Загрузка...

Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі

Загрузка...

Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп те атайды. Несиелік ақшалар мен керенкилерден басқа Уақытша үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады.1920 жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) – ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды.Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен ейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналады. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т.б) тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты – бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оайлатты, ақша айналысын бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

Загрузка...