоқ, кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан , ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады.Әрине, ондай адам әр-түрлі : азамат, тәрбиелі, зиялы адам да, маскүнем де, қылмыскер де, ел басшысы да болады. Әр кісінің тарихта алар орны әр-түрлі.

Егер адам белгілі бір мәнді өмірге ұмтылса, адамдық қасиеті бар болатын болса, одан бірақ мән адамды адам жасайды немесе адамды адам етеді.

Қолданылған әдебиеттер 

  1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973.
  2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық. – Шымкент, 2005.
  3. Философия тарихы: Оқулық / Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
  4. Malimetter.kz Қазақша рефераттар
  5. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008.