Загрузка...

Акциздің құрылу негізі

Загрузка...

Акциздің құрылу негізі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады .

Акциз салығын төлеушілер мыналар:

1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;

3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

4.Егер Қазақстан Республикасының зацдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тіркелінген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мүрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жузеге асыратын;

5.Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды түлғалар акциз төлеушілер болып табылады;

Айта кететін тағы бір жай, осы ережелерді ескеріле отырып, резидент емес заңды түлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеуші болып табылады;

Қазақстан Республикасының салық кодексі бойынша акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесіне мыналар жатады:

1.спиртің барлық түрлері;

2.алкоголь өнімі;

3.темекі бұйымдары;

4.ұрамында темекі бар басқа бұйымдар;

5.бекіре және қызыл балық уылдырығы;

6.алтыннан , платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік  бұйымдар;

7.бензин ( авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

8.жеңіл автөмобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

9.атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);

10.газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акциздедетін тауардар. Қазіргі уақытта акцизделетін қызмет түрлері бар, олардың қатарына мыналар жатады:

а) ойын бизнесі;

б) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу .

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді.

Алкоголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің бөлу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өңімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республпкасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі обьектілеріне белгілемеген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Акциз салығының обьектілеріне төмендегілер жатады:

Акциз төлеушінің өзі жасай шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа кұйылған акцизделетін тауарлар мен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

1)акцизделетін тауарларды өткізуі;

2)акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру;

3)алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;

4)жарғылық капиталға жарнасы;

5)заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы ;

6)тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

7)тауар өндірушілердің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарлардың өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

8)бензиңді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

9)бензинді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

10)тәркіленген және (немесе) иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет менішгіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

11) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

12) лотереяларды ұйымдастыру және өткізуі;

13) акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларынын бүлінуі, жоғалуы.

Салық кодексінің белгіленген талаптарына сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына салық салынбайды. Сонымен қатар бұл салық түрінен мыналар босатылады :

а) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндеп уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті

б)тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицеңзиясы бар болған жағдайпда емдік және формацевтік дері-дәрмек әзірлеу үшін;

в) мемлекеттік медецина мекемелеріне босатылса ;

г) түтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Казакстан Республикасының заңдарына сейкес дерілік құрал ретінде тіркелген, құрамыңда спирті бар медециналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнімге акциз салынбау тиіс.

Операция жасалған күн.

Салық кодексі бойынша барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөңелту (беру) күні операция жасаған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізгеп жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасаған күн болып табылады.

Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші керсеткен тұлғаға берген күн операция жасаған күн болып табылады .

Акцизделетін тауарларлы өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындаи пайдалануға берілген күн операция жасалған күн болып табылады .

Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарыда лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін өнім, акциз алымы маркалары бүлінген жағлайла бүлінген акцизделетін өнімді ( акциз алымы маркалары ) есептен шығару туралы акт жасаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады .

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизлелетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіденеді.

Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленелі.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосымша мәлімдеген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылған тіркелгеннен кейін ол өезгертілмеуге тиіс.

Егерде спирттің барлық түріне әртүтрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады .

Сонымен акциз салығының құрылу негізін қарастыра отырып, оның төлеушілерін, обьектілерін жене акцизделетін тауарлардың тізбесін атап өттік.

Загрузка...